Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңес туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 33. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңес құрылсын. 
      2. Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңес құрамына өкiлдерi кiретiн республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
      3. Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңес туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      4. Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңестiң жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленсiн. 
      5. Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңестi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы 
саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы басқарады деп белгiленсiн.
     6. Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық 
кеңестiң төрағасына Кеңестiң дербес құрамын құру тапсырылсын. 

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1995 жылғы 11 қаңтардағы      
N 33 қаулысына          
Қосымша              

        Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық
          кеңестiң құрамына өкiлдерi кiретiн Қазақстан
     Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының
                        ТIЗБЕСI

     Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
     құрылыс салу министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт 
министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
     Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз 
жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитет <*>
     Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және 
сертификаттау жөнiндегi комитетi<*>
     Республикалық санитарлық-эпидемиялық стансасы
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық басқармасы
     Қазақстан Республикасының Кеден комитетi <*>
     Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат 
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
      ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. 
N 1031 қаулысымен. 

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1995 жылғы 11 қаңтардағы      
N 33 қаулысымен          
Бекiтiлген             

 
                Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi 
                   ведомствоаралық кеңес туралы 
                             ЕРЕЖЕ 

                     I. Жалпы ережелер 

      1. Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық кеңес (бұдан былай - Кеңес) министрлiктер мен ведомстволардың тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 
      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының басқа да заңдық және нормативтiк өзге де актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 

 

              II. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары 

 
      3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi: 
      "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңды жүзеге асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының iс-қимылын үйлестiру; 
      "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңның, тұтынушылар мүдделерiне қатысты басқа да заңдық және нормативтiк өзге де актiлердiң қолданылу практикасына талдау жасау; 
      тұтынушылар мүдделерiн қорғауды реттейтiн заң жобаларын, нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу; 
      тұтынушылар құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi қоғамдық пiкiрдi зерделеу iсiн ұйымдастыру; 
      тұтынушылар мүдделерiне қатысты заңдық және басқа актiлер жобаларына, баға мен тарифтердiң деңгейi мен құрылымына, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетудiң сапасына тәуелсiз сараптама ұйымдастыру; 
      тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды насихаттау, барлық ұйымдық-құқықтық нысандарда, үлгiлер мен түрлерде бiлiм беретiн мекемелерге, мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық ұйымдарға арналған тұтынушылар құқығы мәселелерi жөнiндегi оқу бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу болып табылады. 
      Өзiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде Кеңес Қазақстан Республикасының өкiлдi және атқарушы органдарымен әрi қоғамдық ұйымдарымен бiрлесiп iс-қимыл жасайды. 

 

               III. Кеңестiң құқықтары мен өкiлдiктерi  

 
      Өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Кеңестiң: 
      министрлiктерден, ведомстволардан, ұлттық және мемлекеттiк акционерлiк және холдинг компанияларынан, жергiлiктi әкiмдерден, мемлекеттiк және жеке меншiк кәсiпорындардан, ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға; 
      қызметi тұтыну саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру мәселелерiмен байланысты министрлiктер мен ведомстволардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, ғылыми және зерттеу мекемелерiнен мамандарды, шетелдiк сарапшыларды сараптамалар мен конституциялар өткiзу үшiн белгiленген тәртiппен тартуға; 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерiне қатысты заң актiлерiнiң жобаларын енгiзуге құқығы бар. 

 

            IV. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру  

 
      4. Кеңес Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерiнен құралады. Кеңестiң құрамына, сондай-ақ қызметi тұтынушылар құқығын қамтамасыз етумен байланысты ғылыми және қоғамдық мекемелердiң, қоғамдық және басқа ұйымдардың өкiлдерi кiредi. 
      Кеңес құрамын Кеңестiң төрағасы бекiтедi. 
      Кеңестiң жұмысына мамандарды, ғалымдарды, сарапшыларды және қызметi тұтыну саласындағы саясатты жүзеге асыру мәселелерiмен байланысты шет елдiк мемлекеттердiң әр түрлi ұйымдары мен мекемелерiнiң өкiлдерiн тартуға болады. 
      5. Кеңестi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы басқарады. 
      Кеңес мүшелерi өз құрамынан төрағаның орынбасарлары мен Кеңестiң хатшысын сайлайды. 
      6. Кеңестiң төрағасы, ол жоқ кезде - оның орынбасарларының бiрi Кеңестiң қызметiне басшылық етедi, мәжiлiстерде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және қабылдаған шешiмдердiң жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. 
      7. Кеңестiң мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi және хаттамалармен ресiмделедi. 
      8. Кеңес мәжiлiстерiнiң хаттамаларына мәжiлiсте төрағалық етушi мен Кеңестiң хатшысы қол қояды. 
      Мәжiлiстердiң хаттамалары Кеңес мүшелерiнiң қаперiне мәжiлiс өткен күннен бастап бiр апта iшiнде жеткiзiледi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады