Жекешелендiрiлген кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiнiң бiр бөлiгiн қор биржасында сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қ А У Л Ы С Ы 1995 жылғы 21 тамыз N 1154

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдету, жаңа инвестициялық ортаны қалыптастыру және қор рыногын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен бiрлесiп, 1-қосымшаға сәйкес Орталық Азия қор биржасында бағаланатын акциялар тiзiмiне /листинг/ акционерлiк қоғамдарға айналған кәсiпорындардың акцияларын қосу үшiн олардың құжаттарын белгiленген талаптарға сәйкес бiр ай мерзiмде әзiрлесiн.
      Аталған кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi бiрiншi кезеңде 10 процент мөлшерiнде сатуға жатады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп, 2-қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдарға айналған кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiнiң бiр бөлiгiн қор биржасында сатудың тәртiбi мен мерзiмi туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды сауықтыру және жою жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясына ұдайы ұсынып отырсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_
      3. Мемлекеттiк акциялар пакеттерiн қор рыногында сатудан түскен қаржы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiндегi мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруде түскен түсiмдердiң арнайы есепшотына жiберiледi деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы:
      Орталық Азия қор биржасында мемлекеттiк пакет акцияларын жөнiндегi операцияларға қадағалау жасасын;
      республикадағы бағалы қағаздар рыногының жай-күйi туралы ақпаратты бiр мезгiлде бере отырып, тоқсан сайын мемлекеттiк пакетке енген акцияларды сату жөнiнде эксперименттiң қортындыланған нәтижелерiнен туындайтын ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан

Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк 
комитетiмен және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 
жөнiндегi ұлттық комиссиямен бiрлесiп, капиталдың әлемдiк рыногында 
мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды сату арқылы шетел капиталын 
тарту мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды екi ай мерзiмде пысықтап, 
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                              Қазақстан Республикасы
                              Министрлер Кабинетiнiң
                              1995 жылғы 21 тамыздағы
                              N 1154 қаулысына
                                 1-қосымша
          Жарғылық қордың 10 процентi мөлшерiндегi акцияларының
             мемлекеттiк пакетi Орта Азиялық қор биржасында
                сатылуға жататын акционерлiк қоғам болып
                   қайта құрылған кәсiпорындардың
                           Т I З Б Е С I
__________________________________________________________________
   |             |         |   Акция пакеттерiн бөлу, %
   |  Кәсiпорын  |  Облыс  |______________________________________
 N |    атауы    |         | еңбек  | Купонға | мемлекет.| Бөлiнген
   |             |         |ұжымының|сатылған.| тiң үлесi| акция.
   |             |         | үлесi  | дары    |          | лардың
   |             |         |        |         |          | үлесi
___|_____________|_________|________|_________|__________|________
 1 |"Ритхимнефть"| Атырау  |   30   |   19    |    31    |   20
   | АҚ          |         |        |         |          |
 2 |"Жезқазған.  | Жезқаз. |   20   |    -    |    80    |    -
   | түстiмет"   | ған     |        |         |          | 
   | АҚ          | 

<*>

     Ескерту. Тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.05.23.
              N 637 қаулысымен.  

P960637_

 
                              Қазақстан Республикасы
                              Министрлер Кабинетiнiң
                              1995 жылғы 21 тамыздағы
                              N 1154 қаулысына
                                 2-қосымша
          Акцияларының мемлекеттiк пакетi 1995 жылы Орта Азиялық
             қор биржасында сатылуға жататын акционерлiк қоғам
                болып қайта құрылған кәсiпорындардың
                          Т I З Б Е С I

                    Шығыс Қазақстан облысы
     "Лениногор полиметалл комбинаты" АҚ
     "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" АҚ
     "Өскемен цемент зауыты" АҚ
                    Жамбыл облысы
     "Шығыс кенбасқармасы" АҚ
     "Батыс кенбасқармасы" АҚ
                    Жезқазған облысы
     "Қазақмарганец" АҚ
     "Ақшатау кен-байыту комбинаты" АҚ
     "Сарыарқаполиметалл" АҚ
                    Қарағанды облысы
     "Қарағандыцемент" АҚ
     "Асбоцемизделий" АҚ
                    Қостанай облысы
     "Лисаков кен-байыту комбинаты" АҚ
     "Соколов жерасты руднигi" АҚ
                    Павлодар облысы
     "Бошакөл кен-байыту комбинаты" АҚ
                    Семей облысы
     
<*>

     "Жезкент көн-байыту комбинаты" АҚ
     Ескерту. Тiзбеден "Цемент" АҚ сөздерi алынып тасталған - ҚРМК-нiң
              1995.11.09. N 1497 қаулысымен. 

P951497_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады