Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 7 қазан N 1124. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.19. N 753 қаулысымен.

      "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының құрылымын жетiлдiру және оларды ұстауға жұмсалатын шығынды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 1795 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi туралы Ереже N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi және оған облыстардағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы тiкелей бағынышты басқармалар, сондай-ақ облысқа бағынышты аудандар мен қалалардағы бөлiмшелер мемлекеттiк қаржы-бақылауының бiрыңғай жүйесiн құрайды және республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы таратылған Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң құқықты мирасқоры деп есептелсiн. Оның қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi үшiн белгiленген еңбек ақы төлеу тәртiбi мен шарты сақталсын.
      4. Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң органдары қызметкерлерiнiң саны 2975 адам, оның iшiнде орталық аппарат қызметкерлерiнiң саны 170 адам көлемiнде /күзет пен қызмет көрсетушi қызметкерлер санын қоспағанда/ белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiне және оның жергiлiктi жердегi органдарында республикалық бюджет қаражаты есебiнен осы органдардың еңбек ақы қорының 25 процентi мөлшерiнде материалдық көтермелеу және әлеуметтiк даму қорын құруға рұқсат етiлсiн.
      Осы қорды пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi белгiлейдi.
      6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң орталық аппаратының құрылымы N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiне Төрағаның 4 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар және 9 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. Алқаның құрамына Комитеттiң Төрағасы /алқа төрағасы/, лауазымы бойынша оның орынбасарлары және орталық аппаратының басшы қызметкерлерi кiредi. Алқаның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң орталық аппараты үшiн қызмет бабында пайдаланатын 5 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарға құрылыс салу министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiне қызмет бабында пайдалану үшiн өздерi шығаратын нұсқамалықтарды, нұсқауларды және әдiснамалық сипаттағы басқа да ведомстволық актiлердi жiберiп тұратын болсын.
      10.
      Ескерту. 10-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.12.
               N 813 қаулысымен.
      11. Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi мен оның жергiлiктi органдары үшiн тұрғын үйлер, қызмет ғимараттары мен әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер салуға жыл сайын қаражат қарастырылсын.
      12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi мен Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген заңдарға қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көздейтiн заңдардың жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынсын.
      13. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 15 қазандағы N 864 "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң мәселелерi" /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992ж., N 40, 593-бап/ қаулысының;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 маусымдағы N 482 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 23, 285-бап/ күшi жойылды деп табылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi



                                      Қазақстан Республикасы



                                      Министрлер Кабинетiнiң

                                      1994 жылғы 7 қазандағы

                                       N 1124  қаулысына

                                       N 1 қосымша



 
 
               Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                  қаржы-бақылау комитетi туралы
                             ЕРЕЖЕ
              I. Жалпы ережелер
 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен бюджеттiк мекемелердiң қаржылық-шаруашылық заңдарға сәйкес бақылау жасайтын мемлекеттiк басқарудың орталық органы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi өзiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi қаржы бақылауын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзедi.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi құрамына облыстардағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы өзiне тiкелей бағынышты басқармалар және аудандар мен облысқа бағынышты қалалардағы бөлiмшелер кiретiн ұйымдастырушы орталық аппараттан тұрады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң аумақтық органдары өз қызметiн депутаттарын жергiлiктi мәслихат-жиналыстарымен және әкiмшiлiктерiмен үйлестiре отырып жүзеге асырады, оларға жүргiзiлiп жатқан тексерiстер мен тексерулердiң нәтижелерi туралы дүркiн-дүркiн баяндайды, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне заңдылықтың бұзылуын қалпына келтiру және алдын алу, ақшалай қаражаттың, материалдық құндылықтардың, басқа да мүлiктiң жетiспеуi, ысырап етiлуi мен ұрлануының орнын толтыруға шаралар қолданады, лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалануын жоюға және олардың алдын алуға бағытталған ұсыныстар енгiзедi.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң бөлiмшелерi өздерiнiң жұмысын құқық қорғау және басқа бақылаушы органдармен тығыз байланыста жүргiзедi.
      Бақылау-тексеру жұмысының қатарласуы мен қосарлануына жол бермеу мақсатымен ведомстволық бақылау қызметтерi ведомстволық бағыныштағы кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде тексерiс жүргiзу мен тексеру жоспарларын тиiсiнше Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiмен және оның жергiлiктi органдарымен келiседi.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi органдарындағы жұмысқа қаржы, бухгалтерлiк есеп, экономика және құқық саласындағы неғұрлым бiлiктi мамандар тартылады. Бұл органдарға жұмысқа алынатын адамдар лауазымға тағайындау кезiнде, сонан соң дүркiн-дүркiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен аттестациядан өткiзiледi.
 
                II. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
                    қаржы-бақылау комитетiнiң мiндеттерi мен
                                  функциялары
      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен бюджеттiк мекемелердiң, оның iшiнде республикадан тыс жерлерде жұмыс iстейтiндерiнiң де, қаржы-шаруашылық қызметiне қаржы бақылауын ұйымдастыру, мемлекет мүдделерiн оның меншiгiне қол сұғушылықтан, бөлетiн қаражат пен ресурстарды ысырап ету дұрыс пайдаланбаушылықтан қорғау;
      сыбайлас жемқорлыққа және экономика саласындағы қылмыстарға қарсы құқық қорғау органдарымен тығыз өзара iс-қимылда күрес жүргiзу;
      кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда ұрлықты, жетiспеушiлiк пен ысырапшылықты алдын алу мақсатымен мемлекеттiк қаражат пен ресурстардың, соның iшiнде шетелдiк валюта қаражатының ұтымды пайдалануы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекетпен қаржылық өзара қарым-қатынастарын жетiлдiру, есеп-қисап әдiстемесi мен бақылауды ұйымдастыру жөнiнде тексерiстер мен тексерулер материалдарын қорытындылаудың негiзiнде ұсыныстар әзiрлеу.
      Ескерту. 5-тармақтың екiншi абзацынан сөздер алынып тасталған-
               ҚРМК-нiң 1995.08.02. N 1069 қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi мен оның жергiлiктi органдарына алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатымен мынадай негiзгi функциялар жүктеледi:
      министрлiктерде, ведомстволарда, қауымдастықтарда, консорциумдарда, концерндерде, банктерде, бiрлестiктерде, ұйымдарда, мекемелерде, кооперативтерде және шаруашылық жүргiзушi басқа да субъектiлерде заңдылыққа сәйкес тақырыптық тексеру жүргiзу, мемлекеттi ақшалай қаражат пен тауар-материалдық құндылықтардың сақталуына, қаржы-шаруашылық қызметiне дүркiн-дүркiн тексерiс пен тексеру жүргiзу;
      мемлекеттен алынған жәрдем қаржының қаржыландыру қаражатының, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан келiсiм-шартпен алынған қаражат пен мүлiктiң мақсатты пайдалануына, сондай-ақ азаматтардың хаттарына, арыздары мен шағымдарына байланысты жекеменшiк кәсiпорындарда, фермерлiк және шаруа қожалықтарында және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде, соның iшiнде шетелдiк заңды ұйымдар мен жеке адамдардың қатысуымен құрылған бiрлескен кәсiпорындарда және республика аумағында жұмыс iстеп тұрған шетелдiк кәсiпорындарда өз құзырында және қолданыстағы заңға сәйкес тексерулер жүргiзу;
      валюталық бақылаудың басқа органдары мен агенттерiнiң қатысуымен валюталық, экспорттық-импорттық және басқа сыртқы экономикалық операциялар бойынша есеп пен есептеменiң толықтығы мен объективтiлiгiне тексеру, сондай-ақ резиденттердiң Қазақстан Республикасының валютасымен байланысты операцияларына тексеру жүргiзу;
      Қазақстан Республикасына халықаралық шарттар мен келiсiмдер негiзiнде берiлетiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк беретiн шетелдiк валюта түрiндегi кредиттер мен займдардың, сондай-ақ гуманитарлық көмектiң тиiмдi пайдалануына тексеру жүргiзу; бағалы қағаздарды шығарудың, есепке алудың және олардың айналымының, ақшалай-заттай лотереялар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi басқару органдарының, басқа да мекемелер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қолданыстағы заңға сәйкес сақтауын бақылау;
      тексерiстер, тексерулер, түгендеулер жүргiзу, заңда көзделген тәртiппен сот, прокуратура, тергеу органдарының және жауап алу органдарының қаулылары бойынша сараптар жүргiзу;
      Мемлекеттiк, бюджеттен тыс және қоғамдық қорлар қаражатының мемлекеттiк көздерден түскен бөлiгiнде тиiмдi жұмсалуына тексерiстер мен тексерулер жүргiзу;
      өкiмет пен басқару органдарының тапсыруы бойынша мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына дүркiн-дүркiн тексеру жүргiзу;
      ведомстволық тексеру қызметтерiнiң қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау және оны бақылау;
      мемлекеттiк қаражат пен ресурстардың, соның iшiнде валюталық қаражаттың мақсатты да тиiмдi пайдалануына, үнемдеу тәртiбiн қамтамасыз етiлуiне бағытталған ұсыныстар әзiрлеу;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекетпен қаржы жөнiндегi өзара қатынастарын жетiлдiруге, кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда валюталық-қаржы қаражаты мен мүлiктiң орынсыз пайдалануы және ұрлануы фактiлерiнiң алдын алу мақсатымен есептеу, бақылауды ұйымдастыру әдiстемесiн әзiрлеу;
      қаржылық сауықтыру, дағдарысты жою және республиканың экономикасын нығайту, есеп айырысу-кредит және валюта-қаржы тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеуге қатысу;
      меншiктi мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру кезiнде белгiленген тәртiптiң және мемлекеттiң экономикалық мүдделерiнiң сақталуын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп тексерудi, ал қажет болған жағдайда дербес тексерудi жүзеге асыру;
      қарамағындағы бөлiмшелердiң жұмысын ұйымдастыру, оларға әдiстемелiк көмек көрсету, оларда тексеру мен зерттеу жүргiзу, кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, бақылау-тексеру жұмысының оң тәжiрибесiн зерттеу және оны жүйе қызметкерлерiнiң арасында тарату.
      7. Тексерiстер мен тексерулер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң жеке бастамасы бойынша да, қазақтан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, жергiлiктi әкiмдердiң тапсыруы бойынша да, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ұсынуы бойынша да, азаматтардың хаттары, арыздары мен шағымдары бойынша да тағайындалады.
      Бұл орайда республиканың сот органдарының, прокуратура, iшкi iстер мен ұлттық қауiпсiздiк органдарының ұсынуы бойынша тағайындалатын тексерiстер олардың жоспарда бар екенiне немесе белгiлi бiр объектiде бұрынғы тексерiстер мен тексерулердiң аяқталу мерзiмiне қарамастан бiрiншi кезекте жүргiзiледi.
 
              III. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                   қаржы-бақылау комитетiнiң құқықтары
 
      8. Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi мен оның жергiлiктi органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруды мынадай құқықтарға ие:
      тексерiлетiн объектiлерде кез келген нормативтiк сипаттағы құжаттаманы, жоспарларды, сметаларды, есептердi, бухгалтерлiк, қаржылық және банк құжаттарын, қолда бар нақты ақша қаражатын, бағалы қағаздар мен материалдық құндылықтарды тексеруге;
      меншiк иесiнiң, не оның өкiлiнiң немесе ол өкiлеттiк берген адамның қатысуымен өндiрiстiк, қойма және басқа үйлердi қарап шығу, түгендеудi ұйымдастыру, орындалған жұмыстарды қадағалап өлшеу, шикiзатты өндiрiске қадағалап қосу, шикiзат пен дайын өнiмнiң сапасын және стандарттарға сай келуiн лабораторияға зерттеу үшiн сынамалық iрiктеп алу, кассаларға, қоймаларға және тауар-материалдық құндылықтар сақталған басқа да орындарға сүргi салуға;
      тексерiлетiн мекемелер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшылары мен басқа да қызметкерлерiнен тексерiс пен тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша жазбаша түсiнiктер берудi талап етуге және оларды алуға;
      қолдан жасалған, жалған құжаттар мен басқа да жолсыздықтар анықталған жағдайда кейiннен құқық қорғау органдарына табыстау үшiн акт бойынша қажеттi құжаттардың түпнұсқаларын алып, оларды расталған көшiрмелерiн немесе алынған құжаттардың тiзбесiн қалдыруға;
      банктер мен басқа да кредит мекемелерiнен тексерiлетiн объектiлердiң операциялары және есепшоттарының жай-күйi туралы қажеттi мәлiметтер алуға;
      тексерiстер мен тексерулерге қатысу үшiн қаржы органдарының, салық инспекцияларының, банктердiң, сондай-ақ басқа да кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мамандарын тартуға;
      тексерiстер мен тексерулер барысында тексерiлетiн кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларымен бiрлесiп, қаржы тәртiбiнiң, бухгалтерлiк есептi жүргiзу тәртiбiнiң анықталған бұзылуын, қаражаттың заңсыз жұмсалуын жою жөнiнде қажеттi шаралар қолдану;
      тексерiстер мен тексерулер материалдары бойынша министрлiктерге, ведомстволарға, мекемелер мен шаруашылық субъектiлерге ашылған жолсыздықтарды жою және оларды алдағы уақытта болдырмау, кiнәлi адамның есебiнен зиянды өтеу туралы орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге;
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мекемелер жолсыздықтарды жою және зиянды өтеу туралы нұсқауларды орындалмаған немесе тексеруге жiбермеген, немесе оны жүргiзуге қажеттi құжаттарды беруден, құндылықтарды түгендеудi ұйымдастырудан бас тарту жолымен оны жүргiзуге бөгет жасалған, оның материалдарын қараудан және оларға қол қоюдан жалтарған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң органдары оларға қызмет көрсететiн банктерге осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мекемелердiң есеп айырысу және басқа есепшоттары бойынша операцияларды жол берiлген жолсыздықтар толық жойылғанға немесе зиянды өтеу жөнiндегi заңда көзделген шаралар қолданылғанға дейiн тоқтату /оқшаулау/ туралы уәждi табыстама жiбередi;
      тексерiстер мен тексерулер кезiнде анықталған жетiспеушiлiктер, ысыраптар, ұрлықтар мен жолсыздықтар туралы материалдарды тергеу органдарына жолдайды.
      министрлiктер, ведомстволар, басқарудың шаруашылық органдары үшiн тексерiстер мен тексерулер нәтижелерiнiң есебiн жүргiзу тәртiбiн және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, бақылау-тексеру жұмысы бойынша есеп-қисап нысандары мен оны табыстау мерзiмiн белгiлейдi;
      тексерiстер кезiнде анықталған белгiленген тәртiптi бұзу салдарынан бюджеттен артық алынған қаражатты, сондай-ақ қаржыға байланысты басқа да бұрмалаушылықтар салдарынан мемлекетке келтiрiлген зиянның сомасын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, банктерге және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қаржы санкциялары мен әкiмшiлiк айыппұлдар қолдау арқылы заңды тұлғалардың есепшоттарынан даусыз және бiрiншi кезекте өндiрiп алу жөнiнде банк мекемелерiне, басқа да қаржы-кредит мекемелерiне өкiм бередi;
      Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң шет елдiк әрiптестермен есеп айырысуын анықтау үшiн тиiстi шет елдiк қызметтермен олардың көмегiмен анықталған бүркемеленген немесе жасырылған ақшалай түсiмнiң немесе басқадай келтiрiлген зиянның сомасы есебiнен ақы төлеу арқылы өзара iс-қимыл жасайды.
      Ескерту. 8-тармақтың он үшiншi абзацының сөздер алынып
               тасталған - ҚРМК-нiң 1995.08.02. N 1069 қаулысымен.
 
               IV. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қаржы-бақылау
                   комитетiнiң мiндеттiлiгi мен жауапкершiлiгi
 
      9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң лауазымды адамдары өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде қолданылып жүрген заңдарды қатаң басшылыққа алуға, кәсiпорындардың, ұйымдардың басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мекемелердiң ағымдағы және есеп айырысу есепшоттары бойынша алынған мәлiметтерiн тек қана қызмет бабында пайдалануға мiндеттi. Өздерiнiң мiндеттерiн орындамағаны немесе атүстi орындағаны және мемлекеттiк, сондай-ақ коммерциялық құпияны сақтамағаны үшiн оларға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк жүктеледi.
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi мен оның жергiлiктi органдарының қызметкерлерiне ғылыми және оқытушылық қызметтен басқа кәсiпкерлiк қызметтен айналысуға, кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде қызметтердi қоса атқаруына тыйым салынады.
      11. Мемлекеттiк қаржы-бақылау органдарының немесе лауазымдық адамдардың iс-әрекетi жөнiндегi шағымдарды бағыныштылық тәртiппен жоғары тұрған орган бiр ай мерзiмде қарайды немесе заңда белгiленген тәртiппен сот органдарына шағынуға болады.
 
             V. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                қаржы-бақылау комитетiнiң қаражаттары
 
      12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң органдары республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталады.
      Қызметкерлердiң санын және еңбекке ақы төлеу қорын, сондай-ақ жеңiл автомобиль көлiгiн ұстауға арналған лимиттердi;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiне және жалпы жүйеге Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi;
      облыстардағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы бөлiмшелер бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi, ал аудандар мен басқа да қалалар бойынша Комитеттiң тиiстi облыстардағы басқармалары белгiлейдi.
      Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi орталық аппаратының құрылымын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      13. Мемлекеттiк қаржы-бақылау органдары қызметкерлерiнiң тексерiстер мен тексерулердiң сапасын арттырып, пәрмендiлiгiн күшейтуге мүдделiлiгiн туғызу мақсатымен Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнде:
      осы органдардың еңбекке ақы төлеу қоры сомасының 25 процентi мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мекемелер тексерiстер мен тексерулер материалдары бойынша кiнәлi адамдардың есебiнен өтелген зиян сомасының 30 процентi мөлшерiнде аударатын жарналар есебiнен;
 
            Қор қаражатының құралу, оны есептеу және пайдалау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi белгiлейдi.
      Ескерту. 13-тармақтың төртiншi абзацы алынып тасталған -
               ҚРМК-нiң 1995.08.02. N 1069 қаулысымен.
 
           VI. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қаржы-бақылау
               комитетiнiң қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық
                                  қорғау
 
      14. Мемлекеттiк қаржы-бақылау органдарының қызметкерi қызмет бабындағы мiндеттерiн орындауға байланысты қаза тапқан жағдайда немесе мемлекеттiк қаржы-бақылау органдарында жұмыс iстеген кезеңде алған қаражаты, ауруы салдарынан жұмыстан босатылғаннан кейiн қайтыс болған жағдайда қаза тапқан /қайтыс болған/ қызметкердiң отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға /мұрагерлерiне/ қаза тапқан /қайтыс болған/ қызметкерлердiң он жылдық ақша қаражаты мөлшерiнде республикалық бюджет қаражатынан бiр жолғы жәрдемақы төленедi, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
      Мемлекеттiк қаржы-бақылау органдарының қызметкерiне қызмет бабындағы iс-әрекеттi жүзеге асыруына байланысты кәсiби қызметпен айналысу мүмкiндiгiнен айыратын ауыр дене жарақатын салған жағдайда оған республикалық бюджет қаражаты есебiнен бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi, кейiннен бұл сома кiнәлi адамнан өндiрiп алынады, сондай-ақ оның лауазымдық қызметақысы мен зейнетақысы /өмiрлiк/ арасындағы айырма төленедi.
      Мемлекеттiк қаржы-бақылау органдарының қызметкерлерiне қызмет бабындағы iс-әрекетiн жүзеге асыруына байланысты орташа ауыр дене жарақаты салынған жағдайда оған республикалық бюджет қаражаты есебiнен бес айлық табысы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
      15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң барлық деңгейдегi органдары соттарда қаралатын iстер бойынша, сондай-ақ нотариалдық және басқа әрекеттер жасағаны үшiн мемлекет кiрiсiне баж алымын төлеуден босатылады.
 
            VII. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiң қаржы-бақылау
                 комитетiнiң жұмысын ұйымдастыру
 
      16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалатын Төраға басқарады.
      17. Төрағаның орынбасарларын Төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң облыстардағы, Алматы мен Ленинск қалаларындағы басқармаларының бастықтарын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен және тиiстi әкiмдермен келiсiп Комитеттiң Төрағасы, ал қалалық және аудандық бөлiмшелердiң басшыларын Комитеттiң Төрағасы тағайындайды.
      18. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң Төрағасы:
      Комитет пен оның жергiлiктi органдарының қызметiн басқарады, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн оған дербес жауапкершiлiк жүктеледi, Төраға орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөлiп бередi.
      Бөлiнетiн жалпы қаржы, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қоры, жеңiл автомобиль көлiгiн ұстауға арналған лимиттер шегiнде Комитеттiң орталық аппаратының штаттарын бекiтедi, бөлiнетiн қаржының мөлшерiн, оның жергiлiктi органдары қызметкерлерiнiң саны мен еңбекке ақы төлеу қорын белгiлейдi, олар үшiн жеңiл автомобиль көлiгiн ұстауға арналған лимиттердi айқындайды;
      өз құзыретi шегiнде Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды, қызмет бабымен ауыстырады және жұмыстан босатады, қарамағындағы органдардың басшы қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; оларға еңбек заңдарында көзделген көтермелеу мен тәртiптiк айып шараларын қолданады;
      тексерiстер мен тексерулердiң жоспарлауын, жүзеге асыруын және олардың нәтижелерiнiң хатталуын реттейтiн тәртiптi, нормативтiк актiлердi әзiрлеп, бекiтедi:
      қолданылып жүрген заңдар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерi негiзiнде және соларды орындау үшiн Мемлекеттiк қаржы -бақылау комитетiнiң құзыретi шегiнде бұйрықтар мен нұсқамалар шығарады және барлық қызметтер мен қарамағындағы ұйымдардың орындалуы үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi.
      Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң Төрағасы басқа да Қазақстан Республикасы министрлерiмен мемлекеттiк комитеттерiнiң төрағаларымен және ведомстволарының басшыларымен бiрлесiп, өзiнiң құзыретi шегiнде бiрлескен бұйрықтар мен шығара алады.
      19. Төраға, оның орынбасарлары және орталық аппараттың басқа да басшы қызметкерлерi құрамында құрылатын алқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiн басқарудың алқалық органы болып табылады. Алқаның саны мен дербес құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекітедi.
      Алқа өзiнiң мәжiлiстерiнде Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң ағымдағы және келешектегi мiндеттерiн айқындайды, бақылау-тексеру жұмысының әдiстерiн жетiлдiрудiң және оның тиiмдiлiгiн арттырудың, қабылданған шешiмдердi орындаудың, кадрларды iрiктеудiң, орналастырудың, қайта даярлаудың негiзгi мәселелерiн қарайды, аса маңызды бұйрықтар мен нормативтiк-әдiстемелiк құжаттардың жобаларын талқылайды, бөлiмшелердiң жұмысы туралы есептерiн тыңдайды.
      Алқаның шешiмдерi Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi Төрағасының бұйрықтарымен және өкiлдерiмен iске асырылады.
      20. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетi, облыстардағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы оған қарасты басқармалар, сондай-ақ оның облыс орталықтары қалаларындағы бөлiмшелерi заңды тұлғалар болып табылады, жеке мүлкi болады, банктерде ағымдағы, есеп айырысу және басқа есепшоттары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өздерiнiң атаулары жазылған мөрi болады.
      Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң облыстардағы басқармалары

 

қалалық және аудандық бөлiмшелердiң қызметкерлерiн /басшыларынан басқа/

жұмысқа қабылдайды, жұмыстан босатады, оларды ұстауға жұмсалатын

шығындарды қаржыландырады және олардың есебiн жүргiзедi, қажет

болған жағдайда Ұлттық мемлекеттiк банк мекемелерiнде ақшалай

қаражатты аудару үшiн ағымдағы атаулы есепшоттар ашады.


           VIII. Таратылуы және қайта құрылуы


     20. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау

комитетi заңда белгiленген тәртiппен таратылады және қайта

құрылады.


                                     Қазақстан Республикасы               


                                     Министрлер Кабинетiнiң

                                     1994 жылғы 7 қазандағы

                                      N 1124 қаулысына

                                       N 2 қосымша


              Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы-бақылау

                        комитетi орталық аппаратының

                               ҚҰРЫЛЫМЫ


Ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыс басқармасы

Бюджеттiк мекемелердi тексеру басқармасы

Өнеркәсiп және құрылыс кәсiпорындары мен ұйымдарын тексеру

басқармасы

Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдарын тексеру басқармасы

Қызмет көрсету саласының кәсiпорындары мен ұйымдарын тексеру

басқармасы

Шағын нысандағы шаруашылық жүргiзу кәсiпорындарын тексеру

басқармасы

Қаржы-несие, сақтандыру органдарын және бағалы қағаздар нарығын

тексеру басқармасы

Валюталық бақылау мен бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындарды

тексеру басқармасы

Құқық қорғау органдары және қорғаныс мекемелерi мен ұйымдарын

тексеру басқармасы

Кадрлар мен Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң жергiлiктi

органдарын қаржыландыру басқармасы

Iс басқармасы






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады