Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 14 қараша N 1265. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1789 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппараттың қызметкерлерi шегiнде 76 адам санымен бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар

министрлiгiне министрдiң 2 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiр
бiрiншi орынбасарын, сонымен қатар 11 адамнан тұратын алқа 
ұстауына рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар 
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 3 қызметтiк жеңiл автомашина
лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 14 қарашадағы
                                           N 1265 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа
            технологиялар министрлiгi орталық аппаратының
                        Құрылымы
     Ғылыми-техникалық бағдарламалар және ғылыми-техникалық
прогрестi болжай басқармасы (жетекшi ретiнде)
     Ғылыми-ұйымдастыру басқармасы (жетекшi ретiнде)
     Қаржы-экономикалық басқарма (жетекшi ретiнде)
     Ғылыми-техникалық ақпарат және есептеу техникасы басқармасы
(жетекшi ретiнде)
     Ғылыми-техникалық сараптау бөлiмi (жетекшi ретiнде)
     Кадр және арнаулы жұмыс бөлiмi
     Өндiрiстiк-әкiмшiлiк қызметтер басқармасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады