Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсiбiн сауықтандыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 25 тамыз N 1186. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.08.26. N 807 қаулысымен. ~P980807

      Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсiбiн дамытуды тұрақтандыру, нарық нысандарын және өндiрiстi басқару әдiстерiн пайдалану, фосфор өнеркәсiбiндегi бюджет қаражатының ысырапталуын жою, шет елден тұрақты инвестицияларды қамтамасыз ету, өндiрiстi озық әлемдiк технологиялар мен менеджмент деңгейiнде ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шымкент қаласындағы "Фосфор" акционерлiк қоғамының жалпы жиналысының "Donnex Enterprises Limited" (British Virgin Islands) фирмасымен басқару жөнiнде шарт жасау туралы шешiмiне келiсiм бiлдiрiлсiн.
      Серiктестiктiң басқармасына осы қаулы қабылданған сәттен бастап "Donnex Enterprises Limited" фирмасының жазбаша келiсiмiнсiз өнiмдi экспортқа шығаруға қандай да болсын шарт жасауға тыйым салу ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп "Donnex Enterprises Limited" фирмасымен аталған серiктестiктi басқару туралы шартты 10 күн мерзiмде әзiрлеу тапсырылсын. Онда мыналар қарастырылсын:
      тараптардың мiндеттемелерi мен кепiлдiктерi (осы қаулы қабылданғанға дейiн жасалған мәмiлелердi реттеу);
      кәсiпорынның қызметiн басқарушы фирма ұсынған кесте бойынша қаржыландыру жөнiндегi мiндеттемелерiн фирма 12 күнтiзбелiк айлардың iшiнде орындалмаған жағдайда шартты бiржақты бұзу мүмкiндiгi;
      басқару туралы шарттың қағидаларының орындалуына пәрмендi бақылауды қамтамасыз ету жүйесi;
      басқа да қажеттi шарттар.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне (мемлекеттiк акциялар пакетiн ұстаушы) аталған шартқа қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Өнеркәсiп және сауда министрлiгi экспортқа арналып өндiрiлген өнiм көлемiнiң сыртқы рынокта сатылуына басқару фирмасына жәрдем жасалуын қарастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi

кәсiпорынды басқару туралы шарт қағидаларының орындалуына бақылау
жасау жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлiн
тағайындап, оған осы қаулының орындалуы жөнiндегi мемлекеттiк
органдардың қызметiн үйлестiрудi жүктесiн.
     5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi осы қаулыға
қайшы келетiн үкiметтiң шешiмдерiн жою туралы ұсыныстарды
әзiрлесiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады