Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуға байланысты шетелдiк инспекция топтарының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 25 мамыр 1995 ж. N 743

      Қазақстан Республикасының қару-жарақты шектеу мен қысқарту саласындағы халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау және Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуға байланысты шетелдiк инспекция топтарының қызметiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жанынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы саны есебiнен заңды ұйым құқығы бар жеке арнаулы әскер бөлiмi ретiнде Қару-жарақты бақылау және инспекция қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi орталық (бұдан әрi - Орталық) құрылсын.
      Былай деп белгiленсiн:
      Орталық бастығының дәрежесi оған ерекше жағдайларда шетелдiк инспекция топтарын қабылдау жөнiнде шешiм қабылдау және басқа тараптармен қару-жарақты қысқарту жөнiнде тиiстi Шарттар алмасуды мәлiмдеу жөнiнде өкiлдiктi, сондай-ақ кейiннен Қазақстан Республикасының Үкiметке баяндай отырып шетелдiк инспекция топтарының қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының орталықтағы және жергiлiктi жердегi өкiметiмен және басқару органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асыру құқын бере отырып министрлiк Бас басқармасының лауазымына теңестiрiледi.
      Орталықтың жалпы штат саны 35 әскери қызметшiден және 15 қызметшiден (азаматтық қызметкер) тұрады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
               N 523 қаулысымен. P960523_
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекция қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi Орталық туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      Орталықтың белгiленген мөлшер шегiндегi тиiстi штатын әзiрлеп, оны әскери қызметшiлермен және қызметшiлермен жасақтасын;
      Орталықтың пайдалануына қажеттi көлiк құралдарын, үй-жай және байланыс құралдарын бөлсiн;
      Орталықтың қызметiне жедел басшылықты жүзеге асыратын болсын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк инспекция қызметiн жүргiзу барысында мемлекеттiк құпияны қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында инспекция объектiлерiнiң орналасуын ескере отырып Арқалық, Семей, Петропавл, Балқаш, Орал қалаларының әуежайлары, Крайний әуе айлағы оларға ең таяу әуе айлағы ретiнде ұйғарылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      басқа Тараптармен тиiстi Шарттарды дипломатиялық арналар бойынша қажеттi мәлiмдеудi Орталықпен өзара iс-қимылда жүзеге асыратын болсын;
      Алматы қаласындағы келу-кету пункттерiне келу барысында шетелдiк инспекция топтарының мүшелерiн визамен қолдауды қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк инспекция топтарының мүшелерi келетiн пункттерде қоғамдық тәртiптiң қорғалуын қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      инспекциялық топтар ұшып келетiн авиациялық техникаға навигациялық және инженерлiк-әуе айлақтық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн. Қызмет көрсеткенi үшiн есеп айырысу қолма-қол ақшасыз нысанда теңгемен Орталық арқылы жүзеге асырылсын;
      Қазақстан Республикасы ӘӘК арнаулы ұшақтарының келу-кету пунктiнен (Алматы қаласының әуежайы) инспекция объектiсiнiң ең таяу әуе айлағына дейiн кедергiсiз қозғалысын, сондай-ақ осы әуе айлақтарында оларға қызмет көрсетiлуiн, май құйылуын және қорғалуын қамтамасыз етсiн;
      стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту мен шектеу туралы Шарттың ережелерiне сәйкес келу-келу пунктiнде (Алматы қаласындағы әуежайдың ғимаратында) қажеттi үй-жай жабдықталсын;
      Үкiметаралық байланыс желiсiнiң торабы арқылы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы үздiксiз байланысты қамтамасыз етсiн;
      шетелдiк инспекция барысында шетелдiк инспекция топтарының инспекция жасаушы мемлекеттiң Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiмен байланысын қамтамасыз етсiн.
      8. Торғай, Семей, Солтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жезқазған облыстарының және Ленинск қаласының әкiмдерi:
      шетелдiк инспекция топтарының мүшелерi мен оларға iлесiп жүрген адамдарды ең таяу әуе айлағынан инспекция объектiсiне дейiн уақтылы жеткiзу үшiн көлiк құралдарын даярлауды;
      шетелдiк инспекция топтарының мүшелерi мен оларға iлесiп жүрген адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ӘӘК арнаулы ұшақтарының ұшқыш экипаж мүшелерiнiң орналасуы мен тамақтануын қамтамасыз ететiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасы Кеден комитетi келу-кету пунктiнде (Алматы қаласындағы әуежай) шетелдiк инспекция топтарының мүшелерi мен шетелдiк инспекция топтарының мүшелерi алып келе жатқан жүктер мен жабдықтарға қатысты кедендiк процедуралардың жедел жүргiзiлуiн

 

қамтамасыз етсiн.



     ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.

              N 1031 қаулысымен. 


P961031_



     10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Орталықтың

қызметiн қаржыландыруды бекiтiлген республикалық бюджет шегiнде

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға арналған

жалпы шығын есебiнен жүзеге асыратын болсын.


            Қазақстан Республикасының

              Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1995 жылғы 25 мамырдағы

                                          N 743 қаулысымен

                                             бекiтiлген


            Қару-жарақты қысқартуды бақылау және бақылау

     қызметiн қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының

           Қорғаныс министрлiгi жанындағы Орталық туралы

                           Ереже



     Ескерту. Ереженiң мәтiнiнде сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң

              1996.04.29. N 523 қаулысымен.


                          I. Жалпы ережелер



 
       1. Қару-жарақты қысқартуды бақылау және бақылау жұмысын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабының жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық орталығы (ары қарай - Орталық) өзiнiң статусы бойынша министрлiктiң Бас басқармасына теңестiрiледi және қару-жарақты қысқартуды бақылау жұмысын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiмен, министрлiктерi және ведомстволарымен тiкелей және шұғыл байланысты жүзеге асыратын басқарушы орган болып табылады. Орталық стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуға байланысты бақылауды, сондай-ақ бақылауды жүргiзудi жүзеге асырады. Орталық қару-жарақты қысқарту процесiн бақылау және бұл қысқарту кезiнде төтенше ядролық жағдайларды болдырмау мақсатында, Ресей Федерациясының ядролық қауiптi азайту бойынша орталығы, АҚШ Ядролық қауiпсiздiктi азайту бойынша орталығы мен стратегиялық және жай қару-жарақты қысқарту бойынша келiсiмдерге қатысушы басқа да мемлекеттердiң осындай орталықтарымен тұрақты байланыста болады.
      2. Орталық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабының бастығына тiкелей бағынатын жеке әскери бөлiм болып табылады.
      3. Орталық өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен өкiмдерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабы бастығының бұйрықтары мен директивалары және осы Ереженiң негiздерiнде жүзеге асырады және оны стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуды бақылау сұрақтары бойынша халықаралық шарттар мен келiсiмдердi уақытылы және толық орындауға бағыттайды.
      4. Орталық өз қызметi кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары, басқа министрлiктер және ведомстволармен қару-жарақты қысқарту бойынша шарттар мен келiсiмдердi жүзеге асыру процесiне байланысты сұрақтарды шешуде әрекеттесе жұмыстанады.
      5. Орталықты бiр орынбасары бар бастық басқарады.
 
                    II. Орталықтың мiндеттерi
      Орталықтың мiндеттерi болып:
      1. Қарусыздандыру мен қару-жарақты бақылау саласында төмендегi халықаралық Шарттардың:
      Ядролық қару-жарақты таратпау туралы Шарттың;
      КСРО мен АҚШ арасындағы олардың орта және аз қашықтықтағы ракеталарын (ОАҚР) жою туралы Шарттың;
      КСРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық және шабуыл қаруларын (СШҚ-1) қысқарту және азайту туралы Шарттың;
      КСРО мен АҚШ арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс (РҚҚ) жүйелерiн шектеу туралы Шарттың;
      Еуропадағы жай қару-жарақ күштерi (ЕЖҚК) туралы Шарттың;
      Еуропадағы сенiм мен қауiпсiздiктi нығайту шаралары бойынша 1994 жылғы Веналық келiссөздер құжатының;
      Химиялық және биологиялық қару-жараққа тыйым салу туралы Конвенцияның, сондай-ақ стратегиялық және жай қару-жарақты қысқарту сұрақтары бойынша халықаралық келiсiмдердiң ережелерiн жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
      2. Қазақстан Республикасы аумағында бақылауды қамтамасыз етудi реттейтiн құжаттарды жасау.
      3. Қазақстан Республикасы аумағында қатысушы мемлекеттердiң бақылаушыларының бақылау қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қатысушы мемлекеттер аумағында бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу.
      4. Қарусыздандыру және қару-жарақты бақылау саласында шарттар мен келiсiмдерге қатысушы мемлекеттермен мәлiмдеу қызметiн ұйымдастыру және өткiзу.
      5. Қару-жарақты және әскери техниканы қысқартуды ұйымдастыру сұрақтары бойынша әскери бөлiмдер мен әскери кәсiпорындар қызметiн бақылау мен есепке алуды жүзеге асыру.
      6. Бақылауды материалдық-техникалық, көлiк және тұрмыстық қамтамасыз етудi, тиiстi шарттар мен келiсiмдердiң ережелерiне сай ұйымдастыру.
      7. Бақылау қызметiн жүргiзу процесiнде Қазақстан Республикасының ұйымдары мен ведомстволарымен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру.
      8. Шарттарға қатысушы мемлекеттер аумақтарында бақылауды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерi және ведомстволарымен бiрге отырып бақылаушыларды iрiктеу және дайындауды жүзеге асыру, оларды уақтылы жiберудi ұйымдастыру.
      9. Қазақстан Республикасы аумағында және басқа да шарттар қатысушы-мемлекеттердiң аумақтарында бақылау қызметiне және қару-жарақты қысқартуға талдау жасау, оның негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар дайындау.
      10. Қазақстан Республикасы аумағында шетелдiк бақылау қызметiн жүргiзу кезiнде мемлекеттiк және әскери құпияларды сақтау бойынша шараларды ұйымдастыру.
      11. Қазақстан Республикасы аумағында стратегиялық және жәй қару-жарақты оларды жою және қайта жабдықтау орындарында қысқарту процесiне есеп жүргiзу және бақылау.
      12. Үкiметаралық байланыс торабының тәулiктiк қызметiн қамтамасыз ету, мәлiметтердi қабылдау, беру бойынша кезекшi сменалардың тәулiктiк жұмысын ұйымдастыру. Орталықтың басшылығын, Қазақстан Республикасының тиiстi ұйымдары мен ведомстволарын тиiстi мәлiметтер немесе бақылау қызметiнiң сұрақтары бойынша шұғыл түрде хабарландыруды ұйымдастыру.
      13. Қазақстан Республикасы аумағында бақылауды жүргiзуге қатысы бар мемлекеттiк органдар және басқа да ұйымдармен, олардың осы бақылауларға үнемi дайындығын қамтамасыз ету мақсатында өзара байланысты ұйымдастыру болып табылады.
 
                    III. Орталыққа берiлетiн құқықтар
      Орталыққа төмендегi құқықтар берiледi:
      1. Қажет болғанда Қазақстан Республикасының Үкiметiне мына сұрақтар дайындалсын:
      а) бақылау қызметiн дайындау және қамтамасыз ету процесi кезiнде Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, мемлекеттiк өкiмет органдарымен өзара әрекеттестiктi ұйымдастыру бойынша;
      б) қару-жарақты қысқарту туралы шарттарға қатысушы-мемлекеттердiң аумақтарындағы объектiлердi бақылау үшiн жiберiлетiн Қазақстан Республикасының бақылау топтарын жинақтау бойынша;
      в) бақылау қызметiн қамтамасыз ету және бақылауды жүргiзу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша;
      ұсыныстарды енгiзуге дайындау.
      2. Үкiметаралық байланыс торабы арқылы қару-жарақ пен қарулы күштер, сондай-ақ бақылау қызметiне қатысты ақпараттармен алмасу туралы мәлiмдемелердi жiберу.
      3. Оларда сынау тексерулерiн жүргiзу жолымен, бақылауға арналған объектiлерде дайындықты ұйымдастыру.
      4. Қару-жарақты қысқарту туралы шарттардың тиiстi ережелерiн iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң басқармалары, бөлiмдерi және қызметтерiнен, басқа да министрлiктер мен ведомстволардан қажеттi ақпарат сұрау және алу.
      5. Қару-жарақты және әскери техниканы, оларды қайта жабдықтау процесi кезiнде қысқарту процесiн бақылау.
      6. Орталықтың тиiстi мамандарын, олардың келiсiм процестерiне сарапшы ретiнде қатысуы үшiн бағыттау.
      7. Шетелдiк мемлекеттерден келiп түскен шақырулар және оған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатына сәйкес Орталықтың әскери қызметшiлерi мен қызметшiлерiн оқуға жiберу.
      8. Орталық Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша тиiстi шетелдiк мемлекеттермен бақылауды жүргiзуге байланысты тiкелей өзара есеп айырыса алады.
 
                    IV. Қорытынды ережелер
      1. Орталық туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      2. Орталық заңды құқығы бар мекеме болып табылады, оның есеп-айырысу, соның iшiнде валюталық есеп айырысу шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi және өзiнiң қазақша және орысша аты, бланктерi мен штамптары бар.
      3. Орталықтың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен төмендегi тәртiпте:
      а) 1995 жылы - Қазақстан Республикасының 1995 жылға арналған бюджетiмен қарастырылған жалпы шығындар есебiнен Орталықтың нақты шығындары бойынша;
      б) 1996 жылдан және ары қарай - Орталықтың қызметiн қамтамасыз ету үшiн бөлiнетiн сметаға сәйкес жүргiзiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады