Республикалық баға комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 23 желтоқсан N 1456. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.28. N 1035 қаулысымен.

      "Астықты және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн экспортқа шығару тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1397 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республикалық баға комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған

ереже бекiтiлсiн.
     2. "Астықты және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн экспортқа
шығару тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер 
Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1397 қаулысының 
6-тармағының бiрiншi және екiншi абзацтарындағы "ауыл шаруашылығы
өнiмiн" сөздерi алынып тасталсын.
            Қазақстан Республикасы
              Премьер-министрiнiң
              бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                    1994 жылғы 23 желтоқсандағы
                                        N 1459 қаулысына
                                         Қосымша
            Республикалық баға комиссиясы туралы
                      Ереже
                   Жалпы ережелер


      1. Республикалық баға комиссиясы "Астықты және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн экспортқа шығару тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1397 қаулысын орындау үшiн құрылды.
      Республикалық баға комиссиясы (бұдан былай - Комиссия) контрактiлердi сараптайтын және Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi өндiретiн және экспортқа шығаратын астық пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бағасын бақылайтын мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ халықаралық шарттарды, келiсiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

                    Комиссияның мiндеттерi мен өкiлеттiгi
      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi астық пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң төмен бағамен сатылуына жол бермеу және аталған өнiмдер бағасының әлемдiк рынок бағаларына сай болуын бақылау, сондай-ақ астық пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiне жасалған экспорттық контрактiлердi сараптау болып табылады.
      4. Астық пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бағасын бақылау мақсатында Комиссия:
      Үкiметаралық келiсiмдер бойынша жасалған барлық экспортқа шығару контрактiлерiне;
      көлемi 1000 тоннадан асатын астықты экспортқа шығару жөнiндегi контрактiлердi;
      мақта талшығы, былғары шикiзатына, былғарыға, биязы жүнге, марал мүйiзiне, қойдың iшек-қарнына жасалған экспортқа шығару жөнiндегi контрактiлердi сараптан өткiзедi.
      5. Өз қызметiнде Комиссия биржалық ақпарат пен тауарлардың әлемдiк рынокта және Қазақстан Республикасында айналымда болуын пайдаланады.
      6. Комиссия облыстық (аймақтық) комиссиялардың қызметiн үйлестiредi және олар үшiн әдiстемелiк нұсқаулықтар әзiрлейдi.

             Комиссия қызметiн ұйымдастыру мәселелерi
      7. Республикалық баға комиссиясының қызметi Комиссия әзiрлеп, оның Төрағасы бекiткен Ережелер бойынша жүзеге асырылады.
      8. Комиссияның адам санын, жеке құрамы мен төрағасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Комиссияның құрамына Комиссияның биржадағы тұрақты өкiлi болып табылатын Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасының қызметкерi кiредi.
      9. Комиссияның Төрағасы Комиссияға жүктелген қызметтердiң орындалуына жеке жауап бередi және Комиссия мүшелерi арасында мiндеттердi бөледi.
      10. Комиссия мәжiлiсi кемiнде аптасына бiр рет өткiзiледi.
      11. Мәжiлiстiң өткiзiлетiн орны - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы.
      12. Комиссияның өз мүшелерiнiң қолын куәландыратын атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөртаңбасы болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады