Сапаға сай келмейтiн өнiмдер мен тауарларды жеткiзу және сатумен байланысты дауларды шешу кезiнде заңдарды қолдану тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1995 жылғы 8 ақпан N 5. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының Пленумы сапаға сай келмейтiн өнiмдер мен тауарларды жеткiзу және сатумен байланысты шаруашылық дауларын шешу тәжiрибесiн талқылап, осы санаттағы дауларды соттар негізiнен дұрыс шешетiндiгiн атап өтедi. Сонымен бiрге iс материалдарын атүстi зерттеу, келiсiмге немесе сапаға қойылған өзге мiндеттi талаптарға байланысты жарамсыз деп танылған, өндiрiстiк ақаулармен сатылған немесе жеткiзiлген, жиынтықсыз, басқа да жетiспеушіліктерi бар өнiмдер мен тауарлардың сатылуын (жеткiзiлуiн) реттейтiн нормативтiк актiлердi қате түсiндiру жағдайлары орын алған.

      Төрелiк соттар өнiмдер мен тауарлардың жеткiзiлуiн реттейтiн заңды бұзудың алдын алу жөнiндегі шараларды жеткiлiксiз қолданады.

      Тәжiрибе бiркелкiлiгiн қамтамасыз ету мақсатымен, "Қазақстан Республикасының төрелiк соты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының Пленумы

      қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының төрелiк соттары сапаға сай келмейтiн өнiмдер мен тауарларды жеткiзу және сатумен байланысты дауларды шешу кезiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн, КСРО азаматтық заң негiздерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 11.09.94 жылғы N 1240 P941240_ қаулысымен бекiтілген "Өнiмдер мен тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдау тәртiбi туралы" нұсқаулықты, Жеткiзу туралы ережелердi, контракттар мен шарттар ережелерiн, тауарлар мен өнiмдердi сапасы бойынша қабылдаудың ерекшелiктерiн көздейтiн басқа нормативтiк актiлердi басшылыққа алғаны жөн.

      Төрелiк соттар мынаны ескеруi керек:

      - 30.01.93 жылдан кейiн туындаған қатынастар бойынша Қазақ КСР Азаматтық кодекс 01.01.90 жылдан кейiн қабылданған КСРО азаматтық заңы негiздерiне және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн бөлiгінде қолданылады;

      - бұдан былай Қазақстан Республикасында импорттық жүктердi қабылдау тәртiбiн реттейтiн нормативтiк актi қабылданғанға дейiн 15.10.90 жылғы редакциядағы "Импорттық тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдаудың, рекламациялық актiлердi жасау және жiберудiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы" нұсқаулық қолданылады;

      - Жеткiзу туралы ережелер тек, егер тараптар оны шарттарында тiкелей көздеген жағдайда, тараптар қатынастарында қолданылады;

      - Қазақстан Республикасының аймағында 01.01.95 жылдан қолдануға мiндеттi 09.11.94 жылғы N 1240 Нұсқаулық қабылданғанға дейiн қабылдау тәртiбi КСРО Мемтөрелiгiнiң қаулыларымен бекiтiлген "Өнiмдер мен тауарларды саны бойынша қабылдау тәртiбi туралы" және "Өнiмдер мен тауарларды сапасы бойынша қабылдау тәртiбi туралы" нұсқаулықтармен реттелдi;

      - ТМД қатысушы-мемлекеттердiң шаруашылық қызметiн жүзеге асырумен байланысты дауларды шешу тәртiбi туралы Келiсiмнiң 11 бабына сәйкес мәмiле жөнiндегi тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, егер тараптардың келiсiмiнде басқасы көзделмесе, ол жасалған жердiң заңымен анықталады.

      2. Сапаға сай келмейтiн тауарларды жеткiзумен (сатумен) байланысты дауларды қараған кезде төрелiк соттар "Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртiбi туралы" Заңының 18 бабымен бекiтiлген сапаға сай келмейтiн өнiмдердi жеткiзу (сату) дауларының тек қана сотқа қарастылығын ескергенi және шағым өтiнiшiн қате қабылдаған жағдайда iстi бекiтілген сотқа қарастылығы бойынша тапсырғаны жөн.

      3. Шаруашылық дауларды қарауға дайындаған кезде төрелiк соттар өнiмдер мен тауарларды сапасы бойынша қабылдау тәртiбiн реттейтiн нормативтiк актiлерде аталған материалдардың барлығын шағым берушiлерден талап етуi, iске қатысуға мамандарды (сарапшыларды, технологтарды, тауар мамандарын және т.б.) тарту мәселелерiн шешуi, сарапты қайта өткiзудiң немесе тауардың орнында қараудың қажеттiлiгiн талқылауы керек.

      4. Мiндеттердi орындауға байланысты дауларды қарау барысында төрелiк соттар сапаға сай келмейтiн тарауларды жеткiзгені үшiн жеткiзушi де, жеткiзушi емес орындаушы да жауапкершiлiкте болатындығын ескеруi керек. Бұл орайда, жеткiзу шарты бойынша сатып алушы үшiн жеткiзушi болып табылмайтын, өзiнiң сатып алушысының айтуы бойынша сол сатып алушымен жеткiзу шартында болған, алушыға транзиттiк тиеп жiберудi жүргiзген орындаушы, сапасыз тауар жеткiзгенi үшiн белгiленген жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

      5. Жеткiзу шарттарының орындалуын шектейтiн заңға сәйкес жеткiзушi тауардың барлық тұтастай алғандағы сапасына, оның ішінде құрамды бөлiктерi мен жиынтықтайтын бұйымдарға жауап бередi.

      Төрелiк соттар бұл ереженi стандарттарда, басқа нормативтiк-техникалық құжаттарда сол тауардың құрамды бөлiктерi мен жиынтықтайтын бұйымдарына орындаушы жауапкершiлiкте болады деген сiлтеме болған жағдайларда да қолданғаны жөн. Сапасына сай келмейтiн, жиынтықтайтын бұйымның бұзылғаны салдарынан жұмыс iстемейтiн тауарларды жеткiзуге байланысты дауларды қараған кезде орындаушы үшiншi жақ ретiнде iске қатысуға тартылуы мүмкiн.

      Егер жиынтықтайтын бұйымдарды жеткiзушiнi (орындаушыны) сот үшiншi жақ ретiнде таратпаған, ал шағым талаптарды негiзгi бұйым жеткiзушiнiң есебiнен қанағаттандырылған болса, немесе соңғысы ол талаптарды өз еркiмен қанағаттандырса, онда негiзгі бұйымды жеткiзушiнiң жиынтықтайтын бұйымдарды жеткiзушiге (орындаушыға) оның шығындарын, оның iшiнде айып сомасын өтеу туралы талап қоюға құқы бар.

      Егер жеткiзiлген өнiм жиынтығы жағынан стандарт пен басқа нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес келiп, бiрақ шартта ескерiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда да жиынтықталмаған өнiмдi жеткiзгенi үшiн жауапкершiлiкте болады.

      6. Осы санаттарға дауларды шешкен кезде төрелiк соттар мынаны анықтауы керек: жеткiзушi (сатушы) өнiмдi (тауарды) сатып алушыға жiбергенге дейiн оның сапасын тексеруге мiндеттi ме, сапасы мен жиынтығын тексерусiз өнiмдi (тауарды) жасаушының ыдысында жiберуге құқылы ма, бұл орайда бекiтiлген кепiлдiк мерзiмдерi сақталды ма, өнiм (тауар) жасаушы жауапкершiлiкке тартылуға тиiс пе.

      Бұл орайда мiндеттердi тиiстi түрде орындамаған жағдайда, тараптардың шарт бойынша жауапкершiлiгi принципiн ескеру керек.

      7. Егер сатып алушыға (алушыға) жасаушы немесе оның орналасқан жерi беймәлiм болса және жеткiзушіге (сатушыға) жасалады.

      8. Жеткiзу процесiнде оның сынуы нәтижесiнде өнiмнiң немесе ыдыстың бұзылуына байланысты берiлген шағымдар жөнiндегi iстер даулардың дербес санаты ретiнде қаралуы керек.

      Бұндай өнiмдi қабылдау сапаға сай келмеу туралы актiлердi жасау жолымен жүргiзiледi. Сапаға сай келмейтiн өнiмдi тиеп жiбергенi үшiн жасаушының (жеткiзушiнiң) жауапкершiлiгі сапа туралы заңмен реттеледi. Егер өнiмнiң немесе ыдыстың сынуы, бұзылуы, бүлiнуi немесе жоғалуы өндiрiстiк сипаттағы кемшiлiктер себебiнен болса, онда сапаға сай келмейтiн тауарларды тиеу (жеткiзу сату) жағдайлары үшiн заңмен бекiтiлген санкциялар мен шағым ескеруiнiң қысқартылған мерзiмдерi туралы жалпы нормалар қолданылады.

      Ақаулар, жоғалу, сыну өзге себептермен туындаған кезде шағым ескiруiнiң қысқартылған мерзiмдерi қолданылмайды және сапаға сай келмейтiн өнiмдi тиегенi (жеткiзгенi) үшiн санкциялар салынбайды. Ыдыс ақауларына байланысты өнiмнiң бұзылуына немесе жоғалуы мәселесi де осылай қаралады, бiрақ бұл жағдайда шағым ескеруiнiң қысқартылған алты айлық мерзiмi ішінде, егер тараптар қатынастарында жеткiзу туралы ереженi қолданса немесе ондай жауапкершiлiк шартта бекiтiлсе, сапасыз ыдыста өнiмдi тиеп жiбергенi (жеткiзгенi) үшiн санкциялар қолданылуы мүмкiн.

      9. Жеткiзiлетiн (сатылатын) өнiм сапасы бойынша шарт ережелерiне сәйкес болуы керек. Егер тараптар шартта басқасын көздемесе, тауар (өнiм), егер ол шартта көрсетiлген сатып алу мақсаттарына жарамсыз болса; егер ол сатушы сатып алушыға көрсеткен үлгiге немесе эталонға сәйкес келмесе; егер тауардың (өнiмнiң) сапасын сақтау және қорғау ыдыспен немесе орамамен қамтамасыз етiлмесе; егер тауар жеткiзушi (жасаушы) мемлекет белгiлеген стандарттарға сәйкес келмесе, сапаға сәйкес келмейдi деп танылады.

      Егер шартта тараптар өнiмнiң немесе тауардың сапасын қойылатын арнайы ережелердi анықтаған болса, шарт ережелерiн басшылыққа алған жөн.

      10. Егер сатып алушы (алушы), мәмiле жасаған кезде өнiмнiң (тауардың) нақты кемшiлiктерi туралы бiле тұра оны сатып алуға шарт бекiтсе, төрелiк сот сапасыз тауарды (өнiмдi) жеткiзгенi үшiн жауапкершiлiктi жеткiзушіге (сатушыға) жүктеу мәселесiн талқылаған кезде бұл жағдайды ескеруi керек.

      11. Сатып алушы (алушы), егер ол жеткiзушiнiң (сатушының) тауардың кемшiлiктерiн жою немесе оны ауыстыру туралы ұсынысынан бас тартса, сапасы төмен тауарға (өнiмге) пара-пар түрде бағасын түсiру құқығынан айырылады. Бiрақ бұл орайда сот өнiмдi сапасы бойынша қабылдау және жеткiзушiге (жасаушыға) хабар жiберу мерзiмдерiнiң сақталуын және жеткiзушiмен тауардың кемшiлiктерiн жою немесе оны ауыстыру мерзiмдерiнiң сақталуын ескеруi керек.

      12. Егер тауарды қабылдаған кезде ол сапасын куәландыратын құжатта көрсетiлген сорттан (сападан) төмен болып шыққаны анықталса, тауар шарт жағдайына, стандартқа және өзге нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес келсе де, сол жөнсiздiк пен тауарды дұрыс таңбаламаған үшiн олар шартта көзделген болса, мүлiктiк санкциялар қолдануы мүмкiн.

      13. Тауардың кездейсоқ жойылу тәуекелi сатып алушыға өткеннен кейiн жоғалуы немесе бұзылуы, егер ол сатушының (жеткiзушiнiң) кiнәсiнен болмаса, сатып алушыны бағасын төлеу мiндетiнен босатпайды.

      Егер сатып алушы (алушы) тауарды (өнiмдi) қабылдаса немесе шартта сол тауарды (өнiмдi) белгілi жерде тапсыру көзделсе, тауар (өнiм) бар болса және сатып алушының оны шартта бекiтілген мерзiмде алу қажеттiгi хабардар етiлсе, өнiмнiң (тауардың) бұзылу, жойылу немесе бүлiну тәуекелi сатып алушыға (алушыға) жүктеледi. Егер өнiмнiң жойылуына немесе бұзылуына, сапасының төмендеуiне сатушы (жеткiзушi) кiнәлi болса, атаған норманы сот қолдана алмайды.

      14. Сапаға сай келмейтiн тауарды қабылдау заң немесе тиiстi Нұсқаулық талаптарына сәйкес жасалған актiмен рәсiмдеу керек.

      Актiде белгіленген кемшiлiктердiң туындауына нақты себептер жоқ болған жағдайда төрелiк сот алушыдан (сатып алушыдан) қосымша мәлiметтер талап ету, қажет жағдайда қосымша сарап өткiзуi немесе сарапшының (мамандардың) жазбаша қорытындысын алуы керек. Өнiмнiң немесе тауардың сапасыздығы себептерiн атамау фактiсiнiң өзi жеткiзушiнi (сатушыны, жасаушыны) жауапкершiлiктен босату үшiн негiз бола алмайды.

      15. Сапасыз тауарды қабылдау актi тиiстi өкiлмен ресiмдегенi туралы мәселенi шешкен кезде сатушының нұсқау талаптарына сәйкес жеткiзушінің (сатушының, жасаушының) тиiстi түрде уәкілденген өкiлiнiң немесе сарапшының қатысуымен актiні сарапшының немесе сапа жөнiндегi инспектордың қатысуынсыз жасау тек тараптарға мiндеттi нормативтiк актiлермен немесе шартпен тура көзделген жағдайларда ғана болуы мүмкiн.

      16. Жүктi саны мен сапасы бойынша актi жасау арқылы тапсыруға қатысуға сенiм хаты болмаса, жүктi алып келген адамның қатысуымен жасалған қабылдау-тапсыру құжаттары тек жүк жiберушiнiң кейiнгi келiсiмiмен қабылданады.

      17. Төрелiк соттар сатып алушының өнiмдi қабылдау мерзiмi мен тәртiбiн сақтауын тексергенi жөн.

      Атап айтқанда, шағым ескiргендiгінің қысқартылған алты айлық мерзiмi сапасына сай келмейтiн, сондай-ақ жиынтықталмаған өнiмдi жеткiзуден туындайтын шағымдар бойынша қолданылады және кемшiлiктер сатып алушы анықтаған күннен бастап есептеледi.

      Егер жасаушы немесе жеткiзушi сатып алушы (алушы) сапаға сай келмейтiндiгi себептерiнен өнiмнiң бағасын төлеуден негізсiз бас тартты деп санаса, онда сондай өнiмнiң бағасын төлеу туралы шағым беру үшiн шағым ескiргендiгiнiң қысқартылған емес, жалпы мерзiмi қолданылады.

      Ал ол шағым берушi өнiмнiң төленбегенi туралы бiлген немесе бiлу керек болған сәттен есептеледi.

      18. Сатып алушылардың шығындарды, оның iшiнде тауарлардың бағасын, сондай-ақ сапаға сай келмейтiн тауарларды сатқаны (жеткiзгенi) үшiн санкцияларды өтеу туралы сатып алушылардың талаптары үшiн қысқартылған алты айлық талап мерзiмнің өтуi акт жасалған күннен, ал қабылдау мерзiмi бұзылған жағдайда - жасалуға тиiс күннен бастап саналады.

      Регрестiк мiндеттемелер бойынша талап мерзiмiнiң өтуi негiзгi мiндет орындалған күннен бастап, яғни соманы талапкер есебiнен шығару немесе талапкер шығындарды, жарамсыз өнiмнiң бағасын, санкцияларды және т.б. үшiншi жақтың пайдасына аударған күннен бастап саналады.

      19. Сатып алушы (алушы) жарамсыз өнiмнiң бағасын қайтару немесе түсiру туралы талап еткен жағдайда бағаның түсуi ақырғы тұтынушыға жеткендiгінің дәлелдерi болмаса немесе сатып алушы сапалы тауар (өнiм) ретiнде жарамсыз тауарды сатқан жағдайда, төрелiк соттар Мемстандарт органдарын бұл туралы хабардар етуi керек. 20. Сапаға сай келмейтiн тауарлар мен өнiмдердi жеткiзуден туындайтын дауларды шешкен кезде төрелiк соттар осы құқық бұзушылықтарға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды толығырақ анықтаған, жеке ұйғарым шығаруы арқылы ықпал еткен, сондай-ақ осындай салдардың пайда болуына кiнәлi адамдардың жауапкершiлiгi туралы мәселелердi қойғаны жөн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады