"Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 маусымдағы N 2329
Заң күшi бар Жарлығын
жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N
2700
Заң күшi бар Жарлығына сәйкес 1996 жылдың 1 қаңтарынан азаматтарды мiндеттi медициналық сақтандыруды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн:
заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы қоры бөлiгiнде шетелдiк қатысу бар заңды тұлғалар мен шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiн қоса алғанда) мiндеттi медициналық сақтандыру төлемi мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға жұмсалатын қаржы сомасының 10 процентi мөлшерiнде белгiленгенi ескерiлсiн;
мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын орындауды қаржыландырудың жан басына шаққанда орташа нормативтерiн белгілеу тәртiбiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдары үшiн жұмыс iстемейтiн халыққа мiндеттi медициналық сақтандыру төлемдерi белгiленсiн.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1998.07.29. N 713
қаулысымен
.
3. Қордың дирекциясына 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiн дайындық кезеңiнде түскен қаржының 20 процентiне дейiн есептеу жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын және деректер беру жүйесiн сатып алуға жұмсауға рұқсат берiлсiн.
4. 1996 жылдың 1 қаңтарынан Жезқазған облысының денсаулық сақтау саласын реформалау және мiндеттi медициналық сақтандыру элементтерiн жедел пысықтау жөнiндегi эксперимент жалғастырылсын.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне, Қорға Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн басқа да мүдделi министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және орталық атқарушы органдармен келiсiп Жезқазған облысының аумағында күшi бар жоғарыда аталған мәселелер бойынша нормативтiк құжаттарды бекiтуге рұқсат берiлсiн.
5. Қорға Қаржы министрлiгiмен, Денсаулық министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiп, Қормен шартты дербес жасайтын азаматтардың санаттары үшiн сақтандыру полисiнiң құнын белгiлеуге рұқсат берiлсiн.
6. "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 қыркүйектегi N 1295
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 31, 393-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры туралы Ережеге:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының мiндеттерi" 2-бөлiмi мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
"Қордың материалдық-техникалық базасын нығайту және әлеуметтiк бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi шараларды қаржыландыру";
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының қаржысы" 4-бөлiмi мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"бiр тұрғынға есептелген қаржыландыру шығындарының үлестiк салмағына сәйкес жұмыс iстемейтiн халық үшiн бюджеттiң қаржысы";
аталған қаулымен бекiтiлген Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасындағы 6-тармақ алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi