Республикалық балаларды оңалту орталығы құрылысының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 11 қазан N 1316

      Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысын кешендi жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды салу, аумақты ыңғайластыру, инженерлiк-техникалық коммуникацияларды жүргiзу, Орталықтың құрылысына сараптама жүргiзу, авторлық және техникалық қадағалау үшiн:
      денсаулық сақтау мекемелерiн ұстауға арнап 1995 жылы бөлiнетiн жалпы қаражат есебiнен 20,0 (жиырма) млн. теңге қарастырсын;
      бюджеттiң жобасын жасау барысында 1996 жылға 280,0 (екi жүз сексен) млн. теңге, 1997 жылға - 40,0 (қырық) млн. теңге қарастырсын;
      1995 жылдан бастап, проценттердi, қызмет көрсететiн банктердiң Түркияның кредит желiсi шеңберiндегi жобаны қаржыландыру жөнiндегi бюджеттегi әрбiр тиiстi жылғы төлемдерiнiң iлеспе және операциялық шығындарын төлеуге арналған қаражатты қарастырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi

Республикалық балаларды оңалту орталығының объектiлерiн
республикалық бюджеттiң қайтарымсыз негiздегi қаражаты есебiнен
басым қаржыландырылатын тiзбесiне кiргiзсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
қажеттi мердiгерлiк ұйымдарды тарта отырып осы жұмыстардың орындалуын
қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады