"Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы жүйесiндегi ұйымдардың дәрi-дәрмектiк заттарды сатып алу мен сатудың белгiленген тәртiбiн елеулi түрде бұзғандығы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 428

      "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясының (бұдан әрi - "Фармация" холдингi), облыстық және Алматы қалалық "Фармация" акционерлiк қоғамдарының қызметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң органдары жүргiзген тексерулер кезiнде дәрi-дәрмектердi сатып алу мен сатудың белгiленген тәртiбiнiң елеулi түрде бұзылғандығы, импорттық дәрiлердi сатып алуға бөлiнген кредит ресурстары мен бюджет қаржысының тиiмсiз пайдаланылғандығы, бiрқатар жағдайларда олардың бағасының негiзсiз төмендетiлгенi, сондай-ақ пайданы салық салудан жасырушылық, қаржы тәртiбiнiң басқа да бұрмалаушылық фактiлерi анықталды.
      Жеткiзушiлерден өтiмсiз дәрiлердi және олардың сапа сертификаттары болмаса да көп мөлшерде сатып алуға жол берiлуде, сондықтан олар көбiнесе өтпей қалады.
      Сатып алынатын дәрi-дәрмектiң сапасына тиiстi бақылаудың жоқтығы қаражаттың өнiмсiз жұмсалуына апарып соқтырғандығын былай қойғанда, тiптi республика халқының денсаулығына зиян келтiретiндей зор қатер туғызуда.
      Шетел фирмаларының дәрi-дәрмектi уақтылы және толық көлемде жеткiзуiне, импорттық медициналық дәрi-дәрмектi сатып алуға бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуына республиканың Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Фармация" холдингi тарапынан тиiстi бақылау жоқ. 1992-1993 жылдардан бастап Ресейдiң дәрi-дәрмек өндiрушi кәсiпорындары айтарлықтай берешек болып отыр.
      Семей облыстық "Фармация" акционерлiк қоғамы тарапынан бақылаудың болмауын пайдаланған "Богас" корпорациясы шетелдiк фирмалардан дәрi сатып алу үшiн өзiне 1993 жылдың мамырында берiлген 200 млн. рубльдi мыс сатып алып, экспортқа шығару үшiн пайдаланылған, ал 148379 АҚШ доллары мөлшерiндегi алынған түсiмдi өзiнiң коммерциялық мақсаттарына жұмсаған.
      Жекелеген акционерлiк қоғамдар дәрi-дәрмектi коммерциялық құрылымдарға үстеме бағасыз босатқан, сол себептi, айып шараларын ескергенде, 575 мың теңге мөлшерiндегi ысырапқа жол берiлген.
      "Фармация" холдингi 1993 жылы пайданы кемiту салдарынан 695 мың теңге сомасында пайдаға салынатын салықты бюджетке кем төлеген, ал "Фармация" облыстық акционерлiк қоғамдары 86,3 млн. теңге сомасындағы дәрi-дәрмектердi қосымша бағалаудан бюджетке жарна төлемеген.
      Бұл орайда бiрқатар жағдайларда олар бұны "Фармация" холдингiнiң нұсқауымен жасаған.
      Сондай-ақ импорттық дәрiлер жеткiзiлiмiн жүзеге асырған Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi сыртқы сауда ұйымдарының делдалдық қызметiнде де елеулi кемшiлiктер орын алған.
      Бiрқатар реттерде олар шетелдiк жабдықтаушылардан республика сатып алатын дәрi-дәрмектiң құнына тиiстi жеңiлдiктi талап етпеген, соның салдарынан олар жалпы мөлшерi 273 мың АҚШ долларын артық төлеген.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi:
      осы тексерулердiң нәтижелерiн қарап, дәрi-дәрмек жеткiзiлiмiн, оның республика халқы мен емдеу мекемелерiне өткiзiлуiн тәртiпке келтiру шараларын қабылдасын, барлық жабдықтаушылардан кем берiлген дәрi-дәрмек көлемiнiң орнын толтыруды талап етсiн;
      импорттық дәрiлердi сатып алуға бюджеттен бөлiнетiн кредит ресурстары мен қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету, оларға сапа сертификаты жоқ дәрiлердi сатып алуына және сатуына және олардың бағасының негiзсiз көтерiлуiне (төмендетiлуiне) жол бермеу шараларын қабылдасын;
      жол берiлген кемшiлiктер мен жолсыздықтарға кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тартсын;
      қолданылған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 2 ай мерзiм iшiнде баяндасын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi В.Н.Девятко халықты және емдеу мекемелерiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi ұйымдастыруда мемлекеттiк реттеудiң босаңсығанына және "Фармация" жүйесiндегi ұйымдардың қызметiне бақылаудың жеткiлiксiздiгiне назар аударсын.
      3. Өздерiне жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң тиiстi дәрежеде орындалуын қамтамасыз ете алмағандықтан және республиканың халқы мен емдеу мекемелерiне дәрi жөнiнен көмек көрсетуде мемлекеттiк басқарудың өскелең талаптарына сәйкес келмегендiктен "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы, облыстық "Фармация" акционерлiк қоғамдары және Алматы қалалық "Астана дәрi" акционерлiк қоғамы таратылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесе отырып бiр апта мерзiмде "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясын, облыстық "Фармация" акционерлiк

қоғамдарын және Алматы қалалық "Астана дәрi" акционерлiк қоғамын
қайта құру туралы ұсынысты табыс етсiн.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады