Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға меншiктiң барлық нысанындағы ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерге берiлген кредиттер бойынша қарыздарды беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 6 наурыздағы N 224

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қор құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ұлттық Банкi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қор арасында 1995 жылғы 2 наурызда:
      Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға республика iшiндегi өзара қарыздарды есептеудiң дебет сальдосын өтеу және еңбекақы төлеу кредиттерi бойынша меншiктiң барлық нысанындағы ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң берешегiн беру тәртiбi жөнiнде;
      Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға меншiктiң барлық нысанындағы ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң алған директивтiк кредиттерi бойынша берешегiн беру тәртiбi жөнiнде;
      Орталықтандырылған кредит ресурстары бойынша ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң берешегiн Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға беру жөнiнде жасасылған келiсiм мақұлдансын (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қоры Ұлттық Банктiң қатысуымен, 1995 жылғы 15 наурызға дейiн аталған қаулыға қоса берiлiп отырған келiсiмдерге сәйкес, ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң республика iшiндегi ведомствоаралық есептеудiң дебеттiк сальдосын өтеу және еңбекақы төлеуге алған кредиттерi мен директивтiк кредиттерi және 1995 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша олар жөнiндегi айыппұл мен өсiмдер жөнiндегi берешегiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға беретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Ұлттық Банкiнiң және Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қордың облыстық филиалдарын құру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      4. Облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қор Кеңесiмен келiсiм бойынша, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы органдарының жанынан олардың құрамына мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық органдарының, облыстық агроөнеркәсiптiк банктердiң қаржы басқармасы органдарының және шаруа қожалықтары ассоциацияларының өкiлдерiн енгiзе отырып,

қордың облыстық филиалдарын құрсын.
     5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк
қор Кеңесi қордың облыстық филиалдары жөнiндегi ереженi әзiрлеп,
бекiтетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-министрi
                                     Қазақстан Республикасы
                                     Министрлер Кабинетiнiң
                                     1995 жылғы 6 наурыздағы
                                      N 224 қаулысымен
                                          Мақұлданған

        Меншiктiң барлық нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын
        өндiрушiлердiң өзара борыштың iшкi республикалық есебiнiң
        дебеттiк сальдосын өтеуге және жалақы төлеуге арналған
        кредиттер бойынша берешегiн Ауыл шаруашылығын қаржылай
        қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қорға беру тәртiбi туралы
                                Келiсiм

Алматы қаласы                           1995 жылғы 2 наурыз


      Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi, бұдан былай "Қаржыминi", министр А.С.Павлов арқылы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, бұдан былай "Ауылшарминi", министр Ж.С.Кәрiбжанов арқылы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қор, бұдан былай "Қор", президент А.Ф.Романов арқылы мына төмендегiлер туралы осы келiсiмдi жасады.

                1. Келiсiмнiң мәнi

      1.1. Осы арқылы Қор ауыл шаруашылығын тауар өндiрушiлерiнiң Қазақстан Республикасының банкiлерiнен орталықтандырылған кредиттiк ресурстар бойынша өзара берешектiң iшкiреспубликалық есебiнiң дебеттiк сальдосын өтеуге және жалақы төлеуге алған қысқа мерзiмдi кредиттерi жөнiндегi берешектi өз балансына алады.
      Берешектi беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң, Қаржыминi мен ауылшарминiнiң бiрлескен телеграммасымен белгiленедi.
      1.2. Қаржыминi Ауылшарминiне жер-жерлерде Қордың құрылымдық бөлiмшелерi құрылғанға дейiн, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен жоғарыда аталған кредиттер бойынша, берешектi өндiрiп алу құқын бередi.
      Осы Келiсiм бойынша, Қор Қаржыминi алдында өзiне жоғарыда аталған кредиттер бойынша, барлық берешектi және олар бойынша проценттердi 1995 жылдың 15 желтоқсанынан бастап 2 жыл iшiнде заемшылардан, олардың қаржы жағдайының тұрақтануын ескере отырып, өндiрiп алуына қарай және өндiрiлген соманы тиiсiнше, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне аудара отырып өтеу жөнiнде қалтқысыз мiндеттеме алады.
      1.3. Қордың Қаржыминi алдындағы берешегiнiң сомасы негiзгi қарыздан және жоғарыда аталған кредиттер бойынша 1995 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша қосылған проценттерден тұрады, бұл сомаға қарызға жұмыс iстегенi үшiн жылына 10 процент қосылып отырады.
      1.4. Қор Қаржыминiне қарызын белгiленген мерзiмде өтемеген жағдайда, Қордың мiндеттемелерiне жұмыс iстегенi үшiн Ұлттық Банктiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша алым алынады.
      1.5. Қорға жекешелендiрiлген ауыл шаруашылығы кәсiпорындары бойынша берiлген берешек Қор мен Қаржыминi арасында "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiрудiң ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес ресiмделетiн болады.
              2. Қосымша шарттар
      2.1. Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
      2.2. Осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар тараптардың

өзара жазбаша келiсiмi бойынша енгiзiледi.
     2.3. Өзара тиiмдi шешiмдерге қол жетпеген жағдайда, даулар
төрелiк сотта, заңда белгiленген тәртiппен шешiледi.
     2.4. Осы Келiсiм заңды құжат болып табылады, орыс тiлiнде
әр тарапқа бiр данадан төрт дана етiп жасалады, әрбiр дананың
заңдық күшi бiрдей.
                    Қазақстан Республикасының
                          Қаржы министрi

     Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
     Ауыл шаруашылығы министрi       Ауыл шаруашылығы министрлiгi          
 


                                     жанындағы Ауыл шаруашылығын

қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қордың президентi

                                  Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 наурыздағы N 224 қаулысымен Мақұлданған


            Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi
            мемлекеттiк қорға меншiктiң барлық нысанындағы
            ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер алған
            директивтiк кредиттер бойынша берешегiн беру
                         тәртiбi туралы
                            Келiсiм Алматы қаласы 1995 жылғы 2 наурыз

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, бұдан былай "Қаржыминi", министр А.С.Павлов арқылы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, бұдан былай "Ұлттық Банк", Басқарма төрағасы Д.Х.Сембаев арқылы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, бұдан былай "Ауылшарминi", министр Ж.С.Кәрiбжанов арқылы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қор, бұдан былай "Қор", президент А.Ф.Романов арқылы Қорға ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер алған директивтiк кредиттер бойынша берешектерiн беру тәртiбi жөнiнде осы келiсiмдi жасады.

                1. Келiсiмнiң мәнi

      1.1. Осы арқылы Қор ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң 1994 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қаржы министрлiгi мен облыстар әкiмдерiнiң кепiлдi мiндеттемелерiмен алған және Қаржыминiнiң N 806, N 796 және облыстық қаржы басқармаларының N 807, N 797 шоттарында дебиттелiнген, Ұлттық Банкке мерзiмiнде қайтарылмаған директивтi кредиттерi жөнiндегi берешегiн өз баласына қабылдайды.
      Қаржыминiмен, облыстық қаржы басқармаларымен, Қормен келiсiлген директивтi кредиттер жөнiндегi берешектер мен оларға есептелген проценттер Қаржыминiнiң және облыстық қаржы басқармаларының шоттарынан Қордың Ұлттық Банктегi жекелеген есебiне кредит ресурстарын Қаржыминi мен облыстық қаржы басқармалары Ұлттық Банк арқылы бiр мезгiлде бере отырып, дебиттелiнедi.
      1.2. Бұдан әрi Қаржыминi мен облыстық қаржы басқармалары Қорға директивтiк кредиттер және оларға есептелген, бiрақ өндiрiп алынбаған проценттер жөнiндегi мерзiмiнде қайтарылмаған, Қорға берiлген берешектердi заемшы - ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден өндiрiп алу жөнiндегi құқын бередi.
      1.3. Осы арқылы Қор Қаржыминi мен облыстық қаржы басқармаларының алдында 1995 жылғы 15 желтоқсаннан бастап, екi жыл iшiнде заемшылардан өндiрiп алу жағдайына орай, олардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруды және тиiсiнше, республикалық, жергiлiктi бюджеттер кiрiсiне аударуын ескере отырып, директивтiк кредиттер бойынша барлық берешектерi мен проценттерiн өтеу жөнiнде өздерiне қалтқысыз мiндеттеме қабылдайды.
      1.4. Қордың Қаржыминiне берешегiн өтеу шарты Қордың,

Ұлттық Банктiң және Қаржыминiнiң арасындағы қосымша келiсiмiмен
келiсiледi.
              2. Қосымша шарттар

     2.1. Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап күшiне
енедi.
     2.2. Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу 
тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
     2.3. Өзара мәмiлелi шешiмдерге қол жетпеген жағдайда,
келiспеушiлiк кеңес өткiзу және Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң шешiм қабылдауы арқылы шешiледi.
     2.4. осы Келiсiм заңды құжат болып табылады және тараптар
үшiн бiр-бiрден орыс тiлiнде жасалады, олардың әрқайсысының
заңдық күшi бар.

     Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасы 
        Қаржы министрi               Ұлттық Банк Басқармасының
                                              төрағасы
     Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
     Ауыл шаруашылығы министрi       ауыл шаруашылығы министрлiгi
                                     жанындағы Ауыл шаруашылығын
                                     қаржылай қолдау жөнiндегi
                                     мемлекеттiк қордың президентi


                                 Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 наурыздағы N 224 қаулысымен Мақұлданған


            Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң
          орталықтандырылған кредиттер жөнiндегi берешегiн
          Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi
              мемлекеттiк қорға беру тәртiбi туралы
                             Келiсiм Алматы қаласы 1995 жылғы 2 наурыз

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, бұдан былай "Қаржыминi", министр А.С.Павлов арқылы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, бұдан былай "Ұлттық Банк", Басқарма төрағасы Д.Х. Сембаев арқылы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, бұдан былай "Ауылшарминi", министр Ж.С. Кәрiбжанов арқылы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қор, бұдан былай "Қор", президент А.Ф.Романов арқылы мына төмендегiлер туралы осы келiсiмдi жасады.

                    1. Келiсiмнiң мәнi

      1.1. Осы арқылы Қор ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң жалақыға, өзара қарыздардың iшкiреспубликалық дебеттiк сальдосын өтеуге өз айналым қаражатының жетiспеуiнен алған кредиттердi, сондай-ақ директивтiк кредиттердi қоспағанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерi бойынша орталықтандырылған кредиттiк ресурстар есебiнен банктер арқылы алған кредиттер жөнiндегi және қосылған, бiрақ өндiрiп алынбаған проценттер, айыппұлдар, өсiмдер жөнiндегi берешегiн (кейiнге қалдырылған және мерзiмi өткен берешегiн қоса есептегенде) 1995 жылдың 1 наурызындағы өз балансына алады.
      1.2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге iшкiреспубликалық есеп жүргiзуге, жалақыға, өз айналым қаражатын толықтыруға және директивтiк кредиттерге бөлiнген кредиттер жөнiндегi берешектi Қордың балансына беру тәртiбi Қаржыминi, Ауылшарминi, Қор мен Ұлттық Банк арасындағы жеке келiсiмдермен белгiленедi.
      1.3. Ұлттық Банк Қор үшiн жеке шот ашады.
      1.4. Банктер Қаржыминiнiң, ұлттық Банктiң, Ауылшарминiнiң бiрлескен нұсқауы негiзiнде Қордың баласына берiлетiн берешек сомасын анықтайды және Ұлттық Банкпен келiскеннен кейiн, оларды Қордың шотына дебеттейдi.
      1.5. Қордың берешектi өтеуi мен ресурстар үшiн ақы

төлеуiнiң шарттары Қордың, Ұлттық Банк пен Қаржыминiнiң арасында
шарттар жасалған кезде келiсiледi.

                  2. Қосымша шарттар

     2.1. Осы келiсiм қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
     2.2. Осы келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар тараптардың
өзара және жазбаша келiсiмi бойынша енгiзiледi.
     2.3. осы келiсiм заңды құжат болып табылады, орыс тiлiнде
әр тарапқа бiр данадан төрт дана етiп жасалады, әрбiр дананың
заңдық күшi бiрдей.
          
     Қазақстан Республикасының     Қазақстан Республикасы
           Қаржы министрi         Ұлттық Банк Басқармасының
                                           Төрағасы

     Қазақстан Республикасының     Қазақстан Республикасының 
     Ауыл шаруашылығы министрi    Ауыл шаруашылығы министрлiгi
                                  жанындағы Ауыл шаруашылығын 
                                  қаржылай қолдау жөнiндегi
                                  мемлекеттiк қордың президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады