Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Отандық өндiрiс тауарларының жекелеген түрлерiне акциз ставкалары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
Акциздердiң аталған ставкалары қосымша құнға салынбаған салықсыз еркiн баға негiзiнде 1995 жылдың 20 ақпаннан бастап жөнелтiлген акциздiк тауарлар /өнiмдер/ үшiн төленген есептер бойынша айналымдарға қолданылады.
2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден тысқары жерлерден, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден әкелiнген импорт тауарларының жекелеген түрлерiне акциз ставкалары осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
Жасалған контрактылар /шарттар, келiсiмдер/ бойынша және 1995 жылдың 20 ақпанына дейiн толық төленген оның iшiнде Қазақстан Республикасының басқа заңды ұйым-резидентi немесе резидент емесi, сондай-ақ бартерлiк операциялар бойынша төленген аталған тауарларға, егер тауарлар экспортқа 1995 жылдың 20 ақпанына дейiн шығарылған болса, 1995 жылдың 20 ақпанына дейiн қолданылып келген ставкалар бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 13 ақпандағы
N 146 қаулысына
N 1 қосымша
Отандық өндiрiстiң халық тұтыну тауарларының
жекелеген түрлерiне қойылатын
АКЦИЗ СТАВКАЛАРЫ
-------------------------------------------------------------------
Тауарлар атауы | Акциз ставкалары қосылған
| құнға салынатын салықсыз босату
| бағаларындағы құнға процент
| есебiмен
-------------------------------------------------------------------
Арақ 70
Кiлем және кiлем бұйымдары 0
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 13 ақпандағы
N 146 қаулысына
N 2 қосымша
Импортталған тауарларға қойылатын
АКЦИЗ СТАВКАЛАРЫ
-------------------------------------------------------------------
Сыртқы экономикалық қызмет| |Акциз ставкалары
тауар номенклатурасының | Тауарлардың атауы |кеден құнына
коды | |процент есебiмен
-------------------------------------------------------------------
180631, 180632, 180690 Шоколад және шоколад 55 */
өнiмдерi
2208 /220890910,
220890900-нан басқасы/ Күштi спирт iшiмдiктерi,
ликерлар және басқа алкоголь
iшiмдiктерi; 300 **/
сусын жасауға пайдаланылатын
құрамында спиртi бар жартылай
өнiмдер
2402 Сигаралар /оның iшiнде ұштары
қиылған/ сигариллалар және
темекiден немесе оны
алмастырғыштардан жасалған
сигареттер
100 **/
-----------------------------------------
Ескерту. */Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден
тысқары жерлерден әкелiнген тауарлар үшiн;
**/Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерден
тысқары жерлерден, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығына мүше мемлекеттерден әкелiнген тауарлар
үшiн.