Халықаралық "DIDAR-KAZAKSTAN" журналын шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 12 қаңтар N 47

      Қазақстан Республикасы туралы және елiмiзде болып жатқан өзгерiстер туралы әлем жұртшылығын жүйелi хабардар ету, экономиканың, саясаттың, мәдениеттiң, ғылым мен бiлiмнiң түрлi салаларында өзара тиiмдi ынтымақтастықты кеңейту, шетелдiк әрiптестермен iскерлiк байланыстар орнатуға қолдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң баспасөз қызметтерiнiң, "Дидар" баспа компаниясының /Алматы/, "Атамекен" корпорациясының /Нью-Йорк/ ағылшын, француз және немiс тiлдерiнде жарық көретiн халықаралық "DIDAR-KAZAKSTAN" журналын шығару туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Журналдың шығарушылары Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң баспасөз қызметтерi, "Дидар" баспа компаниясы мен "Атамекен" корпорациясы деп белгiленсiн.
      3. Журналды шығару, оған жазылу және оны тарату демеушiлер бөлген қаражатты тарта отырып, жүзеге асырылатындығы назарға алынсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады