"Алым" акционерлiк қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 4 сәуiр 1995 ж. N 405

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шаруашылық Басқармасының ШБ ұйымдары - құрылыс-монтаж басқармасының, N 2 автомобиль шаруашылығы мен өндiрiстiк базаның мүлкi негiзiнде ашық типтi "Алым" акционерлiк қоғамын құру туралы ұсынысы қабыл алынсын.
      2. "Алым" акционерлiк қоғамның акцияларын бөлудiң мынадай тәртiбi бекiтiлсiн:
      10 процентi - "Алым" акционерлiк қоғамның құрылуына негiз болған ұйымдардың қызметкерлерiне қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлерге сәйкес өтеусiз берiледi;
      51 процентi мемлекеттiң меншiгiне бекiтiледi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты мен Министрлер Кабинетiнiң келiсуi бойынша өткiзiлуi мүмкiн;
      акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң қалған бөлiгi (қоғамның жарғылық қорының 39 процентi) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өткiзiледi.
      3. "Алым" акционерлiк қоғамы өзiнiң құрылуына мүлкi негiз болған ұйымдардың материалдық, қаржылық және өзге де құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде "Алым" акционерлiк қоғамын құру жөнiндегi құрылтай құжаттарын қарап, бекiтсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады