Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 сәуiрдегi N 508 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1517

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Орталықтандырылған iшкi қаражат көздерi есебiнен қаржыландырылатын 1995 жылға арналған Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 сәуiрдегi N 508 қаулысының "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қайтарымсыз негiзде қаржыландырылатын республикалық нысаналы бағдарламалар объектiлерi бойынша 1995 жылға арналған күрделi қаржы салудың

көлемi" жөнiндегi 2-қосымшасына мынадай толықтыру мен өзгерту
енгiзiлсiн:
     "Сырдария топтық су құбырын жаңғырту" қаржыландыру
объектiсi Қызылорда облысына жататын объектiлердiң қатарынан
шығарылып, Оңтүстiк Қазақстан облысы объектiлерiнiң қатарына
енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
     
          
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады