1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi стратегиялық маңызы бар тауарлар номенклатурасы бойынша айырбас операцияларына жасалатын контрактылар мен берiлетiн лицензияларды тiркеудi облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң рұқсатының негiзiнде ғана жүзеге асырсын.
2. Халықаралық агроөнеркәсiп биржасы айырбас операциялары бойынша астық пен мақтаны экспортқа шығару үшiн сертификаттар берудi тек Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң рұқсатының негiзiнде ғана жүзеге асыратын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi экспортқа
өнiмнiң шығарылуына бақылауды күшейтсiн, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен өкiлеттi банктерге жөнелтiлген өнiмнiң мөлшерi мен валюта түсiмiнiң сомасын көрсетiп, жедел түрде кеден декларацияларының тiркелiмiн табыс етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi