Мемлекеттiк мүлiктi мемлекет иелiгінен алу және жекешелендiру туралы заңды қолдануға байланысты дауларды шешу тәжiрибесінің кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1995 жылғы 8 ақпан N 3. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.

      Осы санаттағы iстердiң сот-төрелiк тәжiрибесiн қорытындылау мемлекет иелiгінен алу және жекешелендiрумен байланысты дауларды төрелiк соттардың негізiнен дұрыс шешетiндiгін дәлелдедi.

      Сонымен бiрге, төрелiк соттардың жекелеген қате шешімдер қабылдауы, iстiң материалдары мен жағдайларын толық зерттемеуi, тараптардың дәлелдерi мен қарсылықтарын ескермеуi, процестi бұзушылыққа жол беруi орын алған.

      Кейбiр iстер бойынша шешiмдер заңға сiлтеусiз баяндалады.

      Алдын алу жұмыстарының тиiмдiлiгi жеткiлiксiз.

      Сот-төрелiк тәжiрибесiнiң бiркелкілiгiн қамтамасыз ету мақсатымен, "Қазақстан Республикасының төрелiк сот туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының Пленумы

      қаулы етедi:

      1. Даулы актiлер мен мәмiлелердiң қатысушыларды заңды тұлға болып табылған және заңда басқаша көзделмеген жағдайда, мемлекеттік мүлiктi мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiруге байланысты даулар төрелiк соттарда қарайды.

      2. Iстердi қарауға дайындаған кезде, жағдайды толық және жан-жақты зерттеу мақсатында төрелiк соттар мемлекеттiк мүлiктi қайта құрудың даулы актiлерi мен мәмiлелерiне қатысушылардың барлығын талап ретiнде iске қатыстырғаны жөн.

      3. Дауларды шешкен кезде, егер заңды күшiне енгiзу туралы актіде басқасы көзделмесе, даулы құқықтық қатынастар туындаған кезде күшiнде болған заңдарды басшылыққа алған жөн.

      Төрелiк соттар "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендіру туралы" Заңының 24 баппен 3 тармағының күшi (12.04.93 жылғы редакциясында) осы Заң күшiне енгенге дейiн күшiнде болған заңдарға сәйкес шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бекiткен мемлекеттiк мүлiктi сатып алу-сату мәмілелерiне тарамайтындығын ескеруi керек, өйткенi ол заңда мемлекеттiк мүлiкке меншiк нысанын өзгерту актілерi заңсыз болып танылған жағдайда комитеттiң төрелiк сотқа ұсыныс енгiзуi үшiн нақты негiздер анықталған.

      "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Заңның 10 бабына сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындарды, бiрлестiктердi ұйымдық-басқарушылық құрылымдар - акционерлiк қоғамдарға, холдингтерге тiркеу және қайта құру Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы комитетiнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана жүргiзiлетiндiгін ескеру керек. Ал ол аталған заңның 6, 8 баптарында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу және қайта құру актiлерiн толық не iшiнара жарамсыз деп тану туралы төрелiк соттарға шағым жасауға құқылы.

      4. Мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың иелiгiндегi мүлiкке меншiк құқығын тануға немесе оған таласқа байланысты дауларды, сондай-ақ осындай мүлiкке қатысты мемлекеттiк мүлiктi қайта құру органдарының актiлерiн шешкен кезде төрелiк соттар "Қазақстан Республикасындағы меншiк туралы" Заңын, Азаматтық заң негiздерiн басшылыққа алғаны жөн. Онда мүлiк иесi болмаған, бiрақ мүлiктi өз меншiгiндей адал, ашық және үздiксiз қозғалмайтын мүлiкке 15 жыл, ал өзге мүлiкке кем дегенде 5 жыл ие болған заңды тұлға сол мүлiкке меншiк құқығын алатындығы белгiленген.

      Меншiк құқығын алғанға дейiн мүлiк иесi емес, бiрақ мүлiктi өз меншiгiндей иеленген заңды тұлға меншiк иесi емес, сондай-ақ заң актiлерiмен немесе шартта көзделген басқа негiздер бойынша иелену құқы жоқ үшiншi жақтардан өз қожалығын қорғауға құқылы.

      5. КСРО және республикалардың Азаматтық заң негіздерiнiң 26 және Қазақ КСР Азаматтық кодексiнiң 41 бабына сәйкес мемлекеттiк мүлiктi қайта құру туралы мәмiлелер мен актiлер азаматтық-құқықтық мәмiлелер болып табылады және тиiсiнше оларға азаматтық заңдардың жалпы нормалары қолданылады.

      Мемлекеттiк мүлiктi мемлекет иелiгінен алу және жекешелендiру актiлерiн заңсыз деп тану туралы дауларды шешкен кезде төрелiк соттар мәмiленi заңсыз деп тану жағдайындағы реституция туралы азаматтық заң нормаларын, заңсыз мәмiле жасаған тараптар кiнәсiнiң мөлшерiн, мүлiктiң қаржыларды пайдаланған уақытын ескеруi керек.

      6. Мемлекеттiк бiрлестiктер құрылымдық бөлiмшелерiнiң меншiктiң мемлекеттiк емес нысанына қайта құрылуы "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сәйкес жүргiзiледi, бұл орайда төрелiк соттар Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының 26.03.93 жылғы N 2/2 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындарды ашық түрдегi акционерлiк қоғамдарға қайта құру туралы ережесiн назарға алуы керек. Ал ол, қызметi технологиялық жағынан бiрлестiктің өндiрiстiк жүйесiмен байланысты емес құрылымдық бөлiмшелердi ашық түрдегі акционерлiк қоғамдарға жекешелендiруге мүмкiндiк бередi.

      7. Акционерлiк қоғамның, басқа мемлекеттік емес құрылымның құрылтайшы құжаттарын заңсыз деп тану туралы дауларды шешкен кезде төрелiк соттар заңды тұлғаларды таратудың негiздерi мен тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындар туралы", "Шаруашылық жолдастықтар мен акционерлiк қоғамдар туралы", "Меншiк туралы" Заңдарымен, Азаматтық кодекспен анықталатындығын ескерiп, меншiк иеленушiлерге қайта құрылған кәсiпорынды қайта ұйымдастыруды немесе таратуды Қазақстан Республикасы заңдарымен анықталған тәртiп бойынша жүргiзудi ұсынуы керек.

      8. Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру барысында мүлiкке меншiк құқығы туындауы туралы мәселенi шешкен кезде "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Заңының 24 бабының және "Шаруашылық жолдастықтар мен акционерлiк қоғамдар туралы" Заңының 68 бабының мәнiн басшылыққа алу керек. Оларға сәйкес сатып алу-сату шарты бекiтiлген немесе шаруашылық жолдастық, акционерлiк қоғам тiркелген кезден бастап меншiк құқығы сатушыдан сатып алушыға өтедi.

      9. Егер сатып алынған объектiнiң толық бағасы төленгенге және құқық меншiгiне ие болу туралы мемлекеттiк акт берiлгенге дейiн сатып алушы мен сатушы арасында мәмiле бойынша тараптардың мiндеттерiн көздейтiн (төлем көзi, мерзiмi және тәртiбi, жекешелендiрiлген мүлiктi пайдалану және т.б.) шарт бекiтiлсе, онда Азаматтық кодекстiң 47 бабына сәйкес мұндай келiсiмдер шартты түрде бекiтiлген деп бағаланады.

      Сатып алушы меншiк құқығына ие болғаннан кейiн келiсiм жөнiндегi мiндеттердi орындамаған жағдайда мүдделi тарап шартты бұзу туралы мәселенi қоюға құқылы.

      10. Мемлекет меншiгін мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы немесе мемлекеттiк меншiктi қайта құру кезiнде мүлiк бағасына дұрыс баға бермеу және акцияларды орналастыру (сату) тәртiбiн бұзу негiздерi бойынша таласты актiлер мен мәмiлелерге байланысты дауларды қараған кезде Азаматтық заң негiздерiнiң 65 бабын басшылыққа алған жөн. Оған сәйкес өтеу келiсiмiнiң орындалуы тараптар келiсiмiмен белгiленген баға бойынша төленедi. Заң актiлерiмен көзделген жағдайларда келiсiм бағасы өкiлеттi мемлекеттік органдармен бекiтiлген және реттелген бағаларды, тарифтердi және т.б. ескере отырып тараптардың келiсiмiмен анықталады. Келiсiм бағасын ол бекiтiлгеннен кейiн өзгерту тек келiсiмде және заңда көзделген жағдайлар мен шарттарда болуы мүмкiн.

      11. Мемлекет иелiгінен алу және жекешелендiру туралы дауларды шешу барысында төрелiк соттар мемлекет иелiгінен алу мен жекешелендiру туралы заңды бұзушылықтарға жол беретiн мемлекеттiк билiк және басқару органдары атына жеке ұйғарымдар шығару, жекешелендiруге, объектiлердiң бағасын төмендетiп, заңсыз мәмілелермен шығын келтiрiлуiне мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiруге қатысқысы келетiн Қазақстан Республикасының жаңа меншiк иеленушiлерi мен азаматтарының заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзуға кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту арқылы алдын алу жұмыстарының тиiмдiлігiн арттыру қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады