1. Былай деп белгiленсiн:
а) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
Үкiметтiң құрылымдық саясатын инвестициялық және тауар кредиттерiн беру жолымен iске асыратын мамандандырылған қаржы-кредит мекемесi;
заемшы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы алатын және кепiлдiк беретiн шетел кредиттерiнiң заемшысы және оларға қызмет көрсететiн агент;
<*>
<*>
Ескерту. 1-тармақтың "б", "в" тармақшаларының күшi жойылған -
ҚР Үкiметiнiң 1996.03.02. N 272 қаулысымен. P960272_
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.03.02.
N 272 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкi 1995 жылғы 1 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiн дамыту стратегиясын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң қоса берiлiп отырған Жарғысы бекiтiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсi Басқармасының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
6. Қосылатын Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiнiң (Даму Банкiнiң) жарғылық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң жарғылық қорына кiргiзiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiне:
Басқарма төрағасының үш орынбасарын ұстауға; <*> <*>
<*>
Ескерту. 7-тармақтың 3-шi абзацы күшiн жойған -ҚР Үкiметiнiң
1996.03.02. N 272 қаулысымен. P960272_
ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 2-шi абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1996.08.02. N 961 қаулысымен. P960961_
ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 2-абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
1997.03.27. N 429 қаулысымен. P970429_
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Басқармасы төрағасының лауазымы медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету шарттары бойынша министрдiң лауазымына, ал Басқарма төрағасы орынбасарларының лауазымы министрдiң орынбасарларының лауазымына теңестiрiлсiн:
9. Мыналардың күшi жойылған деп табылсын:
"Орталықтандырылған iшкi қаражат көздерi есебiнен қаржыландырылатын 1995 жылға арналған Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң 1995 жылғы 19 сәуiрдегi N 508 қаулысының 1-тармағының екiншi абзацы және 2-тармағы;
"Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкi басқармасының құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 маусымдағы N 768 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң
ЖАРҒЫСЫ
I. Жалпы ережелер
Бұл Жарғы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң "Қазақстан Эксимбанкiнiң" (бұдан әрi "Банк" деп аталады) қызметiнiң құқықтық жағдайын, құрылымын, функцияларын және принциптерiн белгiлейдi.
1. Банк "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 16 шiлдедегi N 1815 Жарлығының негiзiнде құрылған екiншi деңгейдегi мемлекеттiк банк болып табылады және Қазақстан Республикасының бiртұтас банк жүйесiне кiредi. Қазақстан Республикасының Үкiметi оның жарғы қорының иесi болып табылады. Банктiң құрылуы туралы хабарлама баспасөзде жарияланады. <*>
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1996.02.22.
N 232 қаулысымен. P960232_
2. Банк Үкiметтiң құрылымдық саясатын жүргiзуге, iшкi және сыртқы, соның iшiнде Үкiметтiң кепiлдiгiмен тартылатын қаржы ресурстарын жұмылдыру негiзiнде кредиттiк мекемелер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге инвестициялық, тауарлық кредиттер беру және басқа да қаржылық қызмет көрсету арқылы экономика мен әлеуметтiк прогрестi дамытуға жәрдем беру мақсатымен құрылды.
3. Банк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын, басқа да қолданылып жүрген заңдарды, халықаралық нормаларды, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерiн, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және осы Жарғыны басшылыққа алады.
4. Банк заңды тұлға болып табылады, толық шаруашылық есеп айырысу принциптерi негiзiнде iс-қимыл жасайды, оның дербес балансы болады, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банкiлiк операцияларды жүзеге асырады.
5. Банк өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi бүкiл мүлiкпен жауап бередi.
Мемлекет оның Жарғы қорына салынған қаржы шегiнде Банктiң
мiндеттемелерi бойынша жауап бередi. Үкiмет жеке шешiммен өзiне қабылдап, Банкке оның мiндеттемелерi бойынша қосымша жауапкершiлiктi жүктей алады. <*> Ескерту. 5-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1996.02.22. N 232 қаулысымен. 6. Банктiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гербi бейнеленген дөңгелек мөрi, мөртаңбалары, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде өз атауы жазылған бланкiлерi, эмблемасы болады. Банктiң атауы: қазақ тiлiнде - толық атауы: "Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкi"; қысқартылған атауы: "Қазақстан Эксимбанкi"; орыс тiлiнде - толық атауы: "Экспортно-импортный банк Республики Казахстан"; қысқартылған атауы: "Эксимбанк Казахстан"; ағылшын тiлiнде: "The Export-import of the Republic of Каzакstаn"; қысқартылған атауы: "Eximbank Каzакstаn". 7. Банктiң орталық аппаратының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 480021, Алматы қаласы, Пушкин көшесi, 118-үй. II. Негiзгi функциялар және оларды жүзеге асырудың шарттары 8. Банк төмендегiдей функциялар атқарады:
елдiң экономикасын қайта құру мен дамытудың қаржыландыру үшiн инвестициялық және тауарлық кредиттер бередi;
Қазақстан кәсiпорындарының экспорттық операцияларына кредит бередi;
құрылымдық өзгерiстер жүргiзу және импорт алмастырушы өндiрiстердi дамыту үшiн қажеттi технологияларды, жабдықтар мен өнiмдердi импорттау мақсатымен Қазақстанның кәсiпорындарын қаржыландыру мен кредиттеу iсiн жүзеге асырады;
кредит берушi басқа мекемелерден алынатын кредиттер бойынша кепiлдiк мiндеттемелер бередi;
акционерлiк капиталдарға инвестицияларды жүзеге асырады;
өтем мерзiмi 1 жылдан кем емес бағалы қағаздарға жазылады;
бұрын басқа банктер берген кредиттердi өтеу үшiн заемдар бередi, осындай кредиттер алу үшiн шығарылған бағалы қағаздарға жазылады;
басқа банктер мен қаржы мекемелерiнiң борыштық мiндеттемелерiн, кепiлдiктерi мен талаптарын сатып алады және сатады;
Қазақстандағы банктер беретiн экспорттық кредиттердiң, тәуекелiн сақтандыруды жүзеге асырады;
жобаларға, соның iшiнде шетелдiк компаниялар тартылатын сараптау ұйымдастырады және жүргiзедi, оларды өз қаражаты мен тартылатын кредит ресурстары есебiнен қаржыландыру үшiн iрiктеп алады;
өзiнiң ерекшелiктерiне үйлесiмдi және қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9. Банк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымдық саясатын ескерiп, жобаларды iрiктеу және оларды қаржыландыру туралы шешiмдердi дербес қабылдайды. <*>
Кредит беру, бағалы қағаздарға жазылу, талаптар сатып алу, кепiлдiк мiндеттемелер беру және экспорттық кредиттердi сақтандыру iсiн Банк Қазақстан Ұлттық Банкiнiң пруденциялық нормативтерiн ескере отырып, дербес жүзеге асырады.
Үкiметтiң кепiлдiгiмен тартылатын шетелдiк кредиттер бойынша Банк заем алушы ретiнде iс-қимыл жасап, бұл орайда кредит желiсiне агенттiк қызмет көрсетудi жүзеге асыра алады. Мұндай жағдайда Банк пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң арасында агенттiк келiсiм жасалып, онда кредиттi өтей үшiн тараптар жауаптылығының шектерi белгiленедi.
Жобаларға республикалық бюджеттен нысаналы мақсатта қайтарым негiзiнде кредиттер берiлген жағдайда Банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен тараптардың кредиттi өтеу үшiн жауаптылығын көздейтiн Агенттiк келiсiм жасасып, Үкiметтiң агентi қызметiн атқарады.
Үкiметтiң кепiлдiгi қамтамасыз етiлген, әлеуметтiк мәнi бар, валюта қайтарылмайтын жобаларға кредит берiлген жағдайда Банк пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң арасында Агенттiк келiсiм жасалып, онда шетелдiк кредиторға берешектi уақтылы өтеу жөнiнде Үкiметтiң толық жауаптылығы белгiленедi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.02.23.
N 232 қаулысымен.
III. Банк операциялары
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы болған жағдайда банк өз функцияларын атқару үшiн: <*>
ломбард операциялары: тез сатылатын құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлiктердiң депозиттелетiн қардарлығына қысқа мерзiмдi кредиттер беру; <*>
банктердiң, соның iшiнде шетелдiк банктердiң, есеп айырысатын және аударымдар жасайтын корреспонденттiң шоттарын, банктердiң тапсыруы бойынша есеп айырысу iсiн жүзеге асыруды қоса алғанда, ашу мен жүргiзу;
несие операциялары: заңды және жеке тұлғаларға кредиттер беру;
құймалардағы, гранулалардағы, ұнтақтардағы, тұздамалардағы қымбат металдарды /алтын, күмiс,платина тобының металдары/, қымбат металдардың монеталарын, сондай-ақ құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, қардарлыққа, есепке, сақтауға қабылдау және сату; <*>
инвестициялық операциялар: Қазақстан Республикасынан тыс жерлердi қоса алғанда, бағалы қағаздарды сатып алу, сақтау және сату. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының олармен операциялар жүргiзу құқығына лицензиясы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi болған жағдайда Банк Бағалы қағаздармен делдалдық операциялар жүргiзуге құқылы; <*>
өзiнiң төл бағалы қағаздарын: облигацияларды, вексельдердi, депозиттiк сертификаттарды, чектер мен борыштық мiндеттемелердi қолданылып жүрген заңдардағы талаптарды сақтау арқылы эмиссиялау;
сенiмдiк (трастық) операциялар: клиенттердiң мүдделерi үшiн және олардың тапсыруы бойынша сенiм бiлдiрiлген адам құқығымен мүлiктi басқару және басқа да қызмет көрсету;
лизингтiк операциялар: мүлiктi жалға беру, сөйтiп жалға берiлетiн мүлiкке лизинг шарты қолданылатын бүкiл мерзiм бойына жалға берушiнiң меншiк құқығын сақтау;
Банк қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты консультациялық қызмет көрсету;
кепiлдiк операциялар: үшiншi тараптар үшiн ақшалай түрде атқару көзделетiн кепiлдемелер, кепiлдiктер және басқа мiндеттемелер беру;
шетелдiк валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру, соның iшiнде iшкi және шетелдiк банкаралық рыноктарда өз атынан, сондай-ақ клиенттердiң тапсырмасымен және есебiнен қолма-қол және аударма шетел валютасын сатып алу-сату; <*>
қолданылып жүрген заңдарда тыйым салынбайтын өзге де банктiк және қаржылық операциялар жүргiзу сияқты операция түрлерiн жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақтың 1,2,5,6,12-абзацтарға өзгерiстер
енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.02.22. N 232 қаулысымен.
11. Банктiң клиенттермен және басқа контрагенттермен қарым-қатынастары шарттық негiзде құрылады.
12. Банк:
кредит берiлетiн кәсiпорындар мен ұйымдардан есептер мен баланстар және олардың төлем қабiлетiн, сондай-ақ берiлген кредиттердiң қамтамасыз етiлуiн растайтын құжаттар алуға;
Банктiң қатысуымен жүзеге асыру көзделетiн объектiлердiң құрылысы, оларды кеңейту, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жөнiндегi жобалық шешiмдерге сараптау жүргiзiлуiн талап етуге;
кредит шартында көзделген мiндеттемелер бұзылған жағдайда, есеп берудiң дұрыс жасалмағаны немесе бухгалтерлiк есеп-қисаптың бетiмен жiберiлгенi ашылған жағдайда бұдан былай кредит берудi тоқтатуға, бұрын берiлген кредит сомасын мерзiмiнен бұрын өндiрiп алуға;
заңда белгiленген жағдайларда кәсiпорындар мен ұйымдарды төлем қабiлетi жоқ деп жариялауға, сондай-ақ оларды қайта құру туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
IV. Банк қаражаты
13. Банк қаражаты меншiктiк және заем қаражаты болуы мүмкiн. Банктiң меншiктiк қаражатына жарғылық және басқа қорлар, кредит ресурстары, ғимарат және мемлекет иелену, пайдалану және билiк жүргiзу құқығымен Банктiң меншiгiне берген өзге де мүлiк жатады.
14. Банктiң Жарғылық қоры 5 (бес) миллиард теңге сомасында белгiленген және оны толығымен Үкiмет түзедi. <*>
Халықаралық қаржы институттары, қазақстандық және шетелдiк банктер атынан акционерлер тарту арқылы Банк акционерлiк қоғам болып қайта құрыла алады. <*>
Жарғылық қордың мөлшерiн өзгерту қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақтың 2-шi абзацынан сөздер алынып тасталды -
1996.02.22. N 232 қаулысымен.
Ескерту. 14-тармақтың 1-шi абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР
Үкiметiнiң 1996.04.16. N 458 қаулысымен. P960458_
15. Банк Үкiметтен немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша шетелдiк банктерден және басқа қаржылық ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыру үшiн шет ел валютасымен заем ала алады, ол Үкiмет кепiлдiгiмен берiледi.
Банктер мен басқа қаржылық ұйымдардың Үкiмет кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлмеген кредиттерiн Банк дербес тартады.
Iшкi және сыртқы қаржы ресурстарын жұмылдыру үшiн Банк облигациялар шығаруға құқылы. Сыртқы заем облигацияларына Үкiмет кепiлдiк беруi мүмкiн. <*>
Ескерту. 15-тармақтың 3-шi абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
1996.02.22. N 232 қаулысымен.
16. Банктiң әрбiр жылға арналған бюджетiн Басқарма Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша бекiтедi.
Үкiмет заемының, шетелдiк банктерден және басқа қаржылық ұйымдардан шет ел валютасымен алынатын заемның, Үкiмет кепiлдiк берген сыртқы заем облигацияларын шығарудың, олар бойынша республикалық бюджеттегi резервтердiң мөлшерiн келiсу үшiн Банк Қаржы министрлiгiне ұсыныстар енгiзедi.
V. Таза табысты бөлу
17. Банктiң таза табысы өзiндiк құнға жатқызылған шығындарды, сондай-ақ заңда белгiленген төлемдердi шығарып тастау арқылы оның қызметiнiң барлық түрлерiнен түсетiн кiрiстерден құралады.
Банктiң таза табысы жылдық есеп бекiтiлгеннен кейiн Басқарманың шешiмiмен бөлiнедi. 18. Банктiң таза табыстан резервтiк қор, өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қорларын және Үкiмет бекiткен нормативтер бойынша басқа қорлар құруға құқығы бар. Банктiң Басқармасы қорлардың мiндетiн, оларды пайдаланудың принциптерi мен мақсаттарын айқындайды. <*> Ескерту. 18-тармаққа толықтыру енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996. 02.22. N 232 қаулысымен. VI. Басқару органдары 19. Банктiң басқару құрылымы тiке бағыныстылық жүйесiмен түзiледi. Банктiң басқару органдары - Басқарма мен Директорат. 20. Банктi басқарудың жоғары органы - Төраға басшылық ететiн Басқарма. 21. Басқарма тоғыз адамнан тұрады. Басқарманың құрамына Төраға, оның бес орынбасары және Үкiметтiң үш өкiлi кiредi. Басқарманың дербес құрамын Үкiмет бекiтедi.
Басқарма мүшелерi Басқарма Төрағасының ұсынуы бойынша және олардың кандидатураларын ұсынған тиiстi органдармен келiсiм бойынша үкiмет шешiмiмен өз мiндеттерiн орындаудан босатылады.
22. Банк Басқармасы:
Қазақстан Үкiметiнiң құрылымдық саясатына сәйкес инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен кредиттеу саласында Банк қызметiнiң стратегиясын талдап жасайды;
Банктiң қызметiне қатысты нормативтiк актiлердi бекiтедi;
Банктiң жыл сайынғы есебi мен бюджетiн қарап, бекiтедi;
бас бухгалтердi, департаменттердiң директорларын, филиалдардың, өкiлдiктердiң және еншiлес банктердiң басшылығын бекiтедi және оларды қызметтен босатады, сондай-ақ Банктiң, оның филиалдары мен еншiлес банктердiң құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;
ауқымды кредиттер беру, сондай-ақ Банктiң атынан кепiлдiк беру жөнiнде шешiмдер қабылдайды.
23. Егер мәжiлiске Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, Басқарма өзiнiң қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы. Басқарманың әрбiр мүшесiнiң бiр дауысы болады. Шешiмдер жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Басқарма Төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Басқарма Төрағасы қайталап талқылау және дауыс беру үшiн Басқарманың шешiмiн бiр апталық мерзiмнен кешiктiрмей өз қарсылықтарымен бiрге қайтаруға құқылы. Егер Басқарма өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қабылдаған шешiмдi айғақтаса, Басқарма Төрағасы шешiмге қол қояды.
24. Басқарманың мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ әрi кеткенде тоқсан сайын рет өткiзiледi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша Басқарма Төрағасы Басқарма мүшелерiн кезектен тыс мәжiлiске шақыруға құқылы. Басқарма мәжiлiстерi жетi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiлген хабар бойынша өткiзiледi.
25. Басқарманың Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады және қызметтен босатылады.
Басқарманың Төрағасы өз өкiлеттiгi ауқымында Банк қызметi үшiн толық жауап бередi.
Басқарма Төрағасы Директораттың мәжiлiстерiн жүргiзедi.
Басқарма Төрағасының Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша жедел және атқарушы-өкiмдi шешiмдер қабылдау, Банктiң атынан шарттар жасасу, барлық заңдық үрдiстерде Банктiң атынан өкiлдiк ету өкiлеттiгi берiлген. Басқарма Төрағасы аталған өкiлеттiктi атқаруды Банк қызметкерлерi iшiнен сенген адамдарына дербес жүктеуге құқылы.
Басқарма Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен тағайындалады және қызметтен босатылады.
26. Банктiң жедел басқару органы - Директорат болып табылады.
Директорат осы Жарғыға сәйкес Банк қарауына жататын барлық мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұларға Басқарма мен Басқарма Төрағасының құзырына кiретiн мәселелер қосылмайды.
Директорат мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ әрi кеткенде айына бiр рет өткiзiледi.
Директораттың дербес құрамын басқарма Төрағасының ұсынуы бойынша Басқарма бекiтедi. Басқарма Төрағасының орынбасарлары лауазымы бойынша Директораттың құрамына кiредi.
27. Қойылған мiндеттердi атқару мақсатында Банк белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы аумағында да, одан тысқары жерлерде де өз филиалдарын, өкiлдiктерiн және еншiлес банктердi құрады. Банктiң филиалдары, өкiлдiктерiн және еншiлес банктердi құрады. Банктiң филиалдары, өкiлдiктерi заңды тұлғалар болып табылмайды және олардың дербес балансы болмайды. Шаруашылық қызметтiң олар жасайтын жекелеген баланстары Банктiң күн сайынғы жиынтық балансына қосылады.
Филиалдар, өкiлдiктер және еншiлес банктер өз қызметiн оларға Банк берген құқықтар ауқымында және осы мекемелер туралы Басқарма бекiткен ережеге сәйкес жүзеге асырады. Банктiң шет елдерде ашылған филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және еншiлес банктердiң қызметi олар орналасқан елдердiң заңдарымен реттеледi. <*> Ескерту. 27-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1996. 02.22. N 232 қаулысымен. VII. Есепке алу және есеп беру 28. Банктiң операциялық (қаржылық) жылы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
29. Жылдық баланс, кiрiс-шығыс туралы есеп оларды Басқарма бекiткеннен кейiн Ұлттық банкке және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырылады.
30. Банк балансының дұрыстығы мен оның барлық
операцияларының заңдылығын растау мақсатында жыл сайын Банкке тәуелсiз аудит өткiзiлiп отырады. Аудит өткiзу үшiн республикалық және шетелдiк аудиторлық фирмаларды таңдау Басқарманың шешiмiмен жүзеге асырылады. Тәуелсiз аудит айғақтағаннан кейiн Банктiң жылдық балансы баспасөзде жарияланады. 31. Банктiң қызметiн қадағалау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. VIII. Тарату және қайта құру 32. Банктi тарату және қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Басқармасының құрамы Iзтiлеуов Б.I. - Басқарма төрағасы <*> Жақсылықов Т.Е. - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi басқармасы төрағасының орынбасары <*> Ержанов О.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi <*> Шөкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика министрi <*> <*> Тортаев А.К. - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi басқармасы төрағасының орынбасары <*> Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiнiң директоры <*> <*> Әбiтаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi <*> Ескерту. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.02.12. N 191 қаулысымен. P960191_ ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. N 1335 қаулысымен. P961335_ ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.03.27. N 429 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.01. N 620 қаулысымен. P980620_