Заңсыз араласу актiлерінен азаматтық авиацияның авиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 5 шiлдедегi N 929


     Заңсыз араласу актiлерiнен азаматтық авиацияның авиациялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының
халықаралық конвенциялар мен шарттар жөнiндегi өз мiндеттемелерiн
толық көлемде орындауы мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының авиациялық
қауiпсiздiгi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия мына құрамда
құрылсын:
     Есенғарин Н.Қ.           - Қазақстан Республикасы Премьер-
                                министрiнiң бiрiншi орынбасары
                                (төраға)
     Әлиғожанов С.Қ.          - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                                коммуникациялар министрi (төрағаның
                                орынбасары)
     Иванов В.С.              - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық
                                акционерлiк авиакомпаниясы авиациялық
                                қауiпсiздiк бөлiмiнiң бас маманы
                                (хатшы)
                   Комиссия мүшелерi:

     Әбусейiтов К.Х.          - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                                министрлiгi халықаралық қауiпсiздiк
                                басқармасының бастығы
     Боранбаев С.Ж.           - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                                коммуникациялар министрлiгi әуе
                                көлiгi департаментiнiң директоры
     Васильев В.Н.            - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                                министрлiгi ӘҚБ БЖ бас орталығының
                                бастығы
     Дагаев Л.С.              - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                                орынбасары
     Ысқақов Б.Ғ.             - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер   
                                министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Қапсұлтанов А.Қ.         - Қазақстан Республикасы Министрлер
                                Кабинетi жанындағы Кеден комитетi
                                төрағасының бiрiншi орынбасары
     Лабусов В.Г.             - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық
                                акционерлiк авиакомпаниясы авиация
                                қауiпсiздiгi бөлiмiнiң бас маманы
     Ларионов О.Н.            - Қазақстан Республикасы Президентi
                                күзет қызметi бастығының орынбасары
     Петров В.В.              - Қазақстан Республикасы Төтенше       
                                жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                                комиссиясының бөлiм меңгерушiсi
     Петяшин Е.В.             - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық
                                акционерлiк авиакомпаниясының
                                вице-президентi
     Тихонов С.В.             - Қазақстан Республикасы Әдiлет 
                                министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Уажанов Т.У.             - Қазақстан шекаралық бақылау бөлiмi
                                бастығының орынбасары

     2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi:
     Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясы авиациялық
қауiпсiздiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы Ереженi бiр 
ай мерзiм iшiнде;


      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп әзiрленген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясы авиациялық қауiпсiздiгi бағдарламасын үстiмiздегi жылдың 1 қазанына дейiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады