1. 1994 жылдың 20 қазанынан бастап мұнай сатудан алынған
түсiмнен төленетiн тiркелген /ренталық/ төлемдердiң ставкалары "Маңғыстаумұнайгаз", "Өңқазмұнайгаз" акционерлiк қоғамдарына 15 процент, "Теңiзмұнайгаз", "Ембiмұнай" акционерлiк қоғамдарына 10 процент, "Қаражанбастерммұнай", "Ақтөбемұнай" акционерлiк қоғамдарына 5 процент мөлшерiнде белгiленсiн. 2. "Мұнай мен көмiрге тiркелген ренталық төлемдердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 мамырдағы N 498 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 22, 221-бап/ күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi