Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жанындағы Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс жөнiндегi департаменттiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 27 наурыздағы N 342

      Шетел мемлекеттерi елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдары өкiлдерiнiң қызметi үшiн қолайлы жағдай туғызу, мүлiктiк өзара қарым-қатынас пен бюджет қаражатын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жанындағы Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс жөнiндегi департамент (бұдан әрi - Департамент) 1995 жылғы 1 наурыздан бастап шаруашылық есепке және өзiн өзi қаржыландырылуға көшiрiлсiн.
      2. Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсу бойынша Департамент туралы қолданылып жүрген Ережеге тиiстi өзгерiстер енгiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша Департамент қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттарын қайта қарайтын болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады