Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 және 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 28 наурыз N 434. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.20. N 353 қаулысымен. ~P980353

      "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының жеке құрамы және оның өкiлеттiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3236 N963236_ өкiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 P951520_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережеде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 449-құжат);
      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiруге қатысты объектiлер бойынша Ақмола қаласының аумағында мыналарды ұйымдастырады;
      жобалау-iздестiру жұмыстарына сараптама жүргiзу;
      құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, құрылыс материалдарының, өнiмдерi мен конструкцияларының өндiрiсiне бақылау жасау;
      жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын, өнiмдерi мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды лицензиялау";
      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiруге қатысты объектiлер бойынша Ақмола қаласының аумағында жобалау-iздестiру жұмыстарына сараптама жүргiзудi, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, құрылыс материалдарының, өнiмдерi мен конструкцияларының өндiрiсiне бақылауды және жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын, өнiмдерi мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды лицензиялауды ұйымдастырады";

     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi 
N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  

P951894_

  қаулысына 1-қосымшада 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат);
     6 реттiк номер, 3-баған "құрылыс материалдарын, өнiмдерi мен
конструкцияларын өндiру бойынша жұмыстар" деген сөздерден кейiн
"жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды көшiруге қатысты Ақмола
қаласының аумағындағы объектiлердi қоспағанда" деген сөздермен
толықтырылсын;
     30-реттiк номерi, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "30. Қазақстан Республикасының         жоғары және орталық
          Жоғары және орталық мемлекеттiк   мемлекеттiк органдарды
          органдарды Ақмола қаласына        Ақмола қаласына көшiруге
          көшiру жөнiндегi мемлекеттiк      қатысты объектiлер
          комиссиясы                        бойынша Ақмола қаласының
                                            аумағында жобалау-
                                            iздестiру, сараптама,
                                            құрылыс-монтаж жұмыстары
                                            және құрылыс материал.
                                            дары, өнiмдерi мен
                                            конструкцияларын өндiру
                                            жұмыстары".

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады