Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөнiндегi үкiмет комиссиясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 6 ақпандағы N 119

      1991 жылғы 31 шiлдедегi стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын
қысқарту мен шектеу туралы Шартқа орай 1992 жылғы 23 мамырдағы Лиссабон хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Россия Федерациясының стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөнiнде Үкiмет комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) мына құрамда құрылсын:
Школьник               - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Владимир Сергеевич       индустрия және сауда министрі, төраға

Байғарин Бекболат      - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Әбдіғалиұлы              индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс
                         өнеркәсібі жөніндегі комитетінің төрағасы,
                         төрағаның орынбасары     

Оспанов Б.С.           - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                         министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару
                         жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, Комиссия
                         төрағасының орынбасары <*>

                Комиссия мүшелерi:    

Жантикин Т.М.          - Қазақстан Республикасы Ғылым
                         министрлiгi-Ғылым академиясы жанындағы
                         Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiнiң бас
                         директоры, комиссия мүшесi    

Жәмішев                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы        бірінші вице-министрі   

Әбусейтов              - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қайрат Қуатұлы           істер вице-министрі     

Андрющенко             - Қазақстан Республикасының Экономика
Александр Иванович       вице-министрі     

Ғалишев                - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Артур Хисметұлы          қауіпсіздік комитеті басқарма бастығы
                        (келісім бойынша)     

Елеуішев               - Қазақстан Республикасының Табиғи
Бек-Болат Сәдуақасұлы    ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
                         министрлігі Мемлекеттік сараптау және
                         қоршаған орта мониторингі департаменті
                         директорының орынбасары     

Ишпанов                - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Алшағыр Нығметұлы        министрлігі Қару жарақты қысқартуға
                         бақылау және инспекциялық қызметті
                         қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың
                         бастығы     

Дүзбаева               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Мейрамгүл Алтынбекқызы   министрлігі Мемлекеттік мүлік және
                         жекешелендіру комитеті төрағасының
                         орынбасары     

Мұртазаев              - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Мұрат Арзаұлы     

Нұрғисаев              - Қызылорда облысының әкімі
Серікбай Өрікбайұлы     

Швайченко Ю.П.         - Шығыс-Қазақстан облысы әкiмiнiң
                         орынбасары  

Власов Н.А.            - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
                         министрiнiң орынбасары    
      Ескерту. Комиссия құрамына өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.05.04. N 615  және 1995.09.20. N 1271 , ҚР Үкіметінiң 1996.05.26. N 805 , 1998.07.25. N 699 , 1999.09.10. N 1363 , 2000.06.26. N 951  қаулыларымен.
      2. Комиссия:
      республиканың аумағында уақытша орналасқан стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою саласында Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн жүзеге асыру;
      жергiлiктi жерлердiң алғашқы күйiндегi ландшафтын қалпына келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының өкiлеттi органы болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi комиссиясының жұмыс органы болып белгiленсiн.<*>
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қорғаныс министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен, бiр ай мерзiмде комиссия туралы Ереженi әзiрлеп, оның жұмыс органының құрамы мен жұмыс тәртiбi туралы ұсыныс
енгiзсiн.
     ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен .    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

     

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады