"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 P951208_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң Жарғысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 16 шiлдедегi N 1815 U941815_ Жарлығының негiзiнде құрылған екiншi деңгейдегi мемлекеттiк банк болып табылады және Қазақстан Республикасының бiртұтас банк жүйесiне кiредi. Қазақстан Республикасының Үкiметi оның жарғы қорының иесi болып табылады. Банктiң құрылуы туралы хабарлама Баспасөзде жарияланады";
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекет оның Жарғы қорына салынған қаржы шегiнде Банктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бередi. Үкiмет жеке шешiммен өзiне қабылдап, Банкке оның мiндеттемелер бойынша қосымша жауапкершiлiктi жүктей алады".
9-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымдық саясатын ескерiп, жобаларды iрiктеп және оларды қаржыландыру туралы шешiмдердi дербес қабылдайды";
10-тармақта:
"операциялары" сөзiнен кейiнгi бiрiншi абзац "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы болған жағдайда" сөздерiмен толықтырылсын.
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ломбард операциялары: тез сатылатын құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлiктердiң депозиттелетiн қардарлығына қысқа мерзiмдi кредиттер беру;
- бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"құймалардағы гранулалардағы, ұнтақтардағы, тұздамалардағы қымбат металдарды /алтын, күмiс, платина тобының металдары/, қымбат металдардың монеталарын, сондай-ақ құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, қордарлыққа, есепке, сақтауға қабылдау және сату";
алтыншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының олармен операциялар жүргiзу құқығына лицензиясы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi болған жағдайда Банк Бағалы қағаздармен делдалдық операциялар жүргiзуге құқылы";
он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "шетелдiк валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру, соның iшiнде iшкi және шетелдiк банкаралық рыноктарда өз атынан, сондай-ақ клиенттердiң тапсырмасымен және есебiнен және қолма-қол және аударма шетел валютасын сату-сатып алу"; 14-тармақтың екiншi абзацында "Үкiметтiң жарғы қорындағы үлесi 50 проценттен кем болмайды" сөздерi алынып тасталсын; 15-тармақтың үшiншi абзацында "Үкiмет кепiлдiк бередi" сөздерi "Үкiмет кепiлдiк беруi мүмкiн" сөздерiмен ауыстырылсын; 18-тармақ "Банктiң Басқармасы қорлардың мiндетiн, оларды пайдаланудың принциптерi мен мақсаттарын айқындайды" сөздерiмен толықтырылсын. 27-тармақта "бөлiмше", "бөлiмшелер" сөздерi алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi