1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Ақ жол" мемлекеттiк холдинг компаниясы Байқау кеңесiнiң осы компанияны "Сельхозмаш" ауыл шаруашылығы машиналарын жасау жөнiндегi ашық түрдегi акционерлiк компания (бұдан былай - "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясы) етiп қайта құру туралы шешiмiне келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
<*>
қажет болған жағдайда "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдарға "Алтын акция" енгiзiлсiн және осы Компанияға оларды иелену құқын берсiн;
"Сельхозмаш" акционерлiк компаниясына өз құрамына кiретiн акционерлiк компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату құқын беретiн болсын;
бiр ай мерзiм iшiнде "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясымен бiрлесе отырып осы Компанияның құрылтай құжаттарын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінің 1996.04.26.
N 509 қаулысымен. P960509_
3. Ерекше жағдайда ретiнде, акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан түсетiн барлық қаржы, "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясының арна шотына түседi және тек қана өндiрiстi инвестициялауға, кәсiпорындарды техникалық қайта жарақтандыруға, осы Компания қызметiн өркендетуге пайдаланылады деп белгiленсiн.
4. "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясы бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компания құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бөлiгiн сату бағдарламасын ұсынатын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi және Қаржы министрлiгi Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатудан алынған қаржыны "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясының мақсатты пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
6. "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясы "Ақ жол" мемлекеттiк холдинг компаниясының құқылы мұрагерi болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне және Ауыл шаруашылығы министрлiгiне "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясының қызметiн мемлекеттiк реттеу мен үйлестiру қызметi жүктелсiн.
8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ақ жол"
мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы" 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 848 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,. N 36, 421-бап) және "Ақ жол" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi және Байқау кеңесi туралы" 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 792 қаулылары күшiн жойған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 наурыздағы N 279 қаулысымен Бекiтiлген "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың ТIЗБЕСI "Поршень" АҚ (Алматы қаласы) "Запчасть" АҚ (Жамбыл қаласы) "Қызылордарисмаш" АҚ (Қызылорда қаласы) "Тоғызақ механика заводы" АҚ (Комсомолец поселкесi, Қостанай облысы) "Павлодартрактор" АҚ (Павлодар қаласы) "Құю-ұста заводы" АҚ (Павлодар қаласы) "Сталь" АҚ (Павлодар қаласы) "Қалқаман жол машиналары заводы" АҚ (Қалқаман поселкесi, Павлодар облысы) "Петропавл шағын литражды двигательдер заводы" АҚ (Петропавл қаласы) "Қостанай дизель заводы" АҚ (Қостанай қаласы) "Мамлют машина жасау заводы" АҚ (Мамлютка қаласы, Солтүстiк Қазақстан облысы) "Талап" АҚ (Булаево қаласы, Солтүстiк Қазақстан облысы) "Целинсельмаш" АҚ (Ақмола қаласы) "Казахсельмаш" АҚ (Ақмола қаласы) "Литмаш" АҚ (Ақмола қаласы) "Манкентсельмаш" АҚ (Белые Воды селосы, Оңтүстiк Қазақстан облысы) "Дарбаза үлгiлiк материалдар карьерi" АҚ (Дарбаза поселкесi, Сарыағаш ауданы, Оңтүстiк Қазақстан облысы) "Қарасор КБК" АҚ (Қарасор поселкесi, Павлодар облысы) "Гипрониихиммаш" АҚ (Алматы қаласы) "Павлодар автоматтандырылған басқару жүйесi жобалау-конструкторлық институты" (ЖКИ АБЖ) (Павлодар қаласы) "Ақ жол банк" АҚ (Алматы қаласы)