"КАТЭП" Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi ұлттық акционерлiк компаниясының кәсiпорындары үшiн Техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 26 шiлде N 1022
1. "Үлбi" мемлекеттiк холдингтiк компаниясының Үлбi жобалау-конструкторлық институты жанынан "КАТЭП" компаниясының кәсiпорындары үшiн Техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы /бұдан әрi - Орталық/ құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетке Орталықтың қызметiне әдiстемелiк және жедел басшылық жасау, олардың жұмысын белгiлейтiн нормативтiк актiлердi пысықтау мен келiсу тапсырылсын. <*>
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетi, "Үлбi" мемлекеттiк холдингтiк компаниясының Үлбi жобалау-конструкторлық институты үш айлық мерзiмде Орталықтың ережесi мен құрылымын әзiрлеп, бекiтетiн болсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 2,3-тармақтарға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1996.08.20. N 1031 қаулысымен. P961031_
4. Орталық қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
"КАТЭП" кәсiпорындары мен объектiлерiнде жұмыстың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын техникалық құжаттамаларды мемлекеттiк сараптаудан өткiзу, жаңадан жасалған, жетiлдiрiлген және шетелдiк металлургиялық және химиялық құрал-жабдықтармен бақылау-өлшеу приборларын сынау мен сертификаттауды жүзеге асыру;
"КАТЭП" компаниясы кәсiпорындарының металлургиялық және химиялық объектiлерiн салу, қайта жаңарту мен тоқтату /жоюды/ жобаларының техникалық құжаттамаларын сараптаудан өткiзу;
техникалық кауіпсiздiк жөнiндегi ережелер мен нормативтiк техникалық құжаттардың жобаларын "КАТЭП" компаниясымен бiрлесiп әзiрлеу, сондай-ақ металлургиялық және химиялық объектiлерде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiнде келiсiмдер мен қорытындылар беру үшiн құжаттама дайындау;
техникалық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiнде жобалау-сметалық құжаттамаларды әзiрлеуге қатысу.
5. Орталық қаржыландыру "КАТЭП" компаниясының кәсiпорындарымен тiкелей келiсiм бойынша шаруашылық негiзiнде жүзеге асырылсын, ал перспективалық және ұзақ мерзiмдi сипаттағы ғылыми-зерттеулер - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитеттiң "КАТЭП" кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi мақсатты ғылыми зерттеулерге аударған ақшалары есебiнен құралатын орталықтандырылған қорынан қаржыландырылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен. P961031_
6. Орталықтың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу контракт және шаруашылық негiздегi қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлерге сәйкес белгiленсiн.
7. "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясының "КАТЭП" компаниясы Орталыққа ғылыми-техникалық және эксперименттiк базаларын құруда және нығайтуда жәрдем көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз