Қазақстанның мемлекеттiк даму банкi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 ж. 18 қаңтар N 59. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.01.19. N 71 қаулысымен.

      "Қазақстанның Даму банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 6 қыркүйектегi N 1849 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзу үшiн Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкi (бұдан әрi - Даму банкi) құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс әзiрлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiне банк туралы заңдарды мамандандырылған мемлекеттiк-банктердiң қызметiн ретке келтiрудiң статусы мен тәртiбi туралы ережелермен толықтыру туралы ұсыныстар енгiзу ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      жыл сайын бюджеттердiң жобаларында Даму банкiсiнiң жарғылық қорын толықтыру мен кредиттiк ресурстарын қалыптастыруға жұмсалатын шығындарды көздейтiн болсын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiмен бiрге Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банкi арасындағы келiсiммен белгiленетiн лимит шегiнде Даму банкiне берiлетiн ұзақ мерзiмдi кредит ресурстарының 1995 жылға арналған тоқсандық көлемiн белгiлесiн.
      4. Даму банкi:
      Қазақстанның Үкiметi белгiлейтiн елдiң экономикалық дамуының басым салаларына сәйкес орташа және ұзақ мерзiмдi инвестициялық жобаларды қаржыландыру және кредит беру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi;
      Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы алатын және кепiлдiк беретiн шетелдiк орташа және ұзақ мерзiмдi инвестициялық кредиттердiң (халықаралық қаржы ұйымдарының, агенттiктердiң, сондай-ақ шет мемлекеттердiң кредиттерiн қоса) заемшысы және оның қызмет көрсету жөнiндегi агентi;
      қайтарылмайтын негiзде республика бюджетiне көзделген сома шегiнде немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiлейтiн лимит шегiнде республика бюджетiнiң қаражат есебiнен өтелетiн шетелдiк кредиттердi тарта отырып, салынып жатқан басым әлеуметтiк объектiлер құрылысын бюджеттен қаржыландыруға қызмет көрсету жөнiндегi агентi деп белгiленсiн.
      5. 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы қаулының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша Даму банкi шетелдiк кредит берушiлермен банкiаралық, жеке орташа және ұзақ мерзiмдi инвестициялық кредиттiк келiсiмдер жасасып, оларға қызмет көрсететiн болып белгiленсiн.
      6. Келiсiлген инвестициялық саясат жасау мен жүргiзудiң қажеттiгiн ескере отырып:
      Даму банкi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер ұсынған және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнде қаржыландыру үшiн тiркелген жобаларды сараптауды, таңдауды, қажет болған жағдайда конкурстық негiзде жүзеге асырсын.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Даму банкiсiмен келiсе отырып, қаржыландырылуына Даму банкiнiң өзiнiң, бюджеттiң және шетелдiк кредит берушiлер мен инвесторлардан тартылатын қаражаты есебiнен қалыптасқан қайтарылған кредиттiк ресурстардың жалпы көлемiнiң 60 процентiнен артпайтын мөлшерi жұмсалатын құны 50 (елу) млн. АҚШ долларынан асатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге берiп отырсын.
      Құны жоғарыда аталған сомадан аз жобалар бойынша заемшылармен кредиттiк шарттарды Даму банкiнiң Басқармасы белгiлеген Қаржыландыру және кредит беру ережелерiне сәйкес Даму банкi жасасады;
      Даму банкi өз кредит ресурстарының жалпы көлемiнiң 10 процентiн салалық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан шағын бизнестiң аса тиiмдi және өзiн тез ақтайтын инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға жұмсасын.
      7. Даму банкi келесi күнтiзбе жылында Даму банкi қаржыландыратын инвестициялық объектiлердiң географиялық орналасуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң облыстық басқармаларының қаржыландыру және кредит беру бөлiмдерiнiң құрамы мен мамандарын пайдалана отырып құрылатын облыстардағы филиалдарын ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды аяқтасын.
      1995 жылдың 1 наурызына дейiн Қазақстан Республикасының Экономиканы қайта жаңғырту қорының қаражаты есебiнен кредит берiлетiн объектiлер жөнiндегi қаржы және техникалық құжаттамаларды қабылдауды аяқтасын.
      Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары Даму банкiне өзiнiң жаңадан құрылып жатқан бөлiмшелерiн орналастыруға үй-жай таңдап алуына көмектессiн.
      8. <*>
      Ескерту. 8-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.12.
               N 813 қаулысымен.
      9. Даму банкi басқармасының құрамы жетi адам болып белгiленсiн.
      Даму банкi Басқармасының төрағасы екi апталық мерзiмде Басқарманың дербес құрамы жөнiнде Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
      10. Даму банкiсiне:
      Даму банкiсiнiң Басқармасы төрағасының төрт орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын ұстауға;
      еңбекақы төлеудiң жүйесi мен мөлшерiн және банк мамандарын материалдық ынталандыру мен әлеуметтiк қамтамасыз етудiң басқа да түрлерiн дербес белгiлеуге рұқсат етiлсiн.
      11. Даму банкiсiнiң Басқармасы төрағасының лауазымы медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету жағынан министр лауазымына, ал басқарма төрағасы орынбасарларының лауазымы министр орынбасарларының лауазымына теңестiрiлсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Даму банкiсi Басқармасының төрағасын және оның орынбасарларын үкiметтiк байланыс арналарымен, сондай-ақ қажеттi көлемде телефон, халықаралық телефакс байланыстарымен көрсетiлетiн қызметтi теңгемен өтелетiн етiп бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн.
      13. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн "Қазақстанның Даму банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 6 қыркүйектегi N 1849 Жарлығымен және осы қаулымен сәйкестендiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады