Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 31 наурыздағы N 378

      Ғылыми зерттеулердi кеңейтiп, тереңдету және оның нәтижелерiн агроөнеркәсiп кешенi салаларына тиiмдi енгiзу, республиканың Шығыс аймағының ғылыми потенциалын барынша ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы, Қазақ майлы дақылдар тәжiрибе станциясы, Қазақ омарта шаруашылығы тәжiрибе станциясы, Зырянов мемлекеттiк селекция станциясы, Қазақ мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу мал дәрiгерлiгi станциясы негiзiнде - Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру жөнiнде (Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Опытное поле поселкесi) Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты қызметiнiң мынадай бағыттары белгiленсiн: жер iстерi, дәндi, дәндi-бұршақты, жармалық, майлы және жемдiк дақылдар селекциясы мен өсiру технологиясы мүйiздi iрi қараның қой мен жылқының қолда барын жетiлдiру және жаңа тұқымдарын, түрлерiн, жүйелерiн жасау, ара селекциясы мен омарта шаруашылығы өнiмдерiн өндiру технологиясы.
      3. Аталған институтты ұстау Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына көзделген бюджеттiк қаржылары шегiнде жүзеге асырылсын.
      4. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Президиумы Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесе отырып екi ай iшiнде Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрылымын белгiлесiн.
      5. Жаңадан құрылған институт құрамында мыналар:
      Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы мен Қазақ омарта шаруашылығы тәжiрибе станциясының негiзiнде "Шығыс Қазақстан" тәжiрибе шаруашылығы;
      Қазақ майлы дақылдар тәжiрибе станциясының негiзiнде майлы дақылдар тәжiрибе шаруашылығы;
      Зырянов мемлекеттiк селекция станциясының негiзiнде "Зырянов" тәжiрибе шаруашылығы құрылсын.
      6. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1997.04.04.
               N 485 қаулысымен. P970485_
      7. Мыналар:
      Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Республиканың ауыл шаруашылығы бойынша ғылыми-зерттеу мекемелердiң жұмысын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" 1956 жылғы 21 тамыздағы N 501 қаулысына N 5 қосымшаның Қазақ омарта шаруашылығы тәжiрибе станциясының штаттық құрылымы мен Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясының құрылымын бекiту бөлiгiнiң;
      "Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясын ұйымдастыру мәселелерi" жөнiндегi Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 17 сәуiрдегi N 240 қаулысына (ҚазССР ҚЖ, 1991 ж., N 11, 73-бап) N 2 қосымшаның Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының құрамына кiретiн ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктердiң, ғылыми ұйымдардың, тәжiрибе шаруашылықтары мен совхоздардың Тiзбесiне Қазақ мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу институтының Шығыс Қазақстан мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу станциясын (Өскемен қаласы), Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясын, Зырянов мемлекеттiк селекция станциясы (Шығыс Қазақстан облысы) және Қазақ омарта шаруашылығы тәжiрибе станциясын (Шығыс Қазақстан облысы) енгiзу бөлiгiнiң;
      "Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының ғылыми-зерттеу мекемелерiн қайта құру және атауларын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 сәуiрдегi N 315 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 14, 241-бап) N 2 қосымшаның В.С.Пустовойт атындағы Бүкiлодақтық майлы дақылдар ғылыми-зерттеу институтының Қазақ майлы дақылдар тәжiрибе станциясын Қазақ майлы дақылдар тәжiрибе станциясы етiп (Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының атаулары қайта өзгертiлетiн ғылыми-зерттеу мекемелерi Тiзбесiнiң 2 бағанының екiншi абзацы) қайта өзгерту бөлiгiнiң күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады