Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарлама туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1994 ж. N 1081. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен табиғи ортаны табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарлама бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаның тапсырмалары мен шараларын жүзеге асыру жауапкершiлiгi мемлекеттiк басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiрiншi басшыларына жүктелсiн. 
      Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты үйлестiру мен оның орындалу барысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. 
N 1031  қаулысымен.  
      2. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, республиканың министрлiктерi мен ведомстволары Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен iс-қимыл жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiне сәйкес, орындалу мерзiмдерi мен материалдық және қаржылық шығындары көрсетiлген нақты шараларды 3 ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтетiн болсын. 
      3. Төтенше жағдайлардың зардабын жоюды жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады деп белгiленсiн. Ерекше реттерде төтенше жағдайлар жан-жақты және аймақтық ауқымда болған кезде жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тиiстi көмек көрсету туралы шешiм қабылдайды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. 
N 1031 қаулысымен. 
      4. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi жергiлiктi сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру мен олардың зардабын жою үшiн 1994 жылғы бастап жергiлiктi бюджеттердiң және бюджеттен тыс көздердiң есебiнен қаржы, материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, медициналық және басқа ресурстардың жергiлiктi төтенше резерв қорлары жасалуын көздейтiн болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi бағдарламаның шаралары жыл сайын облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен, министрлiктермен, ведомстволармен, мемлекеттiк компаниялармен және концерндермен пысықталатынын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қысқа, орта, ұзақ мерзiмдi болжамдарының және республикалық бюджеттiң жобаларымен үйлестiрiлетiнiн ескере отырып, Төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. 

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi 

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1994 жылғы 29 қыркүйектегi    
N 1081 қаулысымен        
Бекiтiлген           

             Төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл 
             жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарлама  

      Төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 8 шiлдедегi N 1218 қаулысын орындау үшiн әзiрленiп: 
      - төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жоюдың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытуға, тиiстi нормативтiк-техникалық база жасауға; 
      - объектiлердi авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан қорғау жүйесiн жетiлдiруге, оларды сенiмдi пайдалану талаптарына сәйкестендiруге; 
      - төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық резервтер жасауға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, авариялық-құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру құрамалары жұмыстарының әзiрлiгi мен тиiмдiлiгiн көтеруге; 
      - халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оны төтенше жағдайлар кезiндегi дағдылар мен ережелердi ұстауға оқытып-үйретуге, төтенше жағдайлардың қаупi туралы белгi-хабар беру жүйесiнiң сенiмдiлiгiн көтеруге; 
      - төтенше жағдайлардағы алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi Республикалық кешеннiң басқару, құқықтық және экономикалық  қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiруге;
     халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға бағытталған.

                     1. Жалпы ережелер

             I. Негiзгi ұғымдар мен терминдер

     1. Төтенше жағдай (ТЖ) - адам және материалдық шығындарға әкелген немесе әкелетiн авария, апат, табиғи немесе экологиялық зiлзалаларға, эпидемияға, эпизоотияға және эпифитотияға байланысты объектiде немесе белгiлi бiр аумақта (акваторияда) адамдардың қалыпты өмiр жағдайлары мен қызметiнiң бұзылуы. 
      Төтенше жағдайлар таралу ауқымына қарай:
      - жеке мәндiлiктi (зардабы қондырғымен, цехпен шектеледi);
      - объектiлiк (зардабы объектiмен шектеледi);
      - жергiлiктi (зардабы қаламен, ауданмен, облыспен шектеледi);
      - аймақтық (зардабы бiрнеше облыспен шектеледi);
      - кең ауқымды (зардабы республиканы, немесе республиканың бiр бөлiгi мен шектес елдердi қамтиды) болып тармақталады. 
      Төтенше жағдайлар пайда болу себептерi бойынша табиғи және техногендiк болып бөлiнедi. 
      2. Төтенше жағдайлардың алдын алу - төтенше жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы мен зардаптарын болжау, төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу, олар бола қалған жағдайда мүмкiндiгiнше шығынды шектеу немесе азайту, төтенше жағдайлардың ықтималдығы немесе сөзсiз болуы туралы басқару органдары мен халықты дер уақытында хабардар ету жөнiндегi, сол сияқты оның басталуы немесе тiкелей қатерi туралы хабарлау жөнiндегi шаралардың кешенi.
     3. Төтенше жағдайларды жою - адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн тiкелей қауiптi жою, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қалыпқа келтiру жөнiндегi авариялық-құтқару, авариялық-қалыпқа келтiру және 
басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу.

             II. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi
                            шаралар

Шараларды жүзеге асыруға             Ғылымминi, ҚазҰҒА, Экономминi,
жауапты министрлiктер, ведомст.      Құрылысминi, Азаматтық қорғаныс
волар, облыс (қала) әкiмдерi         штабы, Көлiк және коммуникация.
мен басқа да республикалық           лар министрлiгi, 
ұйымдар                              "Қазселденқорғау" өндiрiстiк
                                     бiрлестiгi, Қазгидромет, басқа
                                     да министрлiктер мен 
                                     ведомстволар, облыстардың 
                                     (қалалардың) әкiмдерi, 
                                     акционерлiк және холдинг
                                     компаниялар, концерндер
      Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар халықты, шаруашылық объектiлерi мен жердi қауiптi табиғи және техногендi құбылыстардың зиянды ықпалынан қорғау жөнiндегi iс-қимылдардың жалпы кешенiнiң маңызды буыны болып табылады. Бұл шаралар адамдар өмiрiн қауiпсiздендiруге, мүмкiн залалды елеулi түрде төмендетуге, ал жекелеген жағдайларда оны толық болдырмауға мүмкiншiлiк бередi. 
      Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға қауiптi құбылыстарды ғылыми зерттеулер, оларды болжамдау, жағдайды бақылау және басқалар жатады.

               2. Ғылыми зерттеулер 

      Қауiптi табиғи және техногендiк құбылыстарға ғылыми зерттеулер жүргiзу қажеттiлiгi олардың жиi қайталанатындығы мен жеткiлiксiз зерттелуiне байланысты. Зерттеулердiң басты бағыттары: 
      - қауiптi табиғи құбылыстардың белсендiлiгiнiң даму барысына бақылау жасауды қоса алғанда, аймақтық және жергiлiктi геоэкологиялық мониторингтiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу; 
      - геоақпараттық жүйе жасау, геоэкология және қауiптi табиғи құбылыстардың ақпараттық өңдеу мен сақтау әдiстерiнiң проблемалары бойынша мәлiметтер банкiлерi мен бiлiм базаларын жасау; 
      - қауiптi табиғи құбылыстардың және олардың қалыптасу ошақтарының кадастрларын жасау; 
      - қауiптi табиғи құбылыстар мен техногендi апаттардың қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың есебi мен болжамының, алдын алу, бақылау және қорғаныс құралдары шараларының әдiстерiн әзiрлеу; 
      сейсмикалық шыдамды үйлер мен ғимараттардың тиiмдi құрастырмалары және құрылыстардың сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есебi мен жобаларының, ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамыту болып табылады.

             3. Жағдайды байқау, бақылау, қауiптi 
            құбылыстарды болжамдау және хабар беру 

      Табиғи және өндiрiстiк объектiлердiң жай-күйiне саны мен сапасы бойынша жеткiлiктi режимдiк байқауларсыз, сол сияқты қауiптi құбылыстарды болжамдау бойынша тиiмдi әдiстер болмайынша төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкiн емес. Iс жүзiндегi сейсмикалық бақылаулар жүйесi бұл күнде республикада мейлiнше бiркелкi емес және сейсмикалық қауiп пен жер сiлкiнiсiн болжауға баға беру үшiн, сол сияқты басқа да қауiптi құбылыстарға бақылау жасау үшiн қажеттi материалдар алудың ауқымын қамтамасыз етпейдi. Олардың техникалық жабдықталуы көпшiлiк жағдайларда қазiргi заман талабына жауап бермейдi. Сондықтан басты назар байқау жүйесi объектiлерiнiң жаңасын жасауға және қолданылып жүргендерiн жаңартуға, қауiптi құбылыстарды болжамдау мен хабарлау әдiстерiн әзiрлеу мен жетiлдiруге аударылуы тиiс.

            4. Бақылау тораптарын құру және дамыту  

      Ұйымдық-техникалық жұмыстар мен әзiрлемелерi: 
      - сейсмикалық қауiпке баға беру, жер сiлкiнiстерiн болжамдау мен жер сiлкiнiстерiнен болатын зиянды азайту бойынша шаралар ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық сейсмологиялық қызметiн құруға; 
      - сейсмологиялық байқау мәлiметтерiн жинау жүйесiн, сондай-ақ Жердiң жасанды серiктерiн пайдаланып, апатты құбылыстарға жедел болжам жасауға; 
      - мейлiнше қауiптi аймақтардағы елдi мекендердiң құрылысы туралы деректемелер жинау жүйесiн жасауға; 
      - мейлiнше қауiптi аймақтардағы елдi мекендердiң құрылысы туралы деректемелер жинау жүйесiн жасауға; 
      - радиоактивтi нәрселермен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк талаптарын сақтау, радиоактивтiк жұқпа байқалған кезде шұғыл қауiпсiздiк шараларын қабылдауды қамтамасыз ету үшiн радиациялық жағдайға бақылау жасаудың бiрыңғай республикалық жүйесiн құруға; 
      - селдiк хабарлаудың автоматтандырылған жүйесiн жасауға; 
      - гидрометеорологиялық бақылау тораптарын кеңейту мен автоматтандыруға;
     - болжамдау ақпаратын жинауға арналған байланыс жүйесiн жетiлдiруге;
     - химиялық қауiптi объектiлерге, газ және мұнай кешенi кәсiпорындарына, iрi гидротехникалық құрылыстарға ерекше назар аударып, мейлiнше қауiптi өнеркәсiп және су шаруашылығы  объектiлерiн бақылау мен хабарлаудың жергiлiктi жүйелерiн  паспорттау мен құруға;
     - ерекше қауiптi жұқпалы аурулардың пайда болуының мүмкiн ошақтары туралы деректемелер жинау жүйесiн жасауға бағытталған.

             5. Қауiптi құбылыстарды болжаудың
            әдiстерi мен технологияларын әзiрлеу және енгiзу

      Бұл бағыттағы негiзгi жұмыстар:
      - техногендi апаттардың, мұның iшiнде қосымша әсерлердiң мүмкiн зардаптарына баға беру; 
      - табиғи және техногендi апаттардың зиянын азайту және олардың зардаптарын жою жөнiндегi алдын алу шараларын жоспарлау мен ықтималдандыру; 
      - табиғат апаттарын болжамдаудың ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi және қысқа мерзiмдi әдiстерiн әзiрлеу мен зиянды азайту бойынша алдын алу шаралары жоспарын ықтимал ету үшiн оларды пайдалану; 
      - болған апаттардың мөлшерiн анықтаудың, болған апаттардың зияны мен мүмкiн зардаптарына баға берудiң автоматтандырылған жедел әдiстерiн әзiрлеу, мұның iшiнде апат болған жерден тiкелей ақпарат болмаған кезде;
     - апаттардың зардаптарын жою жөнiндегi шаралар жоспарын жедел iс жүзiне асыру әдiстерiн әзiрлеу;
     - табиғи және техногендi апаттарды болдырмау әдiстерiн әзiрлеу;

            III Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше
              жағдайлардан болатын зиянды азайту және олардың
              зардаптарын жою жөнiндегi шараларды жоспарлау
              мен жүзеге асыру

Шараларды жүзеге асыруға        Азаматтық қорғаныс штабы,
жауапты министрлiктер,          Iшкiiсминi, Құрылысминi,
мемлекеттiк комитеттер,         Денсаулықминi, Бiлiмминi,
облыс (қала) әкiмдерi           Баспасөзминi, Мемматрезервкомы,
                                Қорғанысминi, Мемсуресурскомы,
                                Көлiк және коммуникациялар
                                министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда
                                министрлiгi, басқа да министрлiктер
                                мен ведомстволар, облыс (қала)
                                әкiмдерi, акционерлiк және холдинг
                                компаниялар, концерндер 
      Табиғи және техногендi авариялар мен апаттар жалпы жиынтығында адам мүмкiншiлiгiнiң шектеулiгiне байланысты iс жүзiнде мұғайым болдырмау мүмкiн емес оқиғалар болып саналады. Алайда олардың зиянды әсерi арнаулы алдын алу шараларын жүргiзу есебiнен елеулi түрде азайтылуы мүмкiн. Бұған бiрiншi кезекте ұйымдық және инженерлiк-техникалық қорғаныс шараларын жатқызуға болады. 
      Инженерлiк-техникалық шараларды жүргiзу инженерлiк әдiстер арқылы алдына авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде мүмкiн болатын зиянды елеулi дәрежеде азайту мақсатын қояды. Бұған құрылысты сейсмикалық орнықты және үйлер мен ғимараттарды берiк ету жөнiндегi жұмыстар, гидротехникалық, инженерлiк-геологиялық қорғаныс шаралары, коммуникациялар жүйесiн жетiлдiру бойынша жұмыстар мен өндiрiс объектiлер жұмыстарының қауiпсiздiгiн көтеру жөнiндегi шаралар кiредi. Бұл тым қымбат болғанымен, бiрақ өзiн әбден ақтайтын тәсiл болып табылады.

              6. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою 
              жөнiндегi органдар мен қызметтердi құру және
              жетiлдiру  

       Төтенше жағдайларға, авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың пайда болу себептерiнiң алдын алуға, олардың зардаптарын жоюға шұғыл көңiл бөлу мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi республикалық жүйе жетiлдiрiледi (ТЖ РЖ). Республикалық жүйенi дамыту жөнiндегi шаралар тiзбесiне: 
      - авариялық-құтқару, авариялық-қалыпқа келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу үшiн төтенше жағдайларды жоюға тартылған авариялық-құтқару қызметiнiң тұрақты түрдегi әзiрлiгiн жасау мен қолдау; 
      - төтенше жағдайларға жылдам икемделетiн көп салалы орталықтардың тiрек тораптарының қызметiн құру және қамтамасыз ету; 
      - шұғыл дәрiгерлiк көмек қызметiн құру және одан әрi дамыту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; 
      - республикалық және облыстық жедел-құтқару жасақтарын дамыту мен жабдықтау; 
      - республикалық, облыстық, аудандық, ведомстволық және объектiлiк деңгейлерде төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың iс-қимыл жоспарын әзiрлеу және оларды өзара байланыстыру; 
      - министрлiктерде, ведомстволарда, жергiлiктi басқару органдары мен шаруашылық объектiлерiнде табиғи және техногендi төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алудың кешендi бағдарламасын әзiрлеу кiредi.

           7. Төтенше жағдайлардың алдын алу және 
         iс-қимыл жасау бойынша халықты және мамандарды 
                     оқыту жүйесiн құру 

      Табиғи және техногендi апаттардан болатын республика халқының арасындағы шығынның алдын алу және азайту, республика шаруашылық кешенiнiң бiлiктi мамандарға сұранысын қанағаттандыру, басқару органдарының дайындығын арттыру мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау бойынша халықты және мамандарды оқытудың республикалық жүйесi құрылады, ол; 
      - төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау бойынша халықтың, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларының, жұмысшылар мен қызметкерлердiң, студенттердiң, оқушылардың, мектепке дейiнгi мекемелер балаларының жан-жақты дайындығын қамтамасыз етудi және олардың дайындығына бақылау жасауды жүзеге асыруды; 
      - жергiлiктi жағдайлар мен қазiргi заман талаптарын ескере отырып, төтенше жағдайлардағы халықтың, мамандардың, барлық деңгейдегi мамандардың дайындығы жөнiнде оқу бағдарламалары мен әдiстемелерiн, оқу құралдарын, компьютерлiк жүйелердi Қамтамасыз ету мен ендiрудi; 
      - оқу-материалдық базасын жетiлдiрудi, бейне техникаларды, компьютерлiк және автоматтандырылған оқу жүйелерiн ендiрудi; 
      - халықтың, мамандардың, барлық деңгейдегi басшылардың төтенше жағдайлардағы iс-қимылының дайындығына арналған өндiрiстiк тренажерлердi жасау мен игерудiң кешендi бағдарламасын әзiрлеудi; 
      - төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл және азаматтық қорғаныс бойынша жоғарғы оқу орындарында республиканың шаруашылық кешенiне арналған мамандар, ал гуманитарлық жоғары оқу орындарында "Тiршiлiк қызметiнiң негiздерi" бойынша оқытушылар даярлауды; 
      ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгiдегi жоғары оқу орындарында, жалпы бiлiм беретiн мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында, мектепке дейiнгi мекемелерде, басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтерудiң республикалық салааралық институтында оқу жоспарында дифференциалды сағат санымен "Тiршiлiк қызметiнiң негiздерi" курсын енгiзудi; 
      - төтенше жағдайлар проблемалары бойынша оқу кино және бейнефильмдердiң, мультфильмдердiң қажеттi санын, тақырыптамасы мен тиражын белгiлеудi, оларға тапсырысты, төтенше жағдайлардағы халықтың және басшылардың әзiрлiгi мен iс-қимылының тақырыптамасы бойынша қажеттi шетел бейнефильмдерiн сатып алуды, оны қазақ және орыс тiлдерiне аударуды ұйымдастыруды; 
      - төтенше жағдайлар жағдайында халықтың, барлық деңгейдегi басшылардың практикалық iс-қимылдарды игеруге бағытталған оқуларды әзiрлеуi мен жүргiзуi жөнiндегi бiрыңғай әдiстемелердi жасауды; 
      - төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл және азаматтық қорғаныс жөнiндегi республикалық жүйенiң оқу тәжiрибе кешенiн құруды; 
      - азаматтық қорғаныс институтын және республиканың облыстары мен қалаларында оның бөлiмшелерiн ашуды; 
      - төтенше жайғдайлар пайда болған жағдайда, жергiлiктi жағдайларды есепке ала отырып, халықтың барлық деңгейдегi басшылардың, жұмысшылар мен қызметкерлердiң, оқушы жастардың, мектепке дейiнгi балалар мекемелерi балаларының iс-қимылын жетiлдiру жөнiнде сейсможаттығулар мен жаттығулар және оқулардың басқа да түрлерiн жүйелi түрде ұйымдастыру мен жүргiзудi; 
      - төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға халықты оқыту жөнiнде жыл сайын айлық өткiзудi; 
      - жүйелi түрде телерадиохабарлар жүргiзудi, баспасөз органдарынан мақалалар, төтенше жағдайлар проблемалары бойынша кiтапшалар, естелiктемелер, плакаттар шығаруды ұйымдастыруды; 
      - сейсмикалық берiк құрылыс пен шағын қабатты жеке тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн көтеру жөнiнде үлгiлiк жобалау шешiмдерiнiң жинақтарын, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiнде қалыпқа келтiру жұмыстарын жүргiзу жөнiнде техникалық ұсыныстамалар әзiрлеу мен шығаруды; 
      - төтенше жағдайларда халықтың, мамандар мен басшылардың iс-қимылының дайындығы мәселелерi жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруды; 
      - азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мамандықтары бойынша офицер кадрларын даярлауға кандидаттарды ТМД елдерiнiң әскери оқу орындарында оқытуды көздейдi.

                  8. Төтенше жағдайларға арналған 
          материалдық-техникалық, азық-түлiк, дәрiгерлiк 
              және басқа да ресурстардың қорын жасау 

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мобилизациялық резервтерiнiң құрамында төтенше жағдайларға арналған резервтi жасау жөнiндегi жұмыстар авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде халықты қорғаудың кепiлдiгiн, шаруашылық объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған және: 
      - облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң, министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, ассоциациялардың және меншiк нысанына қарамастан экономикалық қатынастардағы басқа да субъектiлердiң төтенше жағдайлар жағдайында халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету және кезек күттiрмейтiн авариялық-құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру жұмыстарын жүргiзуi үшiн материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, дәрiгерлiк және басқа да ресурстарды, мемлекеттiк және мобилизациялық резервтер құрамында олардың көлемдерi мен мерзiмдерiн айқындауды; 
      - зардап шеккен халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз етуге және аймақтық және кең ауқымды төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде бiрiншi кезектi жұмыстар жүргiзуге арналған азық-түлiктердiң, арнаулы техникалық жабдықтардың мемлекеттiк резерв құрамында республикалық деңгейдегi қорын жасауды қарастырады. 
                 9. Республиканың авариялық-құтқару 
              қызметiн құру және материалдық-техникалық 
                         жарақтандыру 

      Қауiп-қатер және апаттар мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою кезiндегi азаматтық қорғаныс жөнiндегi күштер жүйесiн республиканың авариялық-құтқару қызметiн қалыптастыру мен дамыту: 
      - Iшкi iстер министрлiгiнiң өрт сөндiру бөлiмдерi мен авариялық-құтқару бөлiмшелерiн; министрлiктiң, ведомстволар мен кәсiпорындардың мамандандырылған авариялық-құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру бөлiмшелерiн; әскери бөлiмдердi және азаматтық қорғаныстың әскериленбеген құрамаларын; денсаулық сақтау министрлiгiнiң шұғыл дәрiгерлiк көмек құрамаларын; жедел-құтқару жасақтарын, материалдық-техникалық және кадрлық жағынан нығайтуды; 
      - республиканың авариялық-құтқару қызметiн техникамен, арнаулы құрал-жабдықпен, аспаптармен және приборлармен, мұның iшiнде құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру жұмыстарына арналған шетел өндiрiсi құралдарымен жарақтандыруды; 
      - республиканың, мұның iшiнде авариялық-құтқару қызметiн жарақтандыру үшiн конверсияланған өнеркәсiп кәсiпорындарында авариялық-құтқару техникалары, құралдар мен жабдықтар өндiрiсiнiң бағдарламасын әзiрлеп, жүзеге асыруды; 
      - құтқарушылар мен мамандарды шетелде оқыту мен тәжiрибеден өткiзудi көздейдi. 

                 10. Төтенше жағдайларда пайдаланылатын 
          байланыс және телекоммуникациялар құралдары жүйесiн 
                             жетiлдiру 

      Төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың зардаптарын тоқтату және жою жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылуын мемлекеттiк басқарудың республикалық орталық органдарының облыс, қажет болғанда қалалық және аудандық әкiмшiлiктермен және республикалық министрлiктер және ведомстволармен, өнеркәсiп және көлiк-энергетика кәсiпорындарымен, әртүрлi деңгейдегi кезекшi қызметтермен және ТЖ зардаптарын жоюға тартылған күштермен байланыс орнату үшiн ТЖ комиссияларымен өзара iс-қимыл болғанда ғана қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Байланыс және телекоммуникациялар жүйесiн дамыту; 
      байланыс пен хабар берудiң iс жүзiндегi барлық, мұның iшiнде ведомствоаралық, ведомстволық, әскери және арнаулы бағыттағы жүйелермен үйлестiру мен өзара iс-қимылды ұйымдастыруды; 
      қажеттi жабдықтарды, байланыс құралдарын, мұның iшiнде арнаулы байланысқа арналған телекоммуникацияларды алу мен пайдалануға енгiзудi; 
      ТЖМК, ТЖК мүшелерi мен ТЖАҚ қызметтерi, басқару органдары мен штабтардың басшыларына арналған жеке радиобайланыс пен радиоiздестiру хабарын берулердiң жеке құралдарымен қамтамасыз етудi; 
      - жылжымалы жедел топтары (штабтары), мобильдi байланыс тораптары және басқалары бар радиобайланыстың соталық жүйелерiн енгiзу мен пайдалануды қамтамасыз етудi; 
      - "Волна" ("Волна-П") схемасы бойынша төтенше жағдайларға арналған радиобайланысты, мұның iшiнде аймақтық радиобайланысты, командалық - штабтық машиналар мен байланыстың жылжымалы тораптарын жетiлдiру мен жаңғыртуды; 
      - радиобайланыстың төменгi және аймақтық құралдарын, мұның iшiнде ТЖ аудандары мен авариялық-құтқару және қалыпқа келтiру бөлiмшелерiнiң жол үстiндегi маршруттарында радиобайланысты қамтамасыз етуге арналған командалық-штабтық машиналар мен жылжымалы байланыс тораптарын жетiлдiрудi;
     - құжаттау жүйесi бар дауыскүшейткiш байланыстарды енгiзу мен оқиға орнынан тiкелей келiп түсетiн бейнеақпаратты пайдалануды; 
     баспасөзде          арнаулы бағыттағы байланыс құралдарын
     жарияланбайды       енгiзудi, ТЖ байланыс жүйесiн жетiлдiру
                         кезiнде мемлекеттiк құпияларды қорғауды
                         қамтамасыз ету мақсатында ақпарат пен
                         ақпарат қауiпсiздiгiн және т.б. қорғау
                         жөнiнде арнаулы әдiстер мен ережелердi
                         белгiлеудi;
     ТЖМК, ТЖК, байланыстың сандық торабындағы кезекшiлiк қызметтердiң абоненттерiнiң, телеграф және телефон байланысының, мұның iшiнде келешегi бар "Атлас" және ТМД АОАЖ деректемелерiн беруге арналған байланыс каналдарының автоматты түрде коммутаторланатын абонемент желiлерiнiң iске қосылуын қамтамасыз етудi;
     баспасөзде          төтенше жағдайларда халық пен мемлекеттiк
     жарияланбайды       басқару органдарын хабарландыру мәселелерiн
                         кешендi шешу мақсатында 1994-1995 жылдарға
                         арналған "Арал-93" хабарландыру мәселелерi
                         жөнiндегi арнаулы мемлекеттiк бағдарламада
                         көзделген шараларды жүзеге асыруды;
     ТЖРК байланысын ұйымдастыру жөнiнде қосымша ережелердiң әзiрлемелерi мен байланыс түрлерiне, жүйе торап, канал, кешендердi пайдалану принциптерiне және ТЖ байланыс құралдарына талаптарды, байланыс жүйелерi дайындығының әртүрлi режимдерiнде байланыстың әр түрiн берудiң және байланыс жүйесiн басқарудың қосымша тәртiбiн, лауазымды адамдардың қосымша мiндеттерi мен тiрек тораптары мен тiке байланыс бағыттарына дәнекер қосымша желiлердi қамтамасыз етудi; 
     баспасөзге          төтенше жағдайлардағы басқару бойынша
     жарияланбайды       Қазақстан Республикасы басшылығының
                         қызметiн қамтамасыз етуге арналған
                         байланыс, телекоммуникациялар мен
                         хабарландыру құралдарымен, жағдаяттар
                         залдарымен және шұғыл кезекшiлiк 
                         қызметiмен, ұжымдық пайдаланудағы 
                         ақпараттық көрiнiстеу құралдарымен,
                         ақпараттық-есептеу тораптарымен және т.б.
                         ("Алатау-ТЖ") жағдаяттық орталық құруды
                         қарастырады.

                 11. Төтенше жағдайлар жөнiндегi
          автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн құру
                           (ТЖ ААБЖ)

 
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi, ТЖРРЖ-нiң аса маңызды құрамдас бөлiгi болып саналады және ол республикалық, облыстық, ведомстволық және объектiлiк буындарды қоса алғанда оның барлық деңгейiндегi, басқару және ақпараттық қамтамасыз ету процестерiн автоматтандыруға арналған. 
      ТЖ ААБЖ; 
      - мемлекеттiк және салалық басқару органдарының, мониторингтiң, мемлекеттiк, аумақтық және салалық жүйелерi мен құралдарының, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға арналған басқару органдарының күштерi мен құралдарының ақпараттық-техникалық түйiсiмiн қамтамасыз ету; 
      - шешiмдер қабылдауда ақпараттық және интеллектуалдық қолдау жасауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 
      ТЖ ААБЖ-ны құру мен дамытудың негiзгi бағыттары: 
      - төтенше жағдайлардағы алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi күштер мен құралдарды басқарудың әдiстерiн, жоспарларын, схемаларын әзiрлеу; 
      - есептеу және қабылдау-тарату жобалау (техникалық базаны жетiлдiру телекоммуникациялар жүйесiн жасау мен қолдау); 
      - мониторингтiң автоматтандырылған жүйесiн құру және модерлендiру; 
      - бағдарламалық-технологиялық база жасау; 
      - деректемелер мен бiлiмдемелер жүйесiн жасау; 
      - проблемалық-бағдарламалық ақпараттық технологиялар құру болып табылады. 
      Техникалық базаны жетiлдiру: 
      - ТЖКМ есептеу тораптарын (республиканың мемлекеттiк басқару органдарының қала сыртындағы басқару пунктi торабын қоса алғанда), республика аумағында төтенше жағдайларда iс-қимылды қамтамасыз етуге арналған жағдай орталығын, республиканың Азаматтық қорғаныс штабын, ақпараттық-техникалық орталық (АТО) құруды, жабдықтау мен техникалық қызмет көрсетудi; 
      - ақпарат және байланыстың жылжымалы пункттерiнiң бағдарламалық-техникалық комплекстерiн (бұйымдарын) жасауды; 
      - байланыстың коммутаторланған және берiлген телефон каналдары бойынша ТЖМК, облыс әкiмшiлiктерiнiң, министрлiктер мен ведомстволардың есептеу тораптарының арасындағы төтенше жағдайлар жөнiндегi деректеме базаларына телекоммуникациялық қол жетушiлiктi ұйымдастыруды; 
      - радио және спутниктiк байланыс каналдары бойынша ТЖ туралы деректемелердi республикалық компьютераралық берудi ұйымдастыруды қарастырады. 
      Мониторингтiң автоматтандырылған жүйесiн құру мен модерлендiру өз қызметiнде: 
      - компьютераралық байланыс каналдары бойынша қоршаған ортаның жай-күйi жөнiндегi мониторинг деректемелерiн беру жүйесiн әзiрлеудi; 
      - космостық байланыс пен компьютерлiк технология негiзiнде республикада жұмыс iстеп тұрған сейсмологиялық бақылау тораптарын (сейсмостанцияларды, обсерваторияларды, бақылау пункттерiн) модерлендiрудi; 
      - селдi хабарлайтын автоматтандырылған спутниктiк жүйе құруды көздейдi. 
      Бағдарламалық-технологиялық база жасау үшiн; 
      - жүйелi бағдарламалық қамтамасыз етудi, тораптық бағдарламалық қамтамасыз етудi, қолданбалы бағдарламалардың телекоммуникациялар құралдарының сервистiк пакеттерiн қоса алғанда, есептеу тораптарының жұмыс iстеуi мен пайдаланылуы үшiн ақпараттар мен қолданбалы лицензиялық бағдарламалық құралдарды өңдейтiн озық технологияларды алуды; 
      - есептеу тораптарының жұмыс iстеуiнiң бейiмделуi мен ортақ жүйе құралдарының қоса жүруiн көздейдi. 
      ТЖ ААБЖ деректемелерi мен бiлiмдемелерi базасының жүйесiн қалыптастыру: 
      - деректемелер мен бiлiмдемелердiң тақырыптық базаларын жобалау, ақпараттық көрсеткiштердiң жиынтық және абоненттiк тiзбесiн қоса алғанда, табиғи зiлзалалар, iрi авариялар мен апаттар бойынша бөлiнген республикалық мәлiметтер банкiсiнiң қызметiн құру мен қолдауды; 
      - төтенше жағдайларды басқару жүйесiне арналған деректемелер базасын жасауды; 
      - ТЖРЖ басқару моделi мен жай-күйi бойынша бiлiмдемелер базасын жасаудың сараптама жүйесiн әзiрлеу; 
      - сейсмикалық мониторингтiң, табиғи мониторингiнiң, мейлiнше қауiптi объектiлер мониторингiнiң, ерекше қауiптi жұқпалы аурулардың мүмкiн ошақтары жай-күйiнiң мониторингiнiң деректемелiк және бiлiмдемелiк базасын жасауды; 
      - геоэкология проблемалары бойынша мәлiметтер банкi мен бiлiмдемелер базасын жасауды талап етедi. 
      Проблемалық-бағдарламалық ақпараттық технологияны қалыптастырудың құрамдас бөлiктерi болып: 
      - ТЖРЖ республикалық, облыстық, ведомстволық, объектiлiк буындарына арналған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша мамандардың автоматтандырылған жұмыс орындарын құру; 
      - ТЖРЖ автоматтандырылған қызметтiк мiндеттерiн әзiрлеу; 
      - ТЖ ААБЖ аумақтық буындарының үлгi жобаларын әзiрлеу; 
      - ТЖ ААБЖ қызметтiк ведомстволық мiндеттерiн әзiрлеу; 
      - шаруашылық кешенiнiң объектiлерiндегi авариялар кезiнде хал-ахуалды бағандау мен шешiмдер қабылдауды қолдаудың автоматтандырылған жүйесiн әзiрлеу болып табылады. 
      ТЖ ААБЖ негiзгi қызметтiк жүйе тармағының құрамына: 
      - инфрақұрылымның жай-қүйi мен халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесi үшiн хал-ахуалды байқау мен бақылау; 
      - қауiптi құбылыстар мен олардың зардаптарын болжамдау; 
      - ТЖ алдын алу жөнiндегi ұйымдастыру шаралары; 
      - ТЖ жеңу жөнiндегi органдар мен қызметтер құру; 
      - ТЖРЖ материалдық-техникалық және қаржылық базасын жасау; 
      - ТЖ зиянын азайту жөнiнде инженерлiк-техникалық шаралар; 
      - ТЖ зардаптарын жою кiредi. 

              12. Сейсмикалық төзiмдi құрылыс және үйлер 
             мен ғимараттарды сейсмикалық жағынан күшейту  

      Қазақстан Республикасының сейсмикалық аудандары республика аумағы жалпы алыңының 20% шамасын құрайды. Қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар, бағалы шикiзат және энергетикалық ресурстардың болуы бұл аудандарда республиканың өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы әлеуетiнiң елеулi бөлiгiнiң шоғырлануына әкелдi. Мұнда өнеркәсiптiк өндiрiстiк негiзгi қорларының 30% жуығы жиналған және ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жылдық көлемiнiң 30% жуығы өндiрiледi. Тұрғын үй қорының 35% астамы орналасқан, онда елдiң халқының 40% жуығы тұрады. 
      Күштi жер сiлкiнiстерiнiң пайда болу ықтималдылығы өсуiне байланысты, мүмкiн жер сiлкiнiстерiнен адамдар өмiрi мен материалдық құндылықтар үшiн қауiптi төмендету жөнiндегi мақсатты бағытталған жұмысты одан әрi жеделдету керек. Республикада қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық хал-ахуалды ескере отырып, республикалық бюджеттен де, жергiлiктi бюджеттерден де министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан да, сол сияқты азаматтардың жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзiлiп жүрген қаржылық қамтамасыз ету саясатын қайта бағдарлау қажет. 
      Жер сiлкiнiстер кезiнде халықтың, шаруашылық объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн арттыру жөнiндегi шаралар мынадай бағыттарды қарастыруы тиiс: 
      - жаңа құрылысты үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық берiктiгiн қамтамасыз ету; 
      - қазiр бар құрылыстардың үйлерi мен ғимараттарының сейсмикалық берiктiгi мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 
      - республика аумағын сейсмикалық шағын аудандастыру. 
      Сейсмикалық берiк құрылысты ғылыми-техникалық әзiрмелерге: 
      - сейсмикалық аудандарда құрылыс жұмыстары есептерiнiң, жобалануы мен өндiрiсiнiң нормативтiк базаларын жасау; 
      - сейсмикалық берiк құрылыстың тәжрибелiк-экспериментальдық базасын дамыту оны қазiргi заманғы, мұның iшiнде шетел зерттеу құралдарымен жабдықтау; 
      - республиканың ресурстық мүмкiншiлiктерiне бағдарланған өнеркәсiп үйлерi мен ғимараттарының жаңа сындарлы шешiмдерiн әзiрлеу; 
      - республикадағы жаңа тұрғын үй саясатын ескере отырып, тұрғын үй және әлеуметтiк, мәдени-тұрмыс объектiлерiне арналған үйлердiң жаңа құрастырмаларын әзiрлеу; 
      - эксперименталды жобалау мен құрылысты дамыту кiредi. 
      Қазiр бар құрылыстың үйлерi мен ғимараттарын сейсмикалық жағынан күшейту тұрғын үй, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық тұрғыдағы объектiлердiң, өндiрiстiк үйлер мен республиканың сейсмоактивтi аудандары аумағындағы құрылыстардағы сейсмикалық берiк ғимараттардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi әдiстер мен тәсiлдердi әзiрлеудi көздейдi. 
     Сейсмикалық шағын аудандастыру жұмысы:
     - елдi мекендердiң аумақтарының сейсмикалығын нақтылау;
     - құрылыс үшiн мейлiнше күмәндi аумақтардың сейсмикалығын айқындау;
     - аномальды кернеулi белсендi аймақтардың (геодинамикалық аймақтар) сейсмикалығын зерттеудi қарастырады. 

            13. Гидротехникалық және инженерлiк-геологиялық
                           қорғаныс шаралары

      Бұл жұмыстар:
      - ағын суларды жинағыштарды пайдаланудың сенiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыруды; 
      - iрi су қоймалары плотиналарының және басқа да су шаруашылығы құрылыстарының оларды су тасқындары шайып кетуiн немесе өзге де табиғи зiлзалалар қиратуын болдырмау мақсатында ескiштерi мен төменгi беткейлерiн нығайту жөнiндегi инженерлiк-техникалық шаралар жүргiзудi; 
      - Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты шаруашылық объектiлерiн, елдi мекендердi су басу мен су астында қалудан қорғау жөнiндегi шараларды; 
      - бекiтiлген бас қорғаныс схемаларына сәйкес республиканың әртүрлi аудандарында селге қарсы және басқа да қорғаныс құрылыстарының құрылысын; 
       - iс жүзiндегi селге қарсы кешендер мен басқа да қорғаныс құрылыстарының пайдалану сенiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар комплексiн орындауды қарастырады. 

            14. Коммуникациялар жүйесiн жетiлдiру 
      Жүк тасымалдау көлемiн ұлғайтуды, көлiктiң қозғалыс 

       қауiпсiздiгi мен көлiктегi төтенше жағдайларды азайтуды қамтамасыз ету үшiн:
      - жаңа темiржолдар құрылысын жүргiзу;
      - Ұзынағаш-Қапшағай учаскесiнде айналма темiр жолды жобалау мен құрылысын жүргiзу; 
      - Шу-Алматы-Сарыөзек, Екiбастұз-Павлодар, Тобыл-Железнорудное темiржолдары учаскелерiн электрлендiру; 
      - республикалық және жергiлiктi мәндегi, автомобиль жолдарының құрылысын жүргiзу және қайта құру; 
      - көпiрлердiң құрылысы және өткiзу қабiлетi мен жүк  көтерiмдiлiгiн арттыру;
      - темiржол және автомобиль жолдарының жүк тасымалы ауыр 
тоғыстарына жолға шығарып салу құрылыстарын;
      - әуе көлiгiне арналған қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесiнiң бiрыңғай орталығын құру; 
      - сейсмикалық қауiптi аймақтардағы аэродромдарға баратын резервтiк жолдардың құрылысын; 
      - жекелеген цистерналар мен ақаулар табылған кезде (күштi әсер ететiн улы заттардың ағуы, булануы) мейлiнше қауiптi жүктерi бар темiржол составтарының уақытша тұратын (сақталатын) аудандары мен нақты орындарын белгiлеу мен жабдықтау және апаттық жағдайларды және оның зардаптарын жою жөнiндегi басқа да шаралар жүргiзу көзделедi. 
      Алматы қаласында Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң орталық басқару пунктiн ұйымдастыру. Дербес энергия көздерi жетiспейтiн сейсмикалық қауiптi аймақтарда орналасқан байланыс объектiлерiн жарақтау.

               15. Қауiптi өндiрiстiк объектiлер 
                        бойынша шаралар 

      - газбен жабдықтау жүйесi қызметiнiң орнықтылығын арттыру; 
      - газ толтыру станцияларын қайта құру; 
      - Алматы қаласының сейсмикалық сызатты аймақтарындағы сұйытылған газдың топтық резервуарлық жарасты қоймаларын бөлектеу;
      - сұйық хлорды сақтауға арналған қоймаларды жобалау мен қайта құру;
      - мейлiнше қауiптi объектiлерде қорғаныс және авариялық  жағдайларды жою жүйесiн жетiлдiру, технологиялық қауiпсiздiктi арттыру; 
      - өрттердi болдырмау бойынша шаралар жүргiзу; 
      - мұнай және газ өнеркәсiбi объектiлерiндегi төтенше  жағдайлардың зардаптарын шұғыл жою жөнiнде сенiмдi қорғаныс құру мен практикалық шаралар әзiрлеудi қарастырады. 

     IV. Төтенше жағдайлардын алдын алу және iс-қимыл жасау
       жөнiндегi республикалық жүйенi құқықтық жағынан               қамтамасыз етуге арналған заң актiлерiн дайындау

Шараларды жүзеге асыруға         Әдiлетминi, Азаматтық қорғаныс
жауапты министрлiктер,           штабы, Iшкiiсминi, Экономминi,
мемлекеттiк комитеттер,          Денсаулықминi, Әлеуметминi, басқа
ведомстволар                     да министрлiктер мен ведомстволар,
                                 облыс (қала) әкiмдерi 
      Iрi авариялар, экологиялық апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiндегi халықтың қауiпсiздiгiн, экономиканың орнықтылығы мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн процестердi мемлекеттiк басқару бүгiнгi күнге дейiн негiзiмен алғанда әкiмшiлiк әдiстермен жүзеге асырылып келдi. 
      Нарықтық қатынастардың дамуы және республиканың мемлекеттiк егемендiгi мен тәуелсiздiгiн жүзеге асыру бұл жұмыстың сенiмдi құқықтық қамтамасыз етiлуiн, заңдық реформалар процесiнде құқықтық реттеудiң өз алдындағы бiр саласы - төтенше жағдайлардағы алдын алу және iс-қимылдың ерекше болуын табанды түрде талап етедi. 
      Аталмыш жұмысты жүзеге асыру мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жөнiндегi республикалық жүйенi құқықтық қамтамасыз етуге арналған бiрқатар заң жобаларын әзiрлеу көзделiп отыр. 
      Олардың iшiндегi: 
      - авариялардан, апаттар мен табиғи зiлзалалардан халықты, табиғи орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау туралы; 
     - авариялық-құтқару қызметi туралы;
     - құтқарушының мәртебесi туралы;
     - азаматтық қорғау туралы;
     - радиациялық қауiпсiздiк туралы заңдар бiрiншi кезектегi болып саналады.
     Аталған пакеттердi, сол сияқты бiрқатар қосымша заң жобаларын жүзеге асыру халықты, табиғи ортаны және шаруашылық объектiлерiн төтенше жағдайлардан қорғаудың негiзгi принциптерiн орнықтыруға, авариялық-құтқару және қалыпқа келтiру жұмыстарын жүргiзудi  ұйымдастыру мәселелерiн жеделiрек шешуге мүмкiндiк бередi. 

             V. Халықаралық ынтымақтастық

Шаралардың жүзеге асырылуына       Ұлттық ғылым академиясы,
жауапты министрлiктер,             Бiлiмминi, Табиғи зiлзалалардың
мемлекеттiк комитеттер,            қаупiн азайту бойынша БҰҰ-ның
ведомстволар                       халықаралық Онжылдығын өткiзу
                                   жөнiндегi республикалық комитет,
                                   Азаматтық қорғаныс штабы, басқа 
                                   да министрлiктер мен 
                                   ведомстволар, облыс (қала)
                                   әкiмдерi
      Қауiптi табиғи және техногендi құбылыстар кең ауқымда таралу мәнiне ие. Әлемнiң көптеген елдерiнде үлкен тәжiрибе жинақталған және табиғи зiлзалалар мен апаттардан қорғау жөнiнде практикалық шаралар жүргiзiлiп келедi. 
      БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 22 желтоқсандағы 44/236 қарарымен 90-шы жылдары табиғи зiлзалалардың қаупiн азайту жөнiндегi халықаралық Онжылдық деп жариялады. 
      Төтенше жағдайлардағы iс-қимылды жетiлдiру мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жұмсартуға және оларға әзiрлiктi ұлттық деңгейде қамтамасыз етуге Онжылдықтың маңызды үлес қосуға қабiлетi барлығын мойындап, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында республиканың халықаралық Онжылдыққа қатысуы және тиiстi бағдарламаларды орындауы бойынша пiкiрлер мен ұсыныстамаларды әзiрлеу жөнiндегi бас үйлестiру ұйымының қызметi берiлiп, табиғи зiлзалалардың қаупiн азайту бойынша БҰҰ-нының халықаралық Онжылдығын жүргiзу жөнiндегi республикалық комитет құрылды. 
      Халықаралық ынтымақтастық шараларын жүзеге асыру: 
      төтенше жағдайлар саласында Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық келiсiмдер мен конвенциялардан туындайтын мiндеттемелердi орындауға тараптардың қатысуының шарттары мен тәртiбiн дайындауды; 
      Қазақстан Республикасының халықаралық конвенцияларға қосылуын және оны жүзеге асыру жөнiнде практикалық шаралар қабылдауды; 
      Алғашқы кезеңде бұл: 
      - трансшекаралық мағынадағы қоршаған ортаға ықпалға баға беру туралы Конвенция (1991 жыл); 
      - өнеркәсiп апаттарының трансшекаралық ықпалы туралы Конвенция (Хельсинки, 1992 жыл); 
      - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласында маманданған халықаралық ұйымдарға кiру; олар - Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы (АҚХҰ), Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дамыту бағдарламасы (БҰҰДБ); 
      - мемлекетаралық және халықаралық ауқымда деректемелердiң салыстырмалылығын қамтамасыз етiп, төтенше жағдайлардың зардаптарын бағалаудың ортақ тәсiлдерiнiң, бiрыңғай әдiстемелерiнiң, өлшемдерi мен процедураларының келiсiлген саясатын әзiрлеудi; 
      - төтенше жағдайлар саласында үйлестiрiлген iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзудi, мемлекетаралық (халықаралық) ақпараттық жүйенi құру мен жұмыс iстеуiн; 
      - төтенше жағдайларды болжамдаудың, олардың зардаптарын бағалаудың, авариялық-құтқару және авариялық-қалыпқа келтiру жұмыстарын ұйымдастырудың озық әдiстерi мен әдiстемелерiн әзiрлеу және енгiзу үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарды, фирмаларды, жекелеген мамандарды тартуды; 
      - шетел мамандарын тарту жолымен төтенше жағдайлардың, олардың алдын алу және зардаптарын жою проблемаларын шешуде халықаралық тәжiрибенi кең пайдалануды, Қазақстанның төтенше жағдайлар саласындағы студенттердiң, ғалымдар мен мамандардың конференцияларға, семиналарға, симпозиумдарға қатысуын, бiлiктiлiгiн көтеру үшiн шетелге оқуға жiберiлуiн, тәжрибеден өтуiн; 
      - Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардан қорғау мен алдын алу саласында нақты бағдарламалар мен жобалардың шешiмiн табуға көмек қорлары мен халықаралық ұйымдардан барынша мүмкiн қаржылық қаражаттарды тартуды қарастырады. 
     Табиғи және техногендi төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында өзара iс-қимыл туралы көпжақты және екiжақты үкiметаралық келiсiмдерге қол қойылуды әзiрлеп, қамтамасыз ету қажет.

             VI. Қаржыландыру шарттары

Шараларды жүзеге асыруға         Экономминi, Қаржыминi, басқа да
жауапты министрлiктер,           министрлiктер мен ведомстволар,
мемлекеттiк комитеттер,          облыс (қала) әкiмдерi
ведомстволар
      Қазақстанда төтенше жағдайлар проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастыру үшiн де, сондай-ақ бағдарлама бойынша көзделген бiрiншi кезектегi ұйымдастыру және инженерлiк-техникалық жұмыстарды орындау үшiн де жеткiлiктi интеллектiлiк әлеует пен практикалық тәжiрибе бар. 
      Өнеркәсiп авариялары мен апаттарының алдын алу, табиғи зiлзалалар мен олардың зардаптарының шығынын азайту жөнiндегi шараларды қаржыландыру жергiлiктi бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлардан және салалық көздерден (министрлiктердiң, ведомстволардың, мемлекеттiк және шаруашылық басқарудың басқа да органдарының резерв қорларынан, кәсiпорындардың мекемелер мен ұйымдардың жеке өз қаражаттарынан, ал ерекше жағдайларда - республикалық бюджеттiң және басқа да мемлекеттiк орталықтандырылған көздердiң есебiнен жүзеге асырылады. 
      Егер мүмкiн төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелiнiң немесе болған авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың деңгейi таралу ауқымы бойынша жеке объектiлiк және жергiлiктi мәндi ретiнде жiктелген болса, онда аумақтық және салалық көздер төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi шараларды орындауды қамтамасыз ететiн көлемде қалыптасады. 
      Өндiрiстiк объектiлердiң, технологиялық желiлердiң пайдалану қауiпсiздiгi мен оларда төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу жөнiндегi шаралар кәсiпорындар мен ұйымдардың есебiнен қаржыландырады. 
      Республикалық бюджеттен және басқа да мемлекеттiк орталықтандырылған көздерден қаражат жүргiзiлген ғылыми-техникалық, ғылыми-практикалық, жобалау-iздестiру, ұйымдастыру және инженерлiк-техникалық шаралардың республикалық немесе Қазақстанның бiрнеше аймағы үшiн ортақ мәнi бар болған жағдайларда бөлiнедi. 
      Бағдарламаның қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады