"Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорнының отын өндiру жөнiндегi Қарашығанақ шағын тоннажды қондырғысын салу" жобасын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 26 маусым N 878

      "Қарашығанақ кен орнында тұрлаусыз газ конденсатын қайта өңдеу жөнiндегi шағын тоннажды қондырғыны салу және iске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 қыркүйектегi N 962  P930962_  қаулысына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 қаңтардағы N 7 өкiмiне сәйкес және республикада газ конденсатын қайта өңдеудi ұйымдастыруды жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорнының отын өндiру жөнiндегi Қарашығанақ шағын тоннажды қондырғысын салу" 
      жобасын қалыптастыру Канаданың 14,5 миллион АҚШ доллары сомасындағы, Чехияның 10 миллион АҚШ доллары сомасындағы, Израильдiң 20 миллион АҚШ доллары сомасындағы кредиттерi есебiнен жүргiзiлсiн және Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкi осы жоба бойынша және оның барлық қаржыландыру көздерi бойынша банк займшыны айқындасын. 
      2. "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорны: 
      Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiне тартылған кредиттердi өтеу жөнiнде кепiлдiктер берсiн; 
      негiзгi берешектi өтеудi, проценттердi және кредиттерге барлық жолай шығыстарды өз қаражаттарды есебiнен төлеудi қамтамасыз етсiн: 
      Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiмен iшкi кредит келiсiмдерiн жасасын. 
      3. Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкi бiр ай мерзiм iшiнде: 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кредиттердi өтеу жөнiнде келесi жақтың кепiлдiгi мен Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн беру үшiн олармен тиiстi келiсiмдер жасассын; 
      Канаданың, Чехияның және Израильдiң кредит берушi-банкiлерiмен кредиттiк келiсiмдер жасассын; 
      "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорынымен iшкi кредиттiк келiсiмдер жасассын; 
      кредиттердi дер кезiнде өтеудi қамтамасыз ету жөнiнде, кредиттiк келiсiмдер күшiн тоқтатуды қоса барлық қажеттi шаралар қабылдайтын болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкi мiндеттемесiнiң негiзiнде отын өндiрiсi жөнiнде Қарашығанақ шағын тоннажды қондырғысы құрылысын қаржыландырушы кредит берушiлерге Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн. 
      5. Құрылатын өндiрiстiң тиiмдi жұмысын және тартылған кредиттердi өтеу шартын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы Қарашығанақ кен орнынан 400 мың тонна газ конденсаты мөлшерiнде отын өндiру жөнiнде Қарашығанақ шағын тоннажды қондырғы үшiн жыл сайын шикiзат бөлудi, сондай-ақ конденсатты жыл сайын экспорттық берiп тұру мен оның өңделген өнiмдерiн кредиттердi өтеу кепiлдiгi мен жолай шығыстарды төлеу мөлшерiнде берiп тұруды белгiленген тәртiпте қарасын. 
      6. "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорнының "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясымен шикiзат берiп тұруға, қайта өңделген өнiмдердi қабылдауға және тиiстi техникалық жағдайларға, мұрагерлiк құқығы жауапкершiлiгiн сақтай отырып жасаған контрактiсi мақұлдансын. "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорнының құрылтайшысы болып табылатыны және осы кәсiпорынның өнiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 ақпандағы N 2062-қ Жарлығының 1-тармағындағы шарттар қолданылатын Қарашығанақ кен орнының өнiмдерiне қатысты екенi ескерiлсiн. 
      7. Тартылған шетел кредиттерi бойынша (аванстық, сақтандыру) алдын-ала төлемдi қамтамасыз ету үшiн "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жоғарыда аталған 1993 жылғы 29 қыркүйектегi N 962 қаулысына сәйкес көлемдер мен аударылып болмаған қаражатты өтеу тәртiбiнде "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорнының шағын тоннажды қондырғы салуға жарна үлесi есебiне 60 мың тонна тұрақты конденсатын кейiн экспортқа сатуға беретiн болсын. 
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет тартылған кредиттердiң пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. 
               N 1031 қаулысымен.  P961031_  
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне жүктелсiн. 
      10. "Мұнай өнiмдерiн өндiру жөнiндегi кiшi тоннажды қондырғы орнату" инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 маусымдағы N 668 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 
 
      Қазақстан Республикасы 
      Премьер-министрiнiң 
      бiрiншi орынбасары 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады