Бюджет қарыздары бойынша есеп жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 18 қазан N 1343

      Республикалық ұланның "Алматыоблауырқұрылыс" акционерлiк қоғамына орындалған жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн қарызын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1995 жылдың 1 қыркүйегiндегi жағдай бойынша "Алматыоблауырқұрылыс" акционерлiк қоғамы мен республикалық бюджет арасындағы қосылған құнға салынатын салық бойынша 11848 мың (он бiр миллион сегiз жүз қырық сегiз мың) теңге сомасындағы, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 3455 мың (үш миллион төрт жүз елу бес мың) теңге сомасындағы, барлығы жалпы сомасы 15303 мың (он бес миллион үш жүз үш мың) теңге қарызына бiр жолғы есеп жүргiзсiн;
      қаржыландыру кезiнде Республикалық ұланның "Алматыоблауырқұрылыс" акционерлiк қоғамына орындалған жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн 15303 мың (он бес миллион үш жүз үш мың) теңге сомасындағы қарызын есепке алып, оны бюджеттiң кiрiс шығыс бөлiктерiнде көрсетсiн.
      2. Республикалық ұлан "Алматыоблауырқұрылыс" акционерлiк

қоғамы орындаған жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн кредиторлық
қарызды қаржыландыру кезiнде бюджеттен бөлiнетiн қаржы есебiне
есептесiн.
     3. "Алматыоблауықұрылыс" акционерлiк қоғамы Республикалық
ұланның дебиторлық қарызын осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген
республикалық бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық қарызды өтеу
есебiне есептесiн.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады