Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөнiндегi Үкiмет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 119 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Котельников В.И. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Андрющенко А.И. - Қазақстан Республикасы экономика министрiнiң орынбасары, комиссия мүшесi Шоқаев Е.И. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары, комиссия мүшесi Елеукенов Д.Ш. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң халықаралық қауiпсiздiк және қару-жарақты, бақылау жөнiндегi басқармасының бастығы, комиссиясы мүшесi Жантикин Т.М. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiнiң бас директоры, комиссия мүшесi Брынкин В.А. - Торғай облысының әкiмi, комиссия мүшесi Сапарбаев Б.М. - Қызылорда облысының әкiмi, комиссия мүшесi Комиссия құрамына енгiзiлсiн: Н.И. Баев, Н.Ф.Красносельский, Л.С.Дагаев, Б.К.Нұрғалиев, Е.М.Баядилов, Ж.Қосабаев, С.Шаухаманов Комиссия құрамынан шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 119 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 маусым N 805
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз