1. "Ақтөбемұнай" акционерлiк компаниясы, "Тұлпар" және "Поиск" мемлекеттiк холдинг компаниялары мен оның қызметiне "Мобил Корпорациясы" кепiлдiк беретiн "Мобил Ойл Тұлпар Инк" компаниясы арасындағы 1995 жылғы 17 сәуiрдегi "Тұлпар-Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнын құру және оның қызметi туралы Келiсiм мақұлдансын.
2. "Тұлпар-Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы көмiрсутегiн барлауға және өндiруге арналған Контракт (мұнан әрi Контракт) мақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының әкiмдерi "Тұлпар-Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнын заңда белгiленген тәртiппен жасалған Контракт шеңберiндегi барлық қажеттi лицензиялармен, рұқсаттармен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорынның қызметiне байланысты мәселелердiң шешiлуiне жәрдем көрсетсiн.
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетi көмiрсутегiн экспорттау және бiрлескен кәсiпорынның қызметiне байланысты мүлiктi әкелу мен әкету Контрактiнiң шарттарына сәйкес "Тұлпар-Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны құқықтарының сақталуын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне "Тұлпар-Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнына осы бiрлескен кәсiпорынға Амстердам қаласындағы АБН АМРО Банк, Н.В.- де валюталық банк есепшотын ашуға және жүргiзуге (немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен корреспонденттiк қатынастағы әрi Халықаралық қаржы қоғамдастығы ретiнде жалпы көпшiлiк мойындаған беделi бар қаржы рейтинг ұйымы белгiленген "А" немесе одан да жоғары рейтингке, яки соның баламасына ие кез келген басқа бiрлескен кәсiпорын тағайындаған банк мекемесiнде лицензия (рұқсат) беру, сондай-ақ Контрактiнiң шарттарына сәйкес валюталық операциялар жүргiзуге жеңiлдiктер беру ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Тұлпар-Мұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнының геологиялық барлау жұмыстарын, көмiрсутегiн әзiрлеу мен өндiрудi жүргiзу барысында Контрактi шартының орындалуына бақылауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi