Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң қызметiн жақсарту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 2 наурыз N 272

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң Банктiң 1995 жылғы қызметi туралы есебiн қарай келiп Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң 1995 жылғы негiзгi қызметi туралы есебi (қаржы есебiнсiз) бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Халықаралық "Прайс Уотерхаус Казахстан" тәуелсiз аудиторлық фирмасының Банктiң 1995 жылғы қаржы қызметiнiң нәтижелерi жөнiндегi аудиторлық қорытындысын 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсыратын болсын.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң 1995 жылғы мына жұмыстардағы:
      шетел кредиттерi бойынша төлемдердiң кешiктiрiлуiне жол берген түпкi заемшылармен;
      шетел кредиторларымен өз кепiлдемелерiмен және өзге де банк мiндеттемелерiмен шетел кредиттерiн тартуға қатысты;
      жобаларды тиiмдi жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорындарға қаржылық және консультациялық қызмет көрсету саласындағы кемшiлiктер атап көрсетiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн дамыту стратегиясы негiзiнен мақұлдансын.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Банкi институциональдық дамыту жоспарының жобасын әзiрлесiн және 1996 жылғы 1 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
      4. Мыналар белгiленсiн:
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi экономиканың бағым секторын, жаңа өндiрiстердi орналастыру аудандарын айқындайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымдық-инвестициялық саясатын жүзеге асыруға мүмкiндiк туғызатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн ұсынады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi банк сараптамасын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi ұсынған инвестициялық жобалар тiзбесiнен нақты жобаларды таңдап алады және оларды қаржыландыру жөнiнде шешiм қабылдайды.
      Қазақстан Республикасының кепiлдiлiгiндегi шетел кредит желiлерi жөнiндегi жобаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Инфроқұрылымдардың жобалары мен мақсатты бағыттағы республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын әлеуметтiк саланың жобаларының тiзбесi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң сараптау қорытындысының нәтижелерiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң келiсiмi бойынша айқындалады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi жоғарыда аталған жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнiндегi агент болып табылады және баланстан тыс активтегi осындай кредиттердi бейнелейдi.
      5. Алматы қаласының Пушкин көшесiнде орналасқан 118 үйдiң құны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң Жарғылық қорына толық кiредi деп белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне мыналар жөнiнде ұсыныс енгiзсiн:
      халықаралық қаржы ұйымдары мен бiрiншi сыныпты шетел банктерiн тарта отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн акционерлендiру;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң жарғылық қорын ұлғайту;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен тиiстi келiсiмнiң жасалуын көздей отырып, 1997 жылдан бастап несие қаржысының дүниежүзiлiк нарығында орын алуы үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кепiлдiгiмен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi облигациясының эмиссиясы.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп он күн мерзiмде "Актурбо" АҚ (Герман кредит желiсi) берешегiн өтеу мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      8. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу мен материалдық сыйақы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң басқармасы бекiткен сметада (бюджетте) көзделген қаражат шегiнде Банк басқармасының шешiмi негiзiнде банк кiрiсiне байланысты жүргiзiледi деп белгiленсiн.
      9. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне 1996 жылдың бiрiншi жарты жылдығында жалдау жүйесiн және қызметкерлердi контракт негiзiнде босатуды енгiзу ұсынылсын.
      10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Банктiң жарты жылдық және жылдық баланстарын ұдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне шетелдiк және iшкi кредиттердi қамтамасыз етудiң жай-күйi туралы ай сайын ақпарат берiп отырсын.
      11. Мыналардың:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 қаулысының 1-тармағы "б", "в" тармақшаларының, 2-тармағының, 7-тармағының үшiншi абзацының;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 қаңтардағы N 121 қаулысының 1996 жылғы 30 қаңтардан бастап күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады