Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 наурыздағы N 429


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң
мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 
1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     7-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Басқарма төрағасының үш орынбасарын ұстауға";
     аталған қаулыға қосымшада:
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
Басқармасының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
     Жандосов О.Ә.       - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
                           төрағасы;
     Қалмырзаев С.С.     - Қазақстан Республикасының Қаржы
                           министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк пен
                           активтердi басқару департаментiнiң
                           директоры
     аталған банк Басқармасының құрамынан:
     В.В.Соболев, М.М.Гейдаров, С.А.Аханов, А.Б.Насенов,
С.Н.Сансызбаев және С.Ш.Сейсенбаев шығарылсын.
     2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн
акционерлендiру жөнiндегi ұйымдастыру шараларын жүргiзу кезеңiнде
Қазақстан Эксимбанкi Басқармасына Қазақстан Республикасының Үкiметi 
атынан әлеуеттi инвесторлармен келiссөздер жүргiзу уәкiлеттiгi 
берiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады