Қазақстан Республикасы Үкiметi мен "Степной леопард" бiрлескен кәсiпорны арасындағы контракт және "Степной леопард" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы келiсiм туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қ А У Л Ы С Ы 1995 жылғы 16 тамыз N 1132

      "Степной леопард" бiрлескен кәсiпорнына қатысушылардың қызметi мен құқыларының кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 1995 жылғы 17 наурызда "Степной леопард" бiрлескен кәсiпорнын құру және қызметi туралы "Казахгаз", "Поиск" мемлекеттiк холдинг компаниялары мен "Сноу леопард ресорсес, ЛТД.", "Сноу леопард интернэшнл, ИНК" (Канада) компанияларының арасындағы Келiсiм және 1995 жылғы 3 наурызда жасалған "Степной леопард" бiрлескен кәсiпорнымен Қазақстан Республикасы Үкiметi арасындағы көмiрқышқылсутегiн барлау және өндiру контракты мақұлдансын (әрi - қарай Контракт).
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, облыстардың әкiмдерi жасаған Контрактының шарттары бойынша "Степной леопард" бiрлескен кәсiпорны құқықтарының сақталуын қамтамасыз етiп, заңда белгiленген тәртiппен қажеттi барлық лицензиялармен рұқсат қағаздарын беруге, сондай-ақ, бiрлескен кәсiпорынның қызметiне байланысты мәселелердi шешуге көмек көрсетсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мен Геология және жер қойнауын сақтау министрлiгiне "Степной леопард" бiрлескен кәсiпорнының геологиялық барлау жұмыстары көмiрқышқыл сутегiн барлау және өндiру iске асырылуы барысында Контракт шарттарының орындалуына бақылау жасау жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасы
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады