1995 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында болған Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Мемлекеттерi Басшылары мен Үкiметтерi басшыларының кездесуiнде қол қойылған келiсiмдер мен басқа да шешiмдердi жүзеге асыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 91.

      Экономикалық тұтастыруды одан әрi тереңдетудiң, толыққанды жұмыс iстейтiн Кеден құрудың объективтiк қажеттiлiгiн мойындай келiп, Қазақстан мен Ресей экономикаларының өзара толықтырымдылығы мен өзара тәуелдiлiгiнiң жоғары деңгейiн назарда ұстай отырып және 1995 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында болған Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Мемлекеттерi Басшылары мен Үкiметтерi Басшыларының кездесуiне қол қойылған Қазақстан - Ресей ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдете түсу туралы Декларацияны, келiсiмдер мен басқа да шешiмдердi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. Сыртқы iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Еңбек министрлiгi және Әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi мен ведомстволарын қатыстыра отырып қол қойылған Қазақстан - Ресей ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдете түсу туралы Декларацияны, Ресей Федерациясының аумағында тұрақты мекендейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты мекендейтiн Ресей Федерациясы азаматтарының Құқықтық мәртебесi туралы Шартты, Кеден одағы туралы Келiсiмдi, сондай-ақ 1995 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында мемлекетаралық және үкiметаралық деңгейде қол қойылған басқа да келiсiмдердi (хаттамаларды) жүзеге асыруға кiрiсетiн болсын.

      Бiрыңғай Кеден қалыптастырудың мақсаты мен принциптерi, оны құрудың тетiгi мен кезеңдерi, қызмет етуiнiң тәртiбi, сондай-ақ кедендiк баж салықтарын, салықтар мен алымдарды бөлу, уақытша шектеулер мен кедендiк бақылау енгiзу шарттары 1995 жылғы 6 қаңтарда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы Келiсiмде белгiленген.

      2. Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы алып қою мен шектеулерсiз еркiн сауда режимiн енгiзу туралы Хаттаманы үстiмiздегi жылдың 20 қаңтарынан бастап күшiне енгiзу үшiн тиiстi нормативтiк құжаттарды қабылдасын.

      3. Сыртқы iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен және басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып бекiтуге жататын құжаттар жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, белгiленген тәртiппен енгiзетiн болсын.

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi республиканың басқа министрлiктерiнiң және ведомстволарының қатысуымен 1995 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Президенттерi қол қойған Қазақстан - Ресей ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдете түсу туралы Декларациядан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелерiн Ресей Федерациясының тиiстi құрылымдарымен пысықтасын және тиiстi келiсiмдер мен құжаттарды үстiмiздегi жылғы 1 сәуiрге дейiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.

      5. Сыртқы iстер министрлiгi, Әдiлет және Экономика министрлiктерi Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерiнiң және ведомстволарының қатысуымен үстiмiздегi жылдың 1 наурызына дейiн 1992 жылғы 25 мамырдағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың негiзгi ережелерiн нақтыландыратын келiсiмдер мен құжаттар пакетiн әзiрлеп, енгiзетiн болсын.

      6. Сыртқы iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Еңбек министрлiгi мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерiнiң және ведомстволарының қатысуымен үстiмiздегi жылдың 1 наурызына дейiн екi ел арасындағы қатынастардың шарттық-құқықтық базасын жаңа шынайылыққа сәйкес келтiру, ұлттық заңдарды жақындастыру, сыртқы экономикалық қызметтiң үйлестiрiлуiне қол жеткiзу, салық және баға саясатын келiсу жөнiндегi нақты ұсыныстар әзiрлеп, енгiзсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Еңбек министрлiгi мен Әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi басқа министрлiктердiң және ведомстволардың қатысуымен азаматтық алудың, сондай-ақ екi жақ азаматтарының құқықтық мәртебесiн алудың оңайлатылған тәртiбiне байланысты құқықтарды жүзеге асырудың тетiгiн әзiрлесiн және оларды үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанында күшiне енгiзсiн.

      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Еңбек министрлiгi және Әлеуметтiк қорғау министрлiгi, тиiстi облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерiнiң және ведомстволарының қатысуымен үстiмiздегi жылдың 20 ақпанына дейiн Ресей Жағына берiлетiн әскери полигондарды жалдау жөнiндегi бiрлескен комиссияның қазақстандық бөлiгiн құратын болсын.

      9. Қорғаныс министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, сондай-ақ жергiлiктi әкiмдермен бiрлесiп, Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде контракт бойынша әскери қызметi және олардың мәртебесi туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Келiсiмдi жүзеге асыруға кiрiссiн, ал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi талап етiлетiн мәселелер бойынша ұсыныс енгiзсiн.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп ресей рублi мен Қазақстан теңгесi бағамының өзара айналымдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi және Ресей Федерациясының Үкiметi, Ресей банкi арасындағы Келiсiмдi жүзеге асыруды қамтамасыз ететiндiгi қаперге алынсын.

      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық банкпен бiрлесiп, басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволарды тарта отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қаржылық кiнәмшiлiктi өзара реттеу туралы Хаттаманы жүзеге асыру жөнiнде ұсыныс әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен бекiтуге енгiзсiн.

      12. Осы қаулының орындалуы үшiн тiкелей жауапкершiлiк министрлерге, ведомстволардың бiрiншi басшыларына, сондай-ақ облыстардың Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне жүктелсiн.

      13. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, ҚазТАГ, "Қазақстанның теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы, жергiлiктi әкiмдер, басқа да министрлiктер мен ведомстволар қабылданған құжаттар бойынша халық арасында кеңiнен түсiндiру жұмыстарын ұйымдастырсын.

      14. Осы қаулының жүзеге асырылуы үшiн жалпы бақылау жасау және оны қорыту Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының ТМД iстерi жөнiндегi бөлiмiне жүктелсiн. Тапсырмаға енгiзiлген құжаттарды тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың уақтылы әзiрлеуi мен табыс етуiн бақылау қосымшаға сәйкес мына бөлiмдерге: 2,3-тармақтары - Әлеуметтiк сала бөлiмiне 4,5,6,7, 15-тармақтары - Қорғаныс және жұмылдыруға даярлық бөлiмiне, 9,10,11,13,14-тармақтары - Қаржы, еңбек және әлеуметтiк қорғау бөлiмiне, 8-тармағы - Құқық қорғау органдары бөлiмiне, 12-тармағы - Сыртқы экономикалық байланыстар бөлiмiне, 16-тармағы - Мемлекеттiк басқару органдары бөлiмiне жүктелсiн.

      15. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 31 қазандағы N 442 өкiмiмен құрылған мемлекеттiк комиссияға (Есенғарин Н.Қ.) белгiленген тапсырмалардың және қол қойылған құжаттардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, мақсатында апта сайын, әрбiр сәрсенбiде тиiстi жұмыс топтарының мәжiлiстерiн өткiзiп отыру мiндеттелсiн.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-министрi


  Қазақстан Республикасы
 
 
  Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 25 қаңтардағы
N 91 қаулысына
қосымша
 
 
  Президент және үкiметаралық деңгейiнде қол қойылған
 
  (1995 жылғы 20 қаңтар) Ресей-Қазақстан құжаттарының
  келiсiмдерi мен шешiмдерiн жүзеге асыру жөнiндегi
  ТАПСЫРМАЛАР

      --------------------------------------------------------------------

      N | | Тапсырманың мазмұны|Орындалу|Жауапты орындау.

      | Құжаттың атауы | |мерзiмi |шылар (Қазақстан

      | | | |Республикасының

      | | | |министрлiктерi,

      | | | |мемкомитеттерi,

      | | | |ведомстволары)

      ----------------------------------------------------------------------

      1_|__________2_________|__________3_________|____4___|________5_______


      Россия Федерациясының Президентi Б.Н.Ельцин мен

      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев

      қол қойған құжаттар


      1 Қазақстан-Ресей Басшылыққа алу және Уағда. Сыртқыiсминi,

      ынтымақтастығын Декларацияның ласқан Экономминi,

      кеңейту мен тереңдете қағидаларын жүзеге мерзiмге Қаржыминi,

      түсу туралы асыру жөнiнде сәйкес Әдiлетминi,

      Декларациясы ұсыныстар әзiрлеу Ұлттық Банк,

      Ғылымминi,

      Мұнайгазминi,

      Қорғанысминi,

      Көлiккомуника .

      цияминi

      2 Ресей Федерациясының Орындауға, 1995 Сыртқыiсминi,

      аумағында тұрақты Материалдарды жылдың Әдiлетминi,

      мекендейтiн Қазақстан бекiтуге 1-тоқсаны Еңбекминi,

      Республикасының әзiрлеу Әлеуметминi,

      азаматтары мен Қаржыминi,

      Қазақстан Республикасының Қорғанысминi,

      аумағында тұрақты Бiлiмминi,

      мекендейтiн Ресей Меммүлiккомы,

      Федерациясы азаматтарының Iшкiiсминi,

      құқықтық мәртебесi басқа

      туралы Қазақстан министрлiктер

      Республикасы мен Ресей мен

      Федерациясы арасындағы Шарт ведомстволар


      3 Ресей Федерациясына Орындауға, 1995 Сыртқыiсминi,

      тұрақты мекендеуге келген Материалдарды жылдың Әдiлетминi,

      Қазақстан Республикасы бекiтуге 1-тоқсаны Iшкiiсминi,

      азаматтарының және әзiрлеу облыстардың,

      Қазақстан Республикасына Алматы және

      тұрақты мекендеуге келген Ленинск

      Ресей Федерациясы қалаларының

      азаматтарының азаматтық әкiмдерi

      алуының оңайлатылған

      тәртiбi туралы Қазақстан

      Республикасы мен Ресей

      Федерациясы арасындағы

      Келiсiм


      Үкiметаралық деңгейде қол қойылған құжаттар


      4 Ресей Федерациясы Орындауға, 1995 Қорғанысминi,

      азаматтарының Қазақстан Материалдарды жылдың Сыртқыiсминi,

      Республикасының Қарулы бекiтуге қаңтар Әдiлетминi

      Күштерiнде контракт әзiрлеу ақпаны

      бойынша әскери қызмет

      атқаруы және олардың

      мәртебесi туралы

      Қазақстан Республикасы

      мен Ресей Федерациясы

      арасындағы Келiсiм


      5 Ресей Федерациясының Орындауға, 1995 Әдiлетминi,

      Қазақстан Республикасының Материалдарды жылдың Қорғанысминi,

      аумағында уақытша бекiтуге 1-тоқсаны Сыртқыiсминi,

      орналасқан әскери әзiрлеу Iшкiiсминi,

      құрамаларының мәртебесi Денсаулықминi,

      туралы Қазақстан Республикасы Қаржыминi,

      мен Ресей Федерациясы Ұлттық Банк,

      арасындағы Келiсiм Прокуратура

      (келiсу бойынша)

      6 Ембi полигонын жалға Ұлттық валюталар Дайын Қорғанысминi,

      пайдаланудың шарттары айналысы туралы болуына Экономминi,

      туралы Қазақстан Келiсiмнiң жобасын қарай Қаржыминi,

      Республикасы мен Ресей әзiрлеу Денсаулықминi,

      Федерациясы арасындағы Меммүлiккомы,

      Келiсiм Ұлттық Банк,

      Мемжеркомы,

      Экобиоресурсминi,

      облыстардың

      әкiмдерi


      7 Сарышаған сынақ Полигонды және 1995 Қорғанысминi,

      полигонын жалға Приозерск қаласын жылдың Қаржыминi,

      пайдалану мен жалға берудiң 1 наурызы Денсаулықминi,

      Приозерск қаласының нақтылы талаптары Меммүлiккомы,

      тiршiлiк-қызметiн туралы шарттың Экономинi,

      қамтамасыз етудiң жобасын әзiрлеу, Ғылымминi,

      шарттары туралы Материалдарды Ұлттық Банк,

      Қазақстан Республикасы бекiтуге әзiрлеу Мемжеркомы,

      мен Ресей Федерациясы басқа да

      арасындағы Келiсiм мүдделi ұйымдар

      мен облыс

      әкiмшiлiктерi


      8 Ресей Федерациясы Жалға берудiң 1995 Қорғанысминi,

      Қорғаныс министрлiгiнiң нақтылы талаптары жылдың Қаржыминi,

      929 Мемлекеттiк туралы шарттың 1 наурызы Меммүлiккомы,

      ұшу-сынақ орталығын жобасын әзiрлеу. Дайын Мемжеркомы,

      (Қазақстан Республика Ресей Федерация. болуына Денсаулықминi

      сының аумағында орналас. сының әскери қарай

      қан объектiлер мен ұрыс құрамаларының

      алаңдарын) пайдалану мәртебесi мен құқық

      тәртiбi туралы қорғау органдарының

      Қазақстан Республикасы қарауға алуы туралы

      мен Ресей Федерациясы Келiсiм

      арасындағы Келiсiм


      9 Ресей Федерациясы Полигонды жалдау 1995 ж. Қорғанысминi,

      Қорғаныс министрлiгiнiң шартының жобасын 1 наурыз Меммүлiккомы,

      4 мемлекеттiк орталық әзiрлеу Мемжеркомы,

      полигонын (Қазақстан Материалдарды Қаржыминi

      Республикасының аумағына бекiтуге

      орналасқан объектiлер әзiрлеу

      мен ұрыс алаңдары)

      пайдалану тәртiбi туралы

      Қазақстан Республикасы

      мен Ресей Федерациясы

      арасындағы Келiсiм

      10.Кеден одағы туралы Атқарушы орган құру 1995 ж. Қаржыминi,

      Келiсiм туралы Келiсiм 1-тоқсан Өнеркәсiп.

      жобасын әзiрлеу саудаминi,

      Әдiлетминi,

      Экономминi,

      Сыртқыiсминi

      11. Ресей Федерациясы Құжаттарды iске асыру Қаржыминi,

      мен Беларусь мен әзiрлеу кезiнде осы Өнеркәсiп.

      Республикасы қосымшаның 10-тармағына саудаминi,

      арасындағы Кеден сәйкес негiзiне алынсын Әдiлетминi,

      одағы туралы Келiсiм Экономминi,

      Сыртқыiсминi,

      Денсаулықминi

      12. Сыртқы экономикалық Материалдарды 1995 ж. Экономминi,

      қызметтi реттеудiң бекiтуге әзiрлеу 1-тоқсан Өнеркәсiп.

      бiрыңғай тәртiбi туралы саудаминi,

      Қазақстан Республикасының Қаржыминi,

      Үкiметi мен Ресей Ұлттық Банк,

      Федерациясының Үкiметi Денсаулықминi

      арасындағы Келiсiм

      13. Ресей рублi мен қазақ Материалдарды 1995 ж. Ұлттық Банк,

      теңгесi бағамдарының бекiтуге әзiрлеу 1-тоқсан Қаржыминi,

      өзара еркiн айналымы Әдiлетминi,

      мен тұрақтануын Сыртқыiсминi

      қамтамасыз ету жөнiндегi

      шаралар туралы

      Қазақстан Рсепубликасының

      Үкiметi, Қазақстан

      Республикасының Ұлттық

      Банкi мен Ресей

      Федерациясының Үкiметi,

      Ресей Банкi арасындағы

      Келiсiм

      14. Ядролық оқ-дәрiлердi Ресей Федерациясының 1995 ж. Ғылымминi,

      кәдеге жарату кезiндегi аз байытылған уранды 1 наурыз Қорғанысминi,

      ынтымақтастық және өзара АҚШ-қа сатуынан Қаржыминi,

      есеп айырысу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқыiсминi,

      Ресей Федерациясының мен Ресей Экобиоресурс.

      Үкiметi мен Қазақстан Федерациясының өзара минi,

      Республикасының Үкiметi есеп айырысу тәртiбi Денсаулықминi

      арасындағы Келiсiм туралы Контрактi

      әзiрлеу

      15. Әскери мемлекетаралық Басшылыққа алу және Ұдайы Қорғанысминi,

      тасымалдарды ұйымдастыру орындау үшiн Iшкiiсминi,

      және олар үшiн есеп Көлiккоммуни.

      айырысу туралы Қазақстан кацияминi

      Республикасының Үкiметi

      мен Ресей Федерациясының

      Үкiметi арасындағы Келiсiм


      16. Арналы мұнай өнiмдерi Басшылыққа алу 1995 ж. Мұнайгаз.

      құбырларын пайдалану үшiн Материалдарды 1-тоқсан өнеркәсiпминi,

      кезiнде өзара iс-қимыл бекiтуге әзiрлеу Қаржыминi,

      туралы Қазақстан Меммүлiккомы

      Республикасының Үкiметi

      мен Ресей Федерациясының

      Үкiметi арасындағы Келiсiм


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Келісімдердің қазақ тіліндегі мәтіні қоса берілмеген.
      Ескерту. 1995 жылғы 20 қаңтардағы ҚР Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) өзгеріс енгізіліп, 8-бабы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 964 қаулысымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады