1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2173 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы қарызын өтеуге қабiлетi жоқ борышқор деп танылсын және соттан тыс қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлсiн.
Қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлетiн кезеңде кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру тоқтатыла тұрсын. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына берешектерiн өтеудiң мерзiмiн келiсу тапсырылсын.
2. <*>
3. <*>
4. <*>
Ескерту. 2,3 және 4 тармақтарының күшi жойылған - ҚР Үкiметiнiң
1996.04.11. N 425 қаулысымен.
5. 1995 жылдың 13 қарашасынан бастап өнiмдi экспорттау мен өткiзу, шикiзат, отын, материалдар берiп тұру жөнiнде жасалған шарттардың күшi тоқтатыла тұрсын және "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының сенiмдi басқарушысына контрактiлердi қайта жасау тапсырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк Медетшi банкi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы үшiн 1995 жылдың 13 қарашасынан бастап 800 (сегiз жүз) млн. теңге сомасында кредит берудiң айлық лимитiн белгiлесiн. Бұдан әрi ай сайын кредит беру оның қоймаларындағы дайын өнiм көлемiнiң кемiнде 90 процентi есебi бойынша жүргiзiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Шығыс Қазақстан облысының әкiмi бюджетке, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Өскемен қорғасын- мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы бойынша несиелерi мен кредиттерiн және "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының кредит берушi кәсiпорындардың алдындағы берешектерiн 1995 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жалпы сомасы 2 944 млн. (екi миллиард тоғыз жүз қырық төрт миллион) теңге осы объектiнiң сметалық құнының 50 процентi өтеуi есебiне жарғылық қордың мөлшерiн N 2 қосымшаға сәйкес тиiсiнше өзгерту жөнiндегi есеппен, емдеу-сауықтыру кешенiн мемлекет меншiгiне қабылдасын.
Құрылысты аяқтау акционерлердiң келiсiмiмен "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының қаражаты есебiнен қаржыландыратын болсын.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi аталған объектiлердi (сүт зауыты, қонақ үйлер, кiрпiш зауыттары, ағаш өңдеу зауыты, көкөнiс қоймасы, құрылыс базасы т.б.) "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының балансынан алып, Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң балансына берсiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, түскен қаражатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бөле отырып, аталған объектiлердi сату немесе жалға беру, олардың негiзiнде бiрлескен өндiрiс құру туралы мәселенi шешсiн.
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, бiр апта мерзiм iшiнде тұрғын үй қоры мен бала бақшаларды Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң балансына берсiн және 1996 жылға арналған бюджетте оларды ұстауға қаражат көздейтiн болсын. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы келтiрiлген зиянды 1995 жылы өтейтiнi және акционерлiк қоғам қызметкерлерiне қатысты нақты шығыстарды жабатын бағалар енгiзiлгенге дейiн коммуналдық қызмет көрсетудi дотациялайтыны ескерiлсiн.
10. "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамының және Ертiс мыс балқыту зауытының мемлекеттiк акциялар пакеттерiн басқаруға беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 қыркүйектегi N 1247 қаулысының "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы құрамына кiретiн Ертiс мыс балқыту зауытының "Далекс Трейдинг Лимитед" фирмасының басқаруына берiлуiне қатысты 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi басқару контрактiсiне тиiстi өзгертулер енгiзсiн.
11. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" және "Зырьян қорғасын комбинаты" акционерлiк қоғамдарын бiрыңғай кешенде жекешелендiру жөнiнде дайындық жұмыстарын акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң сыртқы басқаруға берiлу және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi бөлген кредиттердiң қайтарылу мүмкiндiгiн ескере отырып жүргiзсiн.
"Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының аффинаж өндiрiсi бойынша мемлекет мүдделерiнiң сақталуы ерекше ескерiлсiн.
12. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Шығыс Қазақстан аумақтық комитетi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, бiр ай мерзiм iшiнде "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының қатысуымен құрылған шағын кәсiпорындар мен кооперативтердi таратсын. Комбинаттың осы кәсiпорындардың жарғылық қорына қосқан ақша салымдары оның есеп-шотына қайтарылсын.
13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Г.Г.Штойкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 15 қарашадағы N 1534 қаулысына 1 қосымша
"Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк
қоғамы бойынша қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының құрамы Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Итеғұлов М.С. - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Медетшi банкi басқарма төрағасының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Шоқпытов А.М. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары (комиссия төрағасының орынбасары) Комиссия мүшелерi: Раханов I.С. - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары Скоз Е.Я. - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Қасенов Н.С. - "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының сенiмдi басқарушысы Садчиков Б.Я. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң түстi металлургия жөнiндегi департаментi директорының орынбасары Құлдаров Е. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының бас салық инспекторы Берлизева Л.Е. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң материалдық өндiрiс салаларын басқару бөлiмiнiң бастығы Биекенов С.К. - Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң кедендiк бақылау ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 15 қарашадағы N 1534 қаулысына 2 қосымша
Бюджет және несиелер бойынша берешегiн өтеу есебiне
мүлiктi қайта бағалау мен сатуға байланысты "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы жарғылық қорының мөлшерiн өзгерту жөнiндегi есеп _______________________________________________________________ Рет| Көрсеткiш | Жарғылық қордың көлемi (мың теңге) N | |_______________________________________ | |1995 жыл.|1995 жыл.|1995 жыл.|процентте | |ғы 1 қаң.|ғы 1 шiл.|ғы 1 қа. | | |тарда |деде |рашада | _______________________________________________________________ 1. Жарғылық қордың 7151720 11983598 7885742 мөлшерi, мың теңге 2. Акциялар саны 672982 672982 989650 100% 3. Акцияның құны 10627 17800 7968 (теңге) 4. Акцияларды бөлу: мемпакет (дана) 29,8 процент 200709 200709 517277 52,3 еңбек ұжымының акциялары (дана) 53,1 процент 356676 356676 356676 36,0 оның iшiнде артықшылық берiлгендерi 178338 18,0 Орналастырылмаған, мемлекетке басқаруға берiлетiн акциялар пакетi 115597 115597 115597 11,7 Анықтама: Сатылатын емдеу- сауықтыру кешенiнiң құны, мың теңге 3814143 4097856 0