Франциядағы Қазақстан Республикасы Сауда-экономикалық өкiлдiгiнiң жұмысы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 23 наурыздағы N 322. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" конституциялық Заңды және "Шетелдегi Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 1161  K931161_  қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 119-бап) орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Европа елдерiнiң арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру және кеңейту, экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, Европада iскер әрiптестердi iздеу мен iрiктеу, бұрын қол жеткен уағдаластықты шешуге жаңа импульс беру, европалық экономикалық құрылымдық бөлiмшелерiмен ғылыми-техникалық қатынастарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Франциядағы Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық өкiлдiгiне Европа елдерiмен (сауда өкiлдiгi жоқтарымен) үкiметаралық комиссиялардың жұмыс аппаратының мәртебесi берiлсiн. 
      2. Франциядағы Қазақстан Республикасы Сауда-экономикалық өкiлдiгiнiң Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп Европа елдерiмен сауда-экономикалық келiсiмдерiн әзiрлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк, акционерлiк, холдингтiк және жеке компанияларды қоса алғанда, экономикалық құрылымдардың бiрлескен интеграциясына қолайлы жағдайлар жасауға қатысуы аса маңызды мiндетi деп саналсын. 
      3. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамту және Европа елдерiнде (Сауда өкiлдiгi жоқтарына) үкiметаралық келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасау мақсатында Франциядағы Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық өкiлдiгiне қосымша мәртебе берiлiп және Парижде штаб-пәтерi белгiленiп, Европада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сауда-экономикалық мүдделерiн жүргiзу ұсынылсын. 
      4. Франциядағы Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық өкiлдiгi шет елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемесi мәртебесiнде өзiн-өзi қаржыландыру жағдайында 1995 жылдың 1 наурызынан бастап жұмыс iстеп жатқан Басқарма құқындағы Министрлер Кабинетiнiң құрылымдық экономикалық бөлiмшесi болып саналсын.
     5. Европа мемлекеттерiндегi Қазақстан Республикасының Елшiлiктерi Франциядағы Қазақстан Республикасы Сауда-экономикалық өкiлдiгiнiң қызметiне жәрдем беретiн болсын.         

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрiнiң
       бiрiншi орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады