1995-2001 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi басқару аппаратының шектi санын ұлғайту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 тамыз N 1176

      "1999 жылы Қазақстан Республикасында Халық санағын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылдың 3 сәуiрдегi N 389 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң басқару аппаратының шектi саны 1995-2001 жылдары 28 адамға, соның iшiнде орталық аппараты 7 адамға ұлғайтылсын. Осы көрсетiлген кезеңге "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 маусымдағы N 813 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрамына халық санағы жөнiндегi бөлiм мен Төрағаның орынбасары - халық санағы бөлiмiнiң бастығы лауазымы енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi алқасының құрамына Төрағаның орынбасары - халық санағы жөнiндегi бөлiм бастығы кiредi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қызмет бабындағы жеңiл автомашиналарының шегi, 1995-2001 жылдарға 21-ге, соның iшiнде орталық аппарат үшiн 1-ге көбейтiлсiн.
      4. Халық санағына байланысты шығыстарды қаржыландыру республика бюджетiнiң "Халық шаруашылығы" тарауында көзделген жалпы шығыстардың есебiнен жүргiзiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

           Премьер-министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады