Республика халқын құжаттаумен қамтамасыз ету үшiн қажеттi құрал-жабдықтар мен материалдар беру шартын төлеу және валюта сатып алуға қаржы бюджеттен бөлiнетiнiн ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Кеден тарифi кеңесiнiң 1995 жылғы 31 мамырдағы N 3 Қазақстан
Республикасы азаматтары үшiн төлқұжаттар және жеке басы куәлiктерi
бланкiлерiн әзiрлеуге "Гизеке және Девриент" немiс фирмасынан
түсетiн құрал-жабдықтар және материалдарға кеден баж салықтарын
төлеуден Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiн босату
туралы шешiмiне келiсiм берiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары