Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1154 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 9 қарашадағы N 1497

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Жекешелендiрiлген кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiнiң бiр бөлiгiн қор биржасында сату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1154 P951154_ қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 347-бап/ 2 қосымшасына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      мемлекеттiк акциялар пакеттерi 1995 жылы Орталық Азия қор биржасында сатылуға тиiстi акционерлiк қоғамдарға айналдырылған кәсiпорындардың тiзбесiнен "Цемент" АҚ" сөздерi алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Цемент" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне сату үшiн, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, белгiленген тәртiппен берсiн.
     Қазақстан Республикасының   
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады