Қазақстан Республикасында алкогольдi iшiмдiктердi сату тәртiбiн сақтауға бақылауды күшейту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 15 мамырдағы N 678. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Арақ-шарап бұйымдары мен сыраны тасып жеткiзудi және сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жауапкершiлiгiн арттыру, салық төлеудi толық мөлшерде қамтамасыз ету, сапасыз өнiмдердi сатуға жол бермеу және алкогольдi iшiмдiктер шығаратын республикалық кәсiпорындарды және тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.12.  N 954
  қаулысымен. 
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың келiсуi бойынша Қазақстан Республикасының барлық сауда желiлерi мен қоғамдық тамақтану кәсiпорындары үшiн, меншiк нысанына қарамастан, сақталуы мiндеттi алкогольдi iшiмдiктер мен сыра сатудың бөлшек сауда ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн. 
      Көтерме сауда ережесiнде арақ-шарап бұйымдарымен және сыраны сауда жасауға рұқсат берудiң тәртiбi қарастырылсын. 
      Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арақ-шарап бұйымдарын және оны сатудың бөлшек сауда ережесiн сақтауына шаралар қабылдасын. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      импортталатын алкогольдi iшiмдiктер мен сыраға кеден бажы мен акциз ставкаларының дұрыстығына және толық төлетiп алынуына бақылау күшейтiлсiн, осы бұйымдарды әкелудi жасыру мен салық төлеудi азайту мақсатында олардың орнына алкогольсiз сусындар мен басқа тауарлар туралы декларация тапсыру фактiлерiне жол берiлмесiн. 
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 170 қаулысының 7-тармағы; 
      "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Төралқасының қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 маусымдағы N 506 қаулысының арақ-шарап бұйымдары мен сыра бөлiгiндегi 6-тармағының екiншi - алтыншы абзацтары. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады