Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 477 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 16 қараша N 1551. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.11. N 1244 қаулысымен. ~P971244

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтын қайта құру және "Бiлiм" ғылыми-педагогикалық бiрлестiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 477 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 22, 282-құжат/ мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:

     2-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
     "Алматы қаласының N 1 педучилищесiн, N 159 орта мектебiн,
N 29 және N 204 бала бақшаларын қаржыландыру Алматы қаласының
бюджетiнен жүзеге асырылсын";
     3-тармақ алынып тасталсын;
     4, 5 және 6-тармақтар тиiсiнше 3, 4 және 5-тармақтар болып
саналсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады