Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N 1097 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.

        Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған облыстарының сейсмикалық қауiптiлiгiне баға беру жөнiнде жүргiзiлген қосымша зерттеулер бұл ауданда қиратушы жер сiлкiнiстерiнiң пайда болу қаупiнiң елеулi деңгейi бар екендiгiн анықтады. 
      Тұтастай алғанда Солтүстiк Тянь-Шань аймағы сейсмикалық процестердiң жандану фазасында жатыр. 1995-1997 жылдары Қастек, Шелек (Алматы облысы), Жоңғар (Талдықорған облысы) және басқа да сейсмикалық қауiптi аймақтарда 5,0 магнитудадан астам (MSK-64 шкаласы бойынша 8-ден 10 баллға дейiн) күштi жер сiлкiнiстерiнiң пайда болу ықтималдылығы жоғарылап отыр. 
      Қажеттi алдын алу шараларын жүргiзу, сейсмикалық қауiптiлiк дәрежесiне баға беру және жер сiлкiнiстерiн болжау жөнiндегi зерттеулердi дамыту, авариялық-құтқару қызметтерi мен бөлiмшелерiн, халықты хабарландыру жүйесiн қосымша жарақтандыру және әзiрлiкке келтiру, қажеттi материалдық-техникалық резервтер жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

  Сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiн дамыту жөнiнде

      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, министрлiктер мен ведомстволар сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру және үзiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ Алматы қаласы ауданында қысқа мерзiмдi болжау жүйесiн құру жөнiнде түпкiлiктi шаралар қабылдасын. 

      2. Сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiнiң құрамына: 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты мен Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы; 
      "Қазселқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң Сел құбылыстары мен жер сiлкiнiстерiн болжамдау жөнiндегi ғылыми-өндiрiстiк кешенi; 
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Россия ғылым академияларының ғылыми бөлiмшелерi мен экспедициялары (Россия Федерациясының келiсуiмен); 
      сейсмикалық оқиғаларды тiркеу қызметiн орындайтын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмшелерi, жер қабатының сейсмикалық жай-күйiнiң серпiнiне байланысты атмосфераны радиолокациялық зондтауды, электромагниттiк аномалияларды анықтауды жүзеге асыратын әуе қорғаныс бөлiмшелерi; 
      Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң Сейсмикалық берiк құрылыс пен сәулет жөнiндегi қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-экспериментальдық институтының үйлер мен ғимараттарға инженерлiк-сейсмометрикалық байқаулар жүргiзетiн ғылыми-зерттеу бөлiмшелерi; 
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң мамандандырылған режимдi қызметтерi; 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының геофизикалық қызметтерi; 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы геодезия және картография жөнiндегi Бас басқармасының мамандандырылған қызметтерi; 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының мамандандырылған қызметтерi; 
      жер сiлкiнiстерiнiң биофизикалық хабарларына бақылау жасайтын Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң ғылыми бөлiмшелерi кiредi деп белгiленсiн. 

      3. Сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiне кiретiн қызметтердiң негiзгi мiндеттерi: 
      сейсмологиялық байқаулар жүргiзу мен оның нәтижелерiн талдау негiзiнде жер сiлкiнiстерiн болжауды қамтамасыз ету; 
      жер сiлкiнiстерi болған орындарды, уақыты мен параметрлерiн жедел айқындау; 
      сейсмикалық қауiптi аудандарда болған және болжанған жер сiлкiнiстерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқару органдарын хабарландыру; 
      сейсмологиялық деректер банкiн ұйымдастыру, геофизикалық ақпараттың аймақаралық және халықаралық алмасуын қамтамасыз ету; 
      Қазақстан Республикасының аумағын сейсмикалық аудандау, аумақтардың басым сейсмикалық қауiптiлiгiне баға беру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; 
      Қазақстан Республикасының аумағын сейсмикалық аудандау ортасын, жер сiлкiнiсiнiң әсерiнен халықты, объектiлер мен аумақтарды қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құжаттарды әзiрлеу болып табылады деп белгiленсiн. 
      4.<*> 
      5.<*> 
      6.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-6-тармақтардың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.26.  N  1286 қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгi Ұлттық ғылым академиясы республиканың басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қатысуымен Қазақстанның сейсмикалық қауiптi аудандарындағы жер сiлкiнiстерiн болжамдау проблемаларын шешуге АҚШ, Жапония, Қытай Халық Республикасының, Израиль, Россия Федерациясының және Қырғыз Республикасының сейсмологиялық қызметтерi мен зерттеу орталықтарын тарту жөнiндегi жұмысты жалғастырсын. 
      8.<*> 
       Ескерту. 8-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1997.08.26. N  1286 қаулысымен.

Сейсмикалық берiк құрылыс, үйлер мен ғимараттарды сейсмикалық жағынан күшейту жөнiнде

      9. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар, мемлекеттiк компаниялар, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнен халықты қорғау және экономикалық залалды азайту мақсатында: 
      жүргiзiлген зерттеу-тексерулердiң нақтыланған деректерiнiң негiзiнде үйлер мен ғимараттарды, бәрiнен бұрын адамдар көп болатын жерлердi (тұрғын үйлер, мектептер, балалардың мектеп жасына дейiнгi мекемелерi, ауруханалар) және тiршiлiктi қамтамасыз ететiн объектiлердi (жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау мен байланыс, канализация), химиялық және жарылыс қаупi бар өндiрiстердi сейсмикалық қарсы күшейту жұмыстарын кең өрiстетсiн. 
      Республиканың сейсмикалық қауiптi аудандарындағы сейсмикалық берiк емес үйлер мен ғимараттарға күрделi жөндеудi олардың сейсмикалық орнықтылығын көтеру жөнiндегi жұмыстарды мiндеттi түрде жүргiзу арқылы жүргiзетiн болсын. Аталған шараларды жүзеге асыру үшiн жеке жауапты адамдарды айқындап, практикалық жұмыстардың барысын мерзiмдi түрде қарау тәртiбiн белгiлесiн. 
      жеке тұрғын үйлердi сейсмикалық қарсы күшейту бойынша халық арасында түсiндiру жұмысын жүргiзiп, жеке үй иелерi үшiн естелiктемелер мен әдiстемелiк материалдарды таратсын, осы жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзудi қамтамасыз етсiн; 
      1995 жылдан бастап жыл сайын сейсмикалық қарсы күшейту және сейсмикалық берiк емес үйлер мен ғимараттарды жарамсыздыққа шығару жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған мақсатты қаржы бөлудi көздесiн; 
      бiр ай мерзiмде жер сiлкiнiстерiнiң қатерi пайда болу және оның зардаптарын жою кезеңiнде тұрғындарды сейсмикалық қауiптi үйлерден сейсмикалық берiк үйлерге орналастырудың, халықтың осы санаты үшiн 30 тәулiк iшiнде қажеттi тiршiлiк жағдайларын жасаудың уақытша жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн; 
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тиiстi шешiмдерiмен жарияланған сейсмикалық қауiптiлiк жоғары кезеңде адамдар көп болатын ғимараттарда мәдени-көрiнiстiк және басқа да шараларды өткiзуге тыйым салсын. 

      10. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1995 жылы жылу-электрмен жабдықтау объектiлерiнiң сейсмикалық берiктiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi жұмыстарды аяқтасын, жер сiлкiнiсi болған жағдайда оларды жылдам және авариясыз тоқтатып, резервтiк отынға көшу жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын, жылжымалы көздердi қоса алғанда, елдi мекендердi жылу-электрмен жабдықтаудың сенiмдi схемаларын әзiрлесiн. 

      11. Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған облыстарының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, республиканың басқа да министрлiктерi мен ведомстволары бiр ай мерзiмде Алматы мен Талдықорған қалаларындағы, Алматы және Талдықорған облыстарындағы iске жарамайтын тозған, сейсмикалық қауiптi мектеп, балалардың мектеп жасына дейiнгi мекеме, аурухана, техникум және жоғары оқу орындары үйлерiн пайдаланудан шығарсын. 

      12.<*> 
       Ескерту. 12-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1997.08.26. N 1286 қаулысымен.

      13. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс салу министрлiгi: 
      Республиканың сейсмикалық қауiптi аудандарындағы құрылыстың сапасына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн; 
      сейсмикалық берiк құрылыс нормалары мен ережелерiн бұзушылыққа жол беретiн ұйымдардың құрылыс қызметiне берiлген лицензиялардың күшiн жойсын; 
      сейсмикалық қауiптi аймақтарда құрылыс жүргiзудiң нормаларын бұзып тұрғызылған үйлер мен ғимараттардың құрылысын тоқтатсын; 
      жеке тұрғын үй және саяжай салу үшiн олардың сейсмикалық берiктiгiн қамтамасыз ету бойынша арнаулы шаралар қабылдамай жер учаскелерiн бөлуге, сондай-ақ тектоникалық жарықшақты аймақтарда, қолайсыз топырақ жағдайларында, көшкiн қаупi бар беткейлерде құрылыс салуға тиым салсын. 

      14. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi: 
      адамдар ұзақ уақыт бойы тiршiлiк ететiн жеке тұрғын үйлердiң, саяжайлар мен басқа да құрылыстардың сейсмикалық берiк құрылысы нормаларын бұзғаны үшiн азаматтардың жауапкершiлiгiн құрастыратын Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк актiлерiне қосымшалар жөнiнде 1995 жылдың I тоқсанында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн; 
      1995 жылдың аяғына дейiн "Сейсмикалық қауiптi аймақтарда құрылыс салу" СНиП-7-81-дi қайта қарап, оның орнына жаңа құрылыс нормалары мен ережелерiн бекiтсiн; 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп Сейсмикалық аудандар және сейсмикалық берiк құрылыс жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. 

      15. Алматы қаласында тұратын халықтың жалпы санын болашақта оңтайлы шамаға жеткiзе отырып азайтқан жөн деп саналсын.

Хабарландыру мен байланыс жүйесiнiң әзiрлiгi мен дамытылуын қамтамасыз ету жөнiнде

      16. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Азаматтық Қорғаныс штабы: 
      хабарландыру жүйесiн, жылжымалы дауыс зорайтқыш қондырғыларын ұдайы әзiрлiкте ұсталуын қамтамасыз етсiн, хабарландыру жүйесiн қайта жаңартуды iске асырып,аяқтасын, бiр ай мерзiм iшiнде электр сиреналары мен көшелердегi дауыс зорайтқыштардың санын нормативтiк деңгейге дейiн жеткiзсiн, хабарландыру мен шұғыл ақпарат белгiлерiн мемлекеттiк емес теле және радиохабары компаниялары арқылы, сондай-ақ аудандық және жергiлiктi тұрғын үй-пайдалану және авариялық қызмет орындарының адамдарын, милиция күшiн тарту жолымен беру мәселелерiн пысықтасын; 
      бiр ай мерзiм iшiнде төтенше жағдайлар кезiндегi байланысты ұйымдастырудың схемаларын әзiрлеп, бекiтсiн, радиостанциялардың, басқа радио құралдарының қажеттi мөлшерiн ұстасын; 
      үш ай мерзiм iшiнде мәселелердi пысықтап, жедел жағдай, табиғи зiлзаланың зардаптарын жоюдың барысы, күш пен құралдарды iске қосу мен бөлу туралы компьютераралық байланыс бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне түсiрудi қамтамасыз етсiн. 

      17. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi: 
      "Волна-II" схемасы бойынша байланыс құралдарының ұдайы әзiрлiгiн қамтамасыз етсiн, оны модерлендiру жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын; 
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi үшiн, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық комиссиялар үшiн олардың өтiнiмдерi бойынша радио жиiлiктердi кiдiртпей бөлетiн болсын. 

      18. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет 1995 жылғы 1 тоқсанда байланыстың сымды жүйесi iстен шыққан жағдайда күш пен құралдардың басқарылуын қамтамасыз етпек жедел радио байланысы жүйесiн құрсын. 

      19.<*> 
       Ескерту. 12-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.26. N 1286 қаулысымен.

Халықты және басшыларды төтенше жағдайлардағы iс-қимылдың тәртiбi мен ережелерiне үйрету жөнiнде

      20. Алматы, Шығыс Қазақстан, Семей, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, министрлiктер мен ведомстволардың, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындар мен ұйымдардың, басқа да ұйымдық-өндiрiстiк құрылымдардың басшылары: 
      жер сiлкiну жағдайындағы iс-қимылға әзiрлену мен оның тәртiбiнiң ережелерiне халықты, барлық деңгейдегi басшыларды үйретудi үнемi жүзеге асырсын, үйретулер мен жаттықтыруларды, соның iшiнде хабарландыру белгiлерi бойынша, ұдайы өткiзiп отырсын, әрбiр отбасын тиiстi жадынама мен немесе нұсқаулықпен қамтамасыз етсiн, осы бiлiмдi бұқаралық ақпарат құралдарында белсендiлiкпен насихаттайтын болсын; 
      әрбiр елдi пунктте, үй мен ғимаратта, тиiстi көрсеткiштер орната отырып, келiп тұратын қауiпсiз жерлердi, қоныс аудару жолдарды белгiлесiн, адамдарды үйлер мен ғимараттардан алып шығудың практикалық тәсiлдерiн тиянақтасын. 

      21. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi оқушылар мен профессор-оқытушылар құрамының бүкiл контингентiн жер сiлкiну жағдайындағы iс-қимылдың ережелерi мен тәртiбiне үйретсiн, практикалық икемдiлiктi арттыру жөнiнде үнемi жаттығулар жүргiзсiн. 

      22. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсу бойынша 1995 жылғы және одан кейiнгi жылдары мемлекет қажетiне арналған тапсырысқа халықты және басшыларды төтенше жағдайлардағы iс-қимылға үйретумен байланысты оқу әдебиетiн, жарнамаларды, құжаттарды және өзге де баспа өнiмдерiн басып шығаруды қоссын, ведомствоға қарасты кәсiпорындарда оқу әдебиетiн басып шығаруды және бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануын ұйымдастырсын.

Авариялық-құтқару қызметiнiң әзiрлiгiн, жабдықталуын және дамуын қамтамасыз ету, күш пен құралдарды iске қосу жөнiнде 

      23. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, республиканың министрлiктерi мен ведомстволары, кәсiпорындары мен ұйымдары авариялық-құтқару қызметiнiң күштерiн, азаматтық қорғаныстың әскерилендiрiлмеген құрамаларын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстауды қамтамасыз етсiн, сейсмикалық қауiптi аймақтарда халықтың әр он адамына бiр құтқарушыдан келетiн есеппен олардың санын толықтыра түсу және осы құрамаларды қажеттi техникамен, арнайы жабдықтармен және құралдармен жабдықтау жөнiнде шаралар қолдансын, құтқару және басқа да кезек күттiрмес жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу мақсатында ұдайы оқулар мен жаттығулар өткiзсiн, авариялық-құтқару құрамаларын даярлау жөнiндегi шараларды қаржыландыруға қаражатты басыңқылық тәртiппен қарастырсын. 
      Азаматтық қорғаныстың әскерилендiрiлген құрамаларын толықтыру мақсатымен тиiстi әскери комиссариаттар арқылы запастағы әскери мiндеттемелердi пайдалануға рұқсат етiлсiн. 

      24. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылдың 1 тоқсанының аяғына дейiн Республикалық жедел-құтқару отрядын мамандармен толықтырсын, техникамен және арнаулы жабдықтармен жабдықтасын, құтқару жұмыстарын жүргiзу әзiрлiгiне келтiрсiн және оның қосақкерi (дублерi) - Шығыс Қазақстан жедел құтқару отрядын техникамен жарақтандыруға практикалық көмек көрсетсiн. Осы мақсат үшiн 1995 жылы Министрлер Кабинетiнiң резерв қорынан төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған жалпы сомасы 60 (алпыс) миллион теңге қаражат бөлiнсiн. 

      25. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қорғаныс министрлiгi 1995 жылдың бiрiншi жарты жылдығында Ұзынағаш азаматтық қорғаныс полкын техникамен, жабдықтармен және жарақтармен толықтыру мен жарақтауды аяқтасын және оның авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге толық әзiр болуын қамтамасыз етсiн. 

      26. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өрт сөндiру бөлiмдерiн қажеттi өртке қарсы және авариялық-құтқару техникасымен, жабдықтармен және жарақтармен жарақтандыра түсудi қамтамасыз етсiн. 

      27. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi 1995 жылдың 1 тоқсанында шұғыл медицина қызметiн құруды аяқтасын және оның төтенше жағдайларда медициналық-санитарлық жұмыстарды жүргiзуге әзiр болуын қамтамасыз етсiн. 

      28. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi 1995 жылға және кейiнгi жылдарға арналған республиканың индикативтiк жоспарлары мен бюджетiнiң жобаларын пысықтаған кезде осы қаулының 24-27-тармақтарында аталған авариялық-құтқару құрамаларын, өрт сөндiру бөлiмдерi мен шұғыл медицина қызметтерiн ұстау, оларды жабдықтау мен дамыту жөнiндегi, оқуларды, жаттығулар мен оқу-әдiстемелiк жиындарын өткiзу жөнiндегi, оқуларға тартылған штаттан тыс құтқарушылардың еңбегi мен қоныс аударуына ақы төлеу жөнiндегi шығындарға қаражаттың жыл сайын, соның iшiнде 1995 жылы жалпы мөлшерi кемiнде 1500 миллион (бiр миллиард бес жүз миллион) теңге бөлiнуiн көздесiн. 

      29. Облыстардың әкiмдерi қиратушы жер сiлкiну болған жағдайда құтқару және кезек күттiрмес қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн N 2 қосымшаға сәйкес күш пен құралдардың бөлiнуi мен iске қосылуын қамтамасыз етсiн, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен бiрге 1995 жылдың қаңтарынан бастап ұдайы жаттығулар мен оқуларды өткiзудi қамтамасыз етсiн. 

      30. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен оның жер-жердегi құрылымдық бөлiмшелерi бiр ай мерзiм iшiнде мүмкiн болатын аса iрi жерсiлкiнулер, авариялар мен апаттар жағдайында қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету, тонау, мемлекеттiк, қоғамдық мүлiктi және азаматтардың жеке мүлкiн ұрлау жөнiндегi фактiлерге жол бермеу жөнiндегi шаралардың жоспарын жасайтын болсын. 

      31. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жер сiлкiнулердiң, басқа да табиғи зiлзала мен техногендiк апаттардың зардаптарын жою үшiн күш пен құралдардың бөлiнуiн N 2 қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсiн; тиiстi оқулар мен жаттығуларды ұдайы өткiзiп отырсын.<*> 
       Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.07. N 25 қаулысымен.
      32.<*>
       Ескерту. 32-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.26. N  1286 қаулысымен.

        33. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi қызметтер туралы Ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бекiтуiне ұсынсын. 

      34. <*>
       Ескерту. 34-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 1237 қаулысымен.

      35. <*>
       Ескерту. 35-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.12.05. N 1237 қаулысымен.

Көлiк кешенiнiң жұмысын ұйымдастыру туралы

      36. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Алматы, Батыс Қазақстан, Тың темiр жолдарының басқармалары, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы, екi ай мерзiм iшiнде:
       Ескерту. 36-тармағына өзгерту енгiзiлді - ҚР Үкiметiнiң 1996.06.28. N 836 қаулысымен.
      ауыр инженерлiк және көлiктiк техниканы, материалдарды жеткiзу үшiн ауыр жүк көтеретiн ұшақтардың қабылданылуын қамтамасыз ететiн аэродромдарды айқындасын және аталған жүктердi тасуды ұйымдастыру жөнiндегi өзара iс-қимылдардың жоспарларын пысықтасын; 
      Алматы қаласының бойымен айналып өтетiн темiр жол салуды және Алматы-1, Алматы-2 темiржол станциялары арасында екiншi жолдар салуды ұйымдастыру мәселелерiн пысықтасын; 
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрге темiржол тұйықтамаларында инженерлiк және көлiктiк техниканы түсiру үшiн кiрме құрылғыларын (аппарельдер) орнатуды қамтамасыз етсiн; 
      Алматы, Талдықорған облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрге авариялық-құтқару құрамаларының техникасы мен механизмдерiн түсiру үшiн және облыстар, түсiру станциялары және Алматы қаласының аудандары бойынша N 2 қосымшаға сәйкес бекiте отырып жер сiлкiнген аудандардан зардап шеккен халықты қоныс аудару үшiн Отар-Алматы-Қапшағай, Сарыөзек-Алажиде станцияларының учаскелерiнен түсiру-тиеу пункттерiн айқындасын, Алматы қаласына жанасатын барлық темiржол станцияларында жүктердi жедел түсiрiп, адамдарды әкелу үшiн автокөлiк кiрме жолдарын салуды қамтамасыз етсiн, темiр жол бойында және аэродромдарда авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын орындау үшiн қажет болатын күш пен құралдардың нормативтiк санын айқындасын; 
      1995 жылдың қаңтарынан бастар жер сiлкiнудiң қатер төнген және болған жағдайда көлiк кешенiнiң iс-қимылының жоспарларын пысықтау жөнiнде арнайы жаттығулар өткiзсiн.

Зардап шеккен халықты қоныс аудару жөнiнде

      37. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Азаматтық қорғаныс штабы Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған облыстарының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Бiлiм министрлiгi республиканың басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының облыстар әкiмдерiнiң қатысуымен бiр ай мерзiм iшiнде балаларды, науқастарды және Алматы мен Талдықорған қалаларында қиратушы жер сiлкiнулерiнiң болуынан зардап шеккен халықты қоныс аударудың жоспарларын жасайтын болсын.
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi атаған мәселелердi пысықтаудың қорытындысы бойынша тиiстi ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      Баспасөзде жарияланбайды. 

      38. Азаматтық қорғаныс штабы Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде үйлер мен ғимараттарды паспорттау деректерi және олардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн зерттеу нәтижелерi негiзiнде мүмкiн болатын жер сiлкiнулер кезiнде Алматы мен Талдықорған қалаларындағы халықтың шығынын (соның iшiнде қайтып оралмайтын) есептеуге нақтылау жүргiзсiн. 
      Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған облыстарының әкiмдерi бiр ай мерзiм iшiнде Алматы мен Талдықорған қалаларында қиратушы жер сiлкiну жағдайында қаза тапқан халықты жерлеуге қазiргi бар орындардың санын айқындай түссiн.

Материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, медициналық резервтер жүйесi жөнiнде

      39. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi 1995 жылдың бiрiншi жарты жылдығы бойынша Алматы қаласында жер сiлкiну бола қалған жағдайда "Мұнай өнiмдерi", "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компанияларымен, басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, акционерлiк және холдинг компанияларымен, концерндерiмен бiрге мемлекеттiк резервтiң құрамына мыналардың: 
      200-250 мың тонна мөлшерiнде жағу-жағым материалдарының; 
      1500 киiз үй мен оларға жылытқыш пештердiң; 
      4000 жылы шатырдың; 
      болат пен шойын тұрбаларының, тiрек арматурасының, металл прокатының, ағаш материалдарының, жабу брезентiнiң, кабель бұйымдары мен басқа да құрылыс материалдары мен бұйымдарының (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тиiстi шешiмдерiмен белгiленген номенклатурасы мен мөлшерi бойынша) жинақталуын қамтамасыз етсiн. 

      40. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрге төтенше жағдайлар бола қалған кезде зардап шеккен халықты қамтамасыз ету үшiн қажеттiлiк есептемесi бойынша дәрi-дәрмек пен медициналық жабдықтардың республикалық резервiн: 
      Алматы қаласы, Алматы және Талдықорған облыстары үшiн - 1995 жылғы 1-тоқсан бойы; 
      республиканың қалған облыстары үшiн - 1995 жыл бойы жасайтын болсын. 

      41. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Легпром", "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк және холдинг компанияларымен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, акционерлiк және холдинг компанияларымен, концерндерiмен бiрлесе отырып тағам өнiмдерiнiң (соның iшiнде консервiленген), киiм-кешектiң, кереуеттiң, төсек бұйымдарының республикалық резервтерiн; 
      Алматы қаласы үшiн қажеттiлiк есептемесi бойынша 100 мың адамға 30 тәулiкке дейiнгi уақытқа - бiр ай мерзiм iшiнде; 
      республиканың қалған облыстары үшiн - 1995 жыл бойы жасайтын болсын. 

      42. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi: 
      мемлекеттiк резерв құрамындағы төтенше жағдайларға арналған 39-41-тармақтарда аталған өнiмдер мен материалдар номенклатурасын ұстауға - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетке, Денсаулық сақтау министрлiгiне, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне; 
      киiз үйлер мен оларға арналған жылытқыш пештердiң сақталуын, саны мен сапасының сақталуын, дер уақытында олардың резервiнiң жаңартылуына байланысты шығындарға - "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына; 
      мемлекеттiк резервтегi мұнай өнiмдерiнiң сандық және сапалық сақталуын жауапты сақтау мен қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шығындарға - "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына 1995 жылдан бастап қаражат көлемiн тиiсiнше өсiрудi көздесiн. 

      43. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар өздерiне сенiп тапсырылған аумақтар мен ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарда осы секiлдi резервтер жасауды көздейтiн болсын. 

      44. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Семей, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнен келетiн залалды азайту жөнiнде аймақтардың ерекшелiктерiн ескере отырып шаралар кешенiн әзiрлеп, тиiстi шешiмдер қабылдасын. 

      45. Осы қаулының орындалуына жергiлiктi атқару органдарының, министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелердiң бiрiншi басшыларына жеке жауапкершiлiк жүктелсiн. 

      46. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер, ведомстволар, акционерлiк және холдинг компаниялар,концерндер осы қаулының жүзеге асырылу барысы туралы жыл сайын (жарты жылдың қорытындысы бойынша) және тапсырмаларды орындау үшiн белгiленген мерзiмдердiң бiтуiне қарай Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне баяндайтын болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Министрлер Кабинетiнiң   
1994 жылғы 30 желтоқсандағы 
N 1490 қаулысына     
1 қосымша      

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясының сенiмдi байланыс құралдарымен қамтамасыз етiлуге жататын сейсмологиялық станциялары

___________________________________________________________________
Рет| Сейсмологиялық     | Телефон  |Қысқа толқынды|УҚТ радиостан.
N  |  станцияның        |байланысы | радиостанция |циясы (радиореле
   |    атауы           |          |              |байланысы)
___________________________________________________________________
1.  Қастек             қалпына келтiру               салу
2.  Майтөбе            қалпына келтiру               салу
3.  Ақтұз                                 орнату
4.  Известковый        салу
5.  Ақжар                                 орнату
6.  Тянь-Шань          салу
7.  Шолпаната                             орнату
8.  Талғар                                орнату
9.  Қотырбұлақ         салу
10. Есiк                                  орнату
11. Новоалексеевка                        орнату
12. Шоңкемiн                              орнату
13. Советская                             орнату
14. Боом                                  орнату
15. Саз                                   орнату
16. Алма Арасан        салу
17. Нижняя Каменка     салу
18. Казачка            салу
19. Бұрындай           салу
20. Қорам              салу               салу
21. Түрген                                салу

Қазақстан Республикасы    
Министрлер Кабинетiнiң    
1994 жылғы 30 желтоқсандағы  
N 1490 қаулысына      
2 қосымша          

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.01.07. N 25 қаулысымен.

Алматы қаласы мен Алматы облысында болуы мүмкін жер
сілкінісінің зардаптарын жою үшін бөлінетін, күштер мен
құралдар

___________________________________________________________________
        Кім бөледі            ! Жеке құрамның  ! Техниканың саны,
                                саны, адам          бірлік
___________________________________________________________________
   а) Алматы қаласы үшін
   Астана қаласы                  1495               162
   Ақмола облысы                  1610               145
   Ақтөбе облысы                  2452               161
   Атырау облысы                  1280               160
   Шығыс Қазақстан облысы         6160               880
   Жамбыл облысы                  7440               1060
   Батыс Қазақстан облысы         1896               143
   Қарағанды облысы               1970               260
   Қызылорда облысы               1420               170
   Қостанай облысы                1700               150
   Маңғыстау облысы               1150               120
   Павлодар облысы                2755               420
   Солтүстік Қазақстан облысы     945                140
   Оңтүстік Қазақстан облысы      5433               660
   Қорғаныс министрлігі           1600               95
   Ішкі істер министрлігі         800                85
   Ұлттық қауіпсіздік комитеті    келісім және жеке жоспар
                                  бойынша     

   б) Алматы облысы үшін
   Батыс Қазақстан облысы         100                 -
   Қарағанда облысы               4670               945
   Павлодар облысы                1155               235
   Оңтүстік Қазақстан облысы      1540               145
   Қорғаныс министрлігі           4000               240
   Ішкі істер министрлігі         720                60
   Ұлттық қауіпсіздік комитеті    келісім және жеке жоспар
                                  бойынша

Қазақстан Республикасы   
Министрлер Кабинетiнiң   
1994 жылғы 30 желтоқсандағы 
N 1490 қаулысына       
3 қосымша           

      Ескерту. 3 қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.07. N 25 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы    
Министрлер Кабинетiнiң    
1994 жылғы 30 желтоқсандағы  
N 1490 қаулысына       
4 қосымша       

Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары
құратын азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметiнiң
Тiзбесi

___________________________________________________________________
     Республика министрлiктерi мен      | Азаматтық қорғаныс және
            ведомстволары               |төтенше жағдайлар қызметi
___________________________________________________________________
1. Iшкi iстер министрлiгi                Қоғамдық тәртiптi сақтау
                                         қызметi
                                         Өртке қарсы қызмет

2. Денсаулық сақтау министрлiгi          Медицина қызметi
   "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк
   холдинг компаниясымен, "Медтехника"
   акционерлiк қоғамымен бiрге

3. Баспасөз және бұқаралық ақпарат       Ақпарат қызметi
   министрлiгi "Қазақстан теледидары
   мен радиосы" корпорациясымен бiрге

4. Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда    Инженерлiк қызмет
   құрылыс салу министрлiгi "Құрылыс",
   "Құрылыс материалдары" мемлекеттiк
   холдинг компанияларымен,
   "Монтажспецстрой" акционерлiк
   холдинг компаниясымен, тұрғын
   үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн
   дамыту және пайдалануға беру жөнiндегi
   мемлекеттiк республикалық
   "Қазтұрғынкомшар" концернiмен,
   Геология және жер қойнауын қорғау
   министрлiгiмен бiрге

5. Көлiк және коммуникациялар            Көлiк қызметi
   министрлiгi

6. Өнеркәсiп және сауда министрлiгi      Сауда және тамақтандыру
   Тұтыну қоғамдары одағымен бiрге       қызметi

7. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi      Энергетика қызметi
   министрлiгi

8. Ауыл шаруашылығы министрлiгi          Мал және өсiмдiк қорғау
                                         қызметi

9. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк     Хабарландыру мен байланыс
   компаниясы                            қызметi

10."Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк          Жанар-жағар материалдар
   акционерлiк компаниясы                қызметi

11."Сельхозмаш" ҰХК "Кең дала"           Техникалық қызмет
   мемлекеттiк акционерлiк
   компаниясымен бiрге

12."Қазақстан жолдары" мемлекеттiк       Жол және көпiр қызметi
   акционерлiк компаниясы

13. "КАТЭП" ұлттық акционерлiк           Радиацияға қарсы қорғаныс
    компаниясы                           қызметi

14. "Химпром" мемлекеттiк холдинг        Химиялық қорғау қызметi
    компаниясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады