Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 30 сәуiрдегi
N 605 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi
комитет туралы
Ереже
I. Жалпы қағидалар
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1879 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет (бұдан былай - Комитет) мемлекеттiк атқарушы өкiметтiң орталық органы болып табылады және қорғаныстық, әрi екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау мен өндiру саласында мемлекеттiк реттеудi және өз қаралымындағы мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады. Комитеттiң өз құзыры шегiндегi шешiмдерi республиканың мемлекеттiк басқару органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, жергiлiктi атқарушы өкiметтiң органдарымен бiрлесе отырып, қорғаныс-өнеркәсiп кешенi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзедi.
4. Комитеттiң орталық аппаратын ұстау республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары үшiн көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
5. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банк мекемелерiнде бюджеттiк және басқа шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, сондай-ақ тиiстi мөрлерi, мөртаңбалары мен бланкiлерi болады.
II. Комитеттiң мiндетi
6. Комитеттiң негiзгi мiндетi:
қару-жарақ пен әскери техниканы, екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау мен өндiру, қорғаныс-өнеркәсiп кешенiн құрылымдық қайта бағдарлау саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру iсiн жүзеге асырып, оған қатысу;
қорғаныс кәсiпорындарын конверсиялау саласында мемлекеттiк саясатты белгiлеу;
қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы материалдарды, заттай мүлiктi және жабдықтарды, қорғаныс пен қауiпсiздiк қажетiне арналған басқа да материалдық ресурстарды экспортқа-импортқа берiп тұру саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
республика қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажетi үшiн қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң өнiмдерiн сатып алу мен берiп тұруға тапсырыстарды белгiлеуге қатысу;
қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрi, екi рет қолданылатын өнiмдерiн дайындау мен өндiру саласында кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау;
қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындары мен ұйымдарының ерекше кезеңде тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында жұмылдырушылық қуаттарды жасау мен сақтау, қажеттi жұмылдырушылық резервтердi молықтыру жөнiндегi жоспарлар мен тапсырмалардың, сондай-ақ азаматтық қорғаныс пен жұмылдырушылық даярлық жөнiндегi басқа да шаралардың орындалуын ұйымдастыру;
шетелдiк ведомстволармен, компаниялармен, ұйымдармен әскери-техникалық ынтымақтастық жөнiнде ғылыми-техникалық, өндiрiстiк, кооперациялық байланыстар орнату;
жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, сондай-ақ қару-жарақты шектеу, қысқарту және жою жөнiндегi халықаралық шарттарды, келiсiмдер мен мiндеттемелердi жүзеге асыруға қатысу;
қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындар мен ұйымдарының ғылыми-техникалық, өндiрiстiк әлеуетiн тиiмдi пайдалануды, еңбек бөлiнiсiн ұтымды жүргiзудi, ғылыми қамтымды қорғаныс және азаматтық өнiмдердi дайындау мен өндiруге арналған кооперацияны дамытуды ұйымдастыру болып табылады.
III. Комитеттiң функциялары
7. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды атқарады:
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп мемлекеттiк қауiпсiздiк пен қорғаныс-өнеркәсiп әлеуетiн дамыту жөнiндегi шараларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң ағымдағы және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларының жобаларын әзiрлейдi;
қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң құрамына кiретiн кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын орындауға, қорғаныс өнеркәсiбiн дамытуға және конверсиялау бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысты, сондай-ақ қару-жарақ пен техниканы зерттеу, әзiрлеу мен шығару жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнде ғылым мен технологияларды дамыту бағдарламаларын жасайды, өзiнiң құзыры шегiнде кәсiпорындар мен ұйымдар құрылысының, оларды кеңейтудiң, қайта жаңарту мен техникалық жағынан қайта жарақтандырудың жобаларына тұжырымдамалар бередi;
қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы материалдарды, заттай мүлiк пен жабдықтарды, экспортқа-импортқа берiп тұру саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жұмысын ұйымдастырады;
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп қорғаныс-өнеркәсiп кешенiн құрылымдық жағынан қайта құру бағдарламаларын әзiрлейдi, қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң объектiлерiн құру, қайта ұйымдастыру, қайтадан бейiмдеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
- қорғаныс өнеркәсiп кешенiнде жасалатын өнiмдердiң (оның iшiнде мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы бойынша жасалатын өнiмдердi қабылдау және олардың сақталуын бақылау жөнiндегi нормативтер мен техникалық талаптарды әзiрлеу арқылы) бәсекеге төтеп беруi мен сапасын қамтамасыз етуге;
- қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетiн тиiмдi пайдалануға бағытталған бiрыңғай техникалық саясатты жүргiзедi;
жаңа технологиялар әзiрлеп, енгiзу iсiне, қарау-жарақ пен әскери техниканы өнеркәсiптiк кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге басшылық етедi;
қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрi, сондай-ақ екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау мен өндiру саласындағы кез келген нысандағы кәсiпорындардың қызметiн лицензиялайды, аталған қызметке рұқсат берiлген кәсiпорындардың тiзiлiмiн жүргiзедi, қызмет бабындағы, азаматтық қару мен оған керектi оқ-дәрi өндiруге белгiленген тәртiппен лицензиялар бередi;
қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмылдырушылық даярлығы жөнiндегi шараларды орындауын ұйымдастырады;
өнiмдер жасау, қару-жарақ пен әскери техниканы өнеркәсiптiк кәдеге жарату кезiнде өндiрiстiк және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету шараларын қолданады, белгiленген тәртiппен тиiстi нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлейдi;
қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарына шетелдiк ұйымдармен және фирмалармен тiкелей өндiрiстiк және ғылыми-техникалық байланыстар орнатуға жәрдемдеседi, олардың сыртқы экономикалық қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
өз құзыры шегiнде жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, сондай-ақ қару-жарақты шектеу, жою және қысқарту жөнiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, келiсiмдерi мен мiндеттемелерiн жүзеге асыруға байланысты жұмыстарды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсыруы бойынша ғылым, техника және технологиялар саласындағы мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдердi әзiрлеуге қатысады, қару-жарақ пен әскери техниканы әзiрлеу мен шығару жөнiнде кооперациялық байланыстар туралы келiсiмдер жасасады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
өз құзыры шегiнде конверсиялау және қорғаныс-өнеркәсiп кешенiн дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға нысаналы, инвестициялық кредиттер мен басқа да қаржы қаражатын беруге байланысты мәселелердi шешедi;
объектiлердiң нысаналы пайдаланылуын және қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнде мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылайды;
қорғаныс-өнеркәсiп кешенi құрамына кiретiн әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардағы кеңестер жұмысы мен жиналыстарына, кәсiпорындар мен ұйымдарды акцияландыру немесе олардың қызметiн экономикалық жағынан реттеудiң басқа да әдiстерiн пайдалану туралы шешiмдер қабылдауға қатысады;
өз құзырына жататын мәселелер жөнiндегi заңдардың қолданылу практикасын қорытады, ұсыныстар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзедi.
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де функцияларды атқарады.
IV. Комитеттiң құқықтары
8. Алға қойылған мiндеттер мен жүктелген функцияларға сәйкес Комитеттiң:
өз құзырындағы мәселелер бойынша мемлекеттiк реттеу мен салааралық үйлестiрудi қамтамасыз ететiн ақпараттық және нормативтiк материалдарды, шешiмдердi басып шығаруға;
мемлекеттiк және өзге де органдардан өз функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен материалдарды белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
республиканың қорғаныс және қауiпсiздiк қажетiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде әр түрлi меншiк нысанындағы компаниялары, кәсiпорындары мен ұйымдары басшыларының есебiн тыңдауға, өз құзыры шегiнде тиiстi ұйымдық шараларды қолдануға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуына белгiленген құзыры шегiнде тексеру жүргiзуге, осы мақсат үшiн келiсу бойынша республиканың мемлекеттiк органдарының мамандары мен қызметкерлерiн тартуға;
өз құзырына кiретiн мәселелердi талқылау кезiнде атқарушы өкiмет органдарын тартуға;
өз құзырына жататын мәселелер бойынша әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл туралы шарттар мен келiсiмдер жасасуға;
мемлекет қажетiн қару-жарақпен, әскери техникамен, әскери мүлiкпен және қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiмет актiлерiнiң жобаларын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзуге;
кабинет жанынан ғылыми-техникалық кеңес құруға құқығы бар. Кеңестiң жеке құрамы мен ол туралы ереженi Комитет Төрағасы бекiтедi.
V. Комитеттiң басқару органдары
9. Комитеттi Төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасының президентi қызметке тағайындайды және одан босатады.
Комитет Төрағасының үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады, оларды Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi лауазымға тағайындайды.
Комитет Төрағасы:
Комитетке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн дербес жауап бередi, өз орынбасарларының арасында мiндеттердi бөледi;
Комитет жұмысының жоспарларын бекiтедi;
бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, өз құзырына кiретiн мәселелер бойынша Комитет қызметкерлерi мен республикадағы тиiстi мемлекеттiк басқару органдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын нұсқаулар бередi;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаныс-өнеркәсiп кешенi кәсiпорындарының басшыларын көтермелеу немесе оларға тәртiптiк шаралар қолдану туралы тиiстi министрлiктер мен ведомстволарға ұсыныстар енгiзедi.
10. Комитетте 9 адамнан алқа құрылады, оның құрамына Комитет Төрағасы, лауазымдары бойынша оның орынбасарлары, сондай-ақ Комитеттiң басшы қызметкерлерi, қорғаныс-өнеркәсiп кешенi кәсiпорындары мен ұйымдарының кейбiр басшылары кiредi.
Комитет алқасының мүшелерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет туралы ереженi бекiту туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 30 сәуiр N 605. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.07.29. N 942 қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз