Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 17 қазан N 1335. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. ~P020331

      "Әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Австрия Федералдық Үкiметiнiң арасындағы Келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2442 U952442_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының валюта нарығын ретке келтiру мен дамыту жөнiнде 1995 жылғы арналған шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 2013 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 ақпандағы N 145 P950145_ қаулысымен бекiтiлген әуежайдың, теңiз айлақтарының транзиттiк аймақтарында, темiржол, автомобиль және әуе көлiктерiнде қолдағы шетел валютасына тауарлар сатуға (жұмыс, қызмет көрсетуге) құқық берiлген кәсiпорындар мен ұйымдар тiзбесiне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 6, 68-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тармақтың бiрiншi абзацы "Азамат" сөзiнен кейiн "Орталық Азия туристiк корпорациясы" сөздерiмен толықтырылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады