Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкін жер сілкіністерінің залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 31-тармақтағы "3-қосымшаға сәйкес" деген сөз "2-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшаның жаңа редакциясы қосымшаға сәйкес жазылсын;
3) көрсетілген қаулыға 3-қосымшаның күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 7 қаңтардағы
N 25 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1490 қаулысына
2-қосымша
Алматы қаласы мен Алматы облысында болуы мүмкін жер
сілкінісінің зардаптарын жою үшін бөлінетін, күштер мен
құралдар ___________________________________________________________________
Кім бөледі ! Жеке құрамның ! Техниканың саны,
саны, адам бірлік
___________________________________________________________________
а) Алматы қаласы үшін
Астана қаласы 1495 162
Ақмола облысы 1610 145
Ақтөбе облысы 2452 161
Атырау облысы 1280 160
Шығыс Қазақстан облысы 6160 880
Жамбыл облысы 7440 1060
Батыс Қазақстан облысы 1896 143
Қарағанды облысы 1970 260
Қызылорда облысы 1420 170
Қостанай облысы 1700 150
Маңғыстау облысы 1150 120
Павлодар облысы 2755 420
Солтүстік Қазақстан облысы 945 140
Оңтүстік Қазақстан облысы 5433 660
Қорғаныс министрлігі 1600 95
Ішкі істер министрлігі 800 85
Ұлттық қауіпсіздік комитеті келісім және жеке жоспар
бойынша
б) Алматы облысы үшін
Батыс Қазақстан облысы 100 -
Қарағанда облысы 4670 945
Павлодар облысы 1155 235
Оңтүстік Қазақстан облысы 1540 145
Қорғаныс министрлігі 4000 240
Ішкі істер министрлігі 720 60
Ұлттық қауіпсіздік комитеті келісім және жеке жоспар
бойынша