"Ауылшармаш" акционерлiк компаниясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi N 509

      "Елдегi селоны және агроөнеркәсiп кешенiн 1996-1997 жылдары мемлекеттiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" және "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарына сәйкес нарықтық қатынастарды қалыптастыру, бәсекелестiктi дамыту, жекешелендiру процестерiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Ауылшармаш" акционерлiк компаниясына қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес акциялардың мемлекеттiк пакетiн және купондық аукциондарда, акционерлiк қоғамда сатылмаған акцияларды иелену, иелiк ету құқығын берсiн.
      2. "Ақ жол" мемлекеттiк холдинг компаниясының мәселелерi"

 

туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17

наурыздағы N 279 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995

ж., N 9, 105-бап) 2-тармағының 2 абзацының күшi жойылған деп

танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                   Қазақстан Республикасы

                                        Үкiметiнiң

                                   1995 жылғы 26 сәуiрдегi

                                       N 509 қаулысына

                                             қосымша


          "Ауылшармаш" акционерлiк компаниясының иелену

          және иелiк етуi құқығына акцияларының мемлекеттiк

          пакеттерi және купондық аукциондарда сатылмаған

          акциялары берiлетiн акционерлiк қоғамдар тiзбесi


     "Поршень" АҚ-ы, Алматы қаласы

     "Запчасть" АҚ-ы, Жамбыл қаласы

     "Қызылордакүрiшмаш" АҚ-ы, Қызылорда қаласы

     "Тоңғызақ механика заводы" АҚ-ы, Комсомолец поселкесi,

     Қостанай облысы

     "Павлодартрактор" АҚ-ы еншiлес кәсiпорындармен, Павлодар қаласы

     "Петропавл аз тиражды двигательдер заводы" АҚ-ы, Петропавл

      қаласы

     "Қостанай дизель заводы" АҚ-ы, Қостанай қаласы

     "Мамлют машина жасау заводы" Мамлют қаласы, Солтүстiк Қазақстан

     облысы

     "Талап" АҚ-ы, Булаево қаласы, Солтүстiк Қазақстан облысы

     "Целинсельмаш" АҚ-ы, Ақмола қаласы

     "Қазақсельмаш" АҚ-ы, Ақмола қаласы

     "Литмаш" АҚ-ы, Ақмола қаласы

     "Манкентсельмаш" АҚ-ы, Белые Воды селосы, Оңтүстiк Қазақстан

     облысы

     "ГипроНИИхиммаш" АҚ-ы, Алматы қаласы

     "Павлодар басқарудың автоматтандырылған жүйесiнiң

     жобалау-конструкторлық институты" (ПКИ АСУ) АҚ-ы Павлодар қаласы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады